Махаббат элегиясы-3
Өтірік көрмегенсіп Махаббаттың өлеңді тыңдап жатқан сәтіндегі қимылының бірін де назарымнан тыс қалдырмай қырағы сақшыдай бақылап отырмын. Ботадай жәудіреген көздерінен маған деген бұрынғыдан да күшті ынтызарлықтың ұшқынын байқап қалдым. Мұқағали поэзиясының құдіретімен қыздың мысын басып, мен жеңіп, ол жеңіліп барады. Соны сезіп, рингте жеңіп бара жатқанын түсінген боксшылардай енді оны біржолата құлатқым келіп, бар өнерімді сала түстім.
Қас-кірпігің қарлығаштың қанатындай қап-қара,
Үлбіреген жүзің сенің ақ жібек пе, мақта ма?!
Әсем басың әп-әдемі, мүсініңе шақ қана,
Шиедейін еріндерің қызарып тұр шоқтана.
Кеше күні бойы айнаның алдында тұрып дайындалғанымның пайдасы тиді, білем. Өлең оқу шеберлігіммен Махабаттың талдай бойын ұйытып жібергенімді анық сездім. Әне көрдіңіз бе, өлеңнің келесі шумағы оқылғанда ол бұрынғыдан да күшті сүйіспеншілікпен маған жабысып, сүйріктей саусақтарымен менің қолымды қатты-қатты қыса түсті.
Толықсыған тұла бойың шыбық па екен, тал ма екен,
Бейнең сенің баяу атқан жазғы шұғыла таң ба екен,
Күлкің сенің шашылған нұр, сезің кәусар, бал ма екен,
Бұл ғаламда сенен артқан, сірә, біреу бар ма екен!?
Бұл ғаламда сенен артқан жан бар деуге сенбеймін,
Сен солайсың, Ләйлім менің, сенбе маған, сен мейлің.
Бұл ғаламда сенен артқан бір жан болса егерде,
Өз көзімді өзім оям, оны мәңгі көрмеймін.
Өлеңнің бұл жолдары тіпті, екеуміздің ортамыздағы нәзік жіпті үзіп тастап, махаббат сарайының қақпасын ашып жібергендей болды. Махаббаттың басы еріксізден менің иығыма құлады. Ол –жеңілді, мен –жеңдім. Ойланып-толғанатын не бар, енді? Осы сәтті пайдаланып, «айтқаныңды неге орындамайсың?» дегендей сұранып тұрған оның шиедей ернінен сүйдім. Махаббат қарсыласқан жоқ. Абайсызда қолым дорбаға тиіп кетіп, жерге құлап қалған бір-екі алма сәкінің алдындағы жолға түсіп алып, секіріп билеп, төмен қарай домалай жөнелді…
х х х
Аспандағы ай мен күнге қолым еркін жетіп, жүрегім шексіз бақытқа кенелген, бірінен-бірі асып түсетін қызығы таусылмайтын күндер зымырап өте берді. Мен өмірімнің биік аспанында жарқыраған бақыт сәулесінің енді мәңгі сөнбейтініне сенімді едім. Бірақ тажал ажал мені Махаббаттан бір-ақ күнде мәңгілікке айырды.
Ал, енді құрметті оқырман, Махаббаттың қалай қаза тапқаны туралы әңгімені әзірше айтпай-ақ қоюға рұқсат ет. Оны айтып берудің маған қаншалықты ауыр екенін өзің де жақсы түсініп отырған шығарсың. Мен бұл әңгімемде ауыр операция жасауға кіріскен дәрігердікіндей ұқыпты қолмен жиырма бес жыл бойы жанымды сыздатып ауыртса да тиіспей келген жарамның Мұқағали ақынға байланысты жерін ғана ұстап көруге тәуекел еттім. Құдай қуат берсе бұл махаббат хикаясы туралы келешекте роман жазбақ та ойым бар. Мүмкін бұл шығармамның атын «Махаббат, мені жұбатшы» деп те қоятын шығармын. Дегенмен Махаббат қаза тапқан күнгі көңіл-күйімдегі аласапыранды айтпай кетуге дәтім шыдамай тұр.
х х х
Махаббаттың қаза тапқанын естігенімде, ойламаған жерден біреу кеудеме біз сұғып алғандай селк ете түстім. Аяқ астынан мына дүниенің не болып кеткенін де, қандай әрекет жасау керек екенін де түсіне алмай миым істемей қалды. Ақыл-ойынан адасқан ғаріптей біресе отырып, біресе тұрып, жылай беремін. Жалғыз досым жүрегім ғана серігінен мәңгілікке айырылғанын бірден түсініп, бұзып шыққысы келгендей болып тоқтамай дүрсілдеп, көтеріліс жасап, бар күшімен кеудемді қайта-қайта соға жөнелді.
Көшеге шығып такси ұстадым.
– Сейфуллин мен Пастер көшесіне шейін апарып тастаңызшы, ағатай!
– Үш сом.
– Жақсы.
Такси жүргізуші аузы жабылмай сөйлей беретін кісі екен. Көзімнің бұлаудай болып ісіп кеткенін көріп, не болғанын, неге жылағанымды қоймай сұрап жатыр. Ал, менің дәл осындай халде онымен сөйлесуге мүлде көңілім соғып тұрған жоқ. Бес минутта заулатып алып келді. Қалтамнан он сом алып бердім де, артынан жау қуып келе жатқан адамдай таксиден атып шығып, Махаббаттың үйіне қарай жүгіре жөнелдім. «Артық ақшаңызды алыңыз» деп соңымнан айғайлаған дауысқа бұрылып та қарамадым. Енді оның маған қажеті қанша?
Махаббаттың үйінің жанына едәуір адам жиналып қалыпты. Біреулер аулада киіз үй тігіп жатыр. Үшінші қабатқа көтеріліп пәтеріне кірдім. Қаптаған кісі. Ешқайсысын танымаймын. Қайғыдан жаншылған жүрегімді онан сайын езіп жіберген Махаббатты жоқтап жылап-сықтаған ащы дауыстар естіледі. Мені көріп, есіркеген бір адам жоқ. Көңіл айтуға кіріп шыққан сыныптастарының бірі деп ойлап жатқан шығар.
Олар Махаббаттан мәңгілікке айырылудың мен үшін қандай ауыр қайғы екенін қайдан білсін? Олар Махаббаттың менің өмірімді нұрландырып тұрған ғажайып күн болғанын қайдан білсін? Олар сол жарық күннен айырылған менің жанымның енді қара түнекке айналғанын қайдан білсін? Олар қатал тағдырдың жүрегіме өсіп шыққан әдемі гүлімді жұлып әкеткенін қайдан білсін? Олар…
Бір уақытта төргі бөлмеден Махаббаттың анасының құлынын жоқтап, ботадай боздаған ащы дауысы естілді. Қазақша жоқтау айтып жатыр. Анасының зарлы жоқтауы сай-сүйегімді сырқыратты.
Мінгенде аты кер ме екен,
Маңдайдан аққан тер ме екен?
Ащы бір дауысым шығарсам,
Анамның дауысы дер ме екен?!
Құдайым-ау, қазақ сөз сүйектен өтеді деуші еді! Мына ащы сөздер сүйегімнен өтпек түгіл, оны үгітіп жібергендей болып буын-буыным босап, сылқ етіп диванға отыра кеттім де, көзімнің жасын тоқтата алмай егіліп жыладым.
Төргі бөлмеден тұңғыш рет Махаббаттың анасын көрдім. О, Тәңірім! Табиғат-Ананың мұндай да шеберлігі болады екен-ау! Сойып қаптап қойғандай Махаббат анасынан аумай қалған екен. Құдды Махаббат өлмегендей, Мұңлық пен Зарлық бір-бірімізбен көрісіп жоқтасып, мен – босағада, ол болса – бөлменің төрінде жылап отырғандаймыз. Қабырғада қаралы лентасы бар Махаббаттың бәрімізге бұртиып қараған суреті ілініп тұр. Маған өкпелегенде дәл осылай бұртиып қараушы еді.
Әрі қарай мына көрініске қарауға дәтім шыдамай далаға шығып кеттім. Көңілімдегі бұлттар онан сайын нөсерлетіп, көзімнің жасы тыйылмай қойды. Бұл не деген таусылмайтын көздің жасы еді, аспан тесіліп кеткендей болып, кейде қатарынан бірнеше күн бойы жауатын Алматының сәркіл жаңбырындай қанша жыласам да тоқтар емес. Жаныма дауа іздеп, дүкеннен темекі сатып алып, қойып кеткен шылымымның улы түтінін қайта-қайта тоймай сордым.
Ертеңіне жұрт Махаббатты соңғы сапарға шығарып салды. Мен бұл қайғылы көріністің бәрін аулада өскен ағаштың жанында тұрып бақылап, Махаббаттан мәңгілікке айырылғаныма әлі сене алмай, мәңгіреп барамын.
Әне, оның сүйегі салынған қаралы табытты ұлардай ұлап-шулаған жұрт жылап-сықтап көлікке салып жатыр. Зарлап жоқтаған әйелдердің бәрі қалып қойып, зират басына баратын еркектер асығып, үйдің жанындағы автобустарға қарай кетіп барады.
Неге мына жұрт соншама Махабатты қара жердің қойнына тапсыруға асығады? Қалайша сендер көздерің қиып әлемдегі ең сұлу періштені өз қолдарыңмен тамұқтың түнегіне тастай саласыңдар? Неткен безбүйрек, қатал едіңдер адамдар!
Мен зират басына бармай, қалып қойдым. Қалай барам? Жүрегімді нұрландырған сәуленің қабірге қойылып, қара топырақпен көмілгенін қалай көрем? Қалай шыдайды оған жүрегім?
Бара алмағаным үшін кешір мені Махаббат? Мен ол жаққа сенімен мәңгілікке қоштасқым келмегендіктен бармадым. Өйткені сене алмаймын сенің өлгеніңе. Мені бар жан-тәнімен жүрегі елжіреп сүйген жанның дәл осылай аяқ астынан бір күнде ғайып болуы қалайша мүмкін болмақ? Сені жұрт зиратқа емес, басқа жаққа алып кетті. Басқа…
Тағдыр өткір қанжарымен жүрегімді осып өтті. Енді одан аққан қанды қалай тоқтатарымды білмей, зиратқа емес, жарамды емдеу үшін Махаббат екеуміз талай қыдырған саябаққа бардым. Ақыл-есін жоғалтқан жынды адамдай кешке дейін саябақта жүрдім де қойдым. Не үшін екенін өзім де білмейтін мағынасыз жүріс.
Жаз ортасы. Тамылжыған табиғат, бұрынғысынан да ерекше құлпырып, сәндене түсіпті. Далада баяу ескен бойыңды сергітетін бір әдемі қоңыр-салқын жел бар. Күн таудан асып, қызыл торғындай толқынданып батып барады. Саябақтағы көзіңді қуантып жайнаған гүлдер, бір-бірімен сырласып, теңселіп, жапырақтары жетіліп, жазғы жасыл киімімен құлпырған ағаштар, сайраған құстардың әні адамның есін алып, қоңыраулатып қызық думанға шақырып тұрғандай. Бірақ бүгінгі көз алдымдағы жаздың жәйлі кешіндегі әдемі суреттің бәрі жарақат алған жүрегімнің жарасын емдеудің орнына, қайта онан сайын ауыртып, керісінше оған бұрынғыдан да қалың қайғы жамап беріп жатыр.
Күн батып, дүниенің төрт бұрышынан төнген қараңғылық көзді байлағанда жұрттан жасырынғандай ұрланып Махаббат екеуміздің талай сырымыздың куәсі болған Мұқағалидың қайыңының қасына келдім. О, ғажап! Бұрын-соңды келгенімде ылғи да жарқырап қарсы алатын ақ қайың, бұл жолы қайғыма ортақтасып, жылап тұр.
Күздің салқын кешінде Махаббатты аймалағандай оны құшақтап, ішімдегі ауыр толқын жүрегімнің жағалауын ұрғанда көзімнен жас тоқтамай парлады. Кеудемнің астында бір зат бүлкілдейді. Жүрек. Кімнің жүрегі? Менікі ме, әлде қайыңдікі ма?
Жапырақ-жүрек жас қайың!
Жанымды айырбастайын.
Сен адам бола бастасаң
Мен қайың бола бастайын.
Келісесің бе, жас қайың?
(Көрінер, мүмкін, кімге ерсі.)
Өміріңді маған бір берші!
Дүрбелең мына дүниені,
Адам көзімен бір көрші.
Қайың боп мен де бағайын,
Орманнан орным табайын.
Беймәлім маған өмірге,
Қайың көзімен қарайын.
Сен-дағы жерден нәр алдың,
Мен-дағы жерден нәр алдым.
Біреуден сен де жаралдың,
Біреуден мен де жаралдым.
Тілің жоқ, жанды қайың сен,
Айырмашылығым – Адаммын.
Мендегі бары бір жүрек.
Беріпті жүрек саған мың,
Сондықтан ұзақ жасайсың –
Құрдасы келер заманның.
Бар-жоғы менде бір жүрек,
Ол өлсе мәңгі кеткенім.
Сендегі семсе мың жүрек,
Келгенде жасыл көктемің
Тірілер қайта дүркіреп.
Жапырақ-жүрек, жас қайың!
Жанымызды айырбастайық?
Адам боп жүрсең қасқайып,
Қайың боп тұрам қасқайып,
Тәуекел, айырбастайық.
Өмірге-өмір жалғасып,
Анамыз жерге жармасып,
Бірде адам, бірде қайың боп,
Сүрейік өмір алмасып…
Амангелді Кеңшілікұлы
Пы.Сы Алдында алғашқы екі бөлімін жариялап едім ғой. Мына бөлімін оқып, жүрегіме біреу біз сұғып алғандай болды.

өте аянышты екен.