Этнографиялық этюдтер

«Ат майы” (дәстүр). „Ат майы” қайтты. Тигені ала бие”. (І. Жансүгіров). Халық дәстүрі ел арасында отырған адамдарды ешқашан ескертусіз қалдырмаған. Оның мұң-мұқтажы мен әлеумет­­­тік, тұрмыстық жағдайына құлақ асқан. Мысалы, тұрмысы нашар, жоқ-жітік, жетім-жесірлерге көмек көрсетіп, қол ұшын созып отырған. Соның бірі – ат майы. Мінер аты жоқ кедейлер бұрын байлар мен ауқатты кісілерге немесе көрші-көлем, туған-туысқандарына келіп “ат майын” сұрайды. Яғни бір жаққа барып келуге немесе бірер ай мі­ніске көлік сұрайды деген сөз. Мұ­ның мағынасы алыс жолға мінген ат ариды, күйін жоғалтады. Ат сұ­раушы осыны меңзеп отыр. Мұндай жағдайда әр адам сұраушының кө­ңілін қалдырмаған. Бұл да қазақтың қайырымдылық ғұрпының бір белгісі.
Әрі қарай

Адамның жүз жылдық ғұмыры

Ол ана құрсағынан ақ салт – дәстүрге толы.

Адам жасы ана құрсағындағы шарананың тоғыз ай, тоғыз күнінен кейін дүниеге аман – есен келген күнінен басталады. Алайда адам өміріне байланысты салт – дәстүрлер қыздың келін болып түскенінен, бойына бала біткенінен бастап жасалады.
Әрі қарай

Бабалардан қалған ескерткіштердің біздің еліміздегі күйі

Алматыға жақын жердегі Қарасай ауданындағы осы көне тарихы бар ескерткіштің де жоғалып кетуіне аз қалған жағдай болған.
Дәлірек айтқанда, Іле Алатауының баурайындағы біздің эрамыздың бірінші мыңжылдығынан келе жатқан, сактардан қалған қорғандардың орнына құрылыс жүріп кетуі мүмкін еді.
Марғұлан Арнабай атындағы археолгия институтының аға ғылыми қызыметкері Нуржанов — диаметрі 25 метров және биіктігі 2,5-3 метрлерден келетін қорғандар 1986 жылы Қазахстанның мәдени және тарихи құндылығы бар ескерткіштер қатарына қосылғанын растады. Ол сондай ақ осы уақытқа шейін бұл қорғандар тексерістен өтпегенін растады.

Өткенін қастерлемегенді болашақ қадір тұтпайды ағайын.http://www.kerekinfo.kz/blog/osylaieken/1294.html дағы пікір айтушыларға
Әрі қарай

Мәңгүрт ұрпаққа бабаларынан қалған сый туралы -1

Гуимар Пирамидалары (Тенерифе аралы)

Бұл пирамидаларды 1990 жылы тауып баршаға аян қылған әлемге аты белгілі саяхатшы Тур Хейердал еді. Мұндай тарихи ескерткіштің соншалықты кеш ашылуына себеп болған нәрсе – жергілікті тұрғындардың бұл пирамидаларды өздеріне ата-бабаларынан қалған агротехникалық терассалар ретінде танып білуі еді.
Әрі қарай

Жаңалыққа жаны құмар ағайындарға...

… Біраз жылдар бұрын -осы бір интернетке қазақ тілінде сұхбаттасушылардың қатары көбейіп, еркін ой алмасатын орын кеңейсе деп зығырданым қайнаған кездерім болған. Ал енді бүгінгі күнде осы интернеттің қолданушыларға тигізетін пайдасы мен зияны бірге жүретініне қайранмын.
… Пайдасы көбірек болғай. Ағайындар осы блогта әртүрлі өзім қызыққан — күнделікті тұрмысқа немесе өндіріске, шаруашылыққа, бизнеске керек болып қалады ау деген технологиялар мен үздік шешімін тапқан әдістемелерді жинамақшымын. Аудармалар сәтсіздеу шыққан жағдайда аса қатты реніш білдірмей, маңызын түсінуге тырссаңыздар деген өтінішім болады.
Әрі қарай