Шива қарасқан күн
Лібә, бір ретте Ақтөбедегі WIMPEX деген буддатілеуіңдібергір арақ зауыты қақпақтың ішіне 200,500,1000 теңге приз немесе тағы бір бөтелке арақ ұтыс салатын болып жүрд.Ол кезде WIMPEX зауытына (Шиваның нұры жаусын оған!) жұмысқа тұру — үлкен табыс еді. Солай нақ: бір күні досым Ико таныссыз-дымсыз-ақ, бықсып жүріп, мазаққа соға кетейін деп барып, бөтелке қабылдайтын цехқа жұмысқа тұрды да кетті!
Үш айдай жұмыс істегесін мынадай қызық айтты:






Ертесіне еріксіз әлгі аяқ киіммен бардым мектепке. Галош секілді бірдеме өзі де. Әшейінде партаның үстімен жүгіріп жүретін мен тыныш отырдым сол жолы. Сұрағандарға «ауырып отырмын» дей саламын.Аяғыма бәрі қарап отырғандай.Партанын астына тыгып әлекпін. Мұғалімдер сабақ сұрайды, дайын емеспін деймін(оқиға бес оқитын кездерім, негізі жетінші сыныпқа дейін жетіге оқығанмын). Тақтаға да шықпадым. Өзімді қор санадым.Тамағыма өксік тығылды.4 сабақ біткенше орнымнан тұрмай кеттім ғой. Сабақ аяқталысымен мектептен жүгіре шықтым. Үйге келсем… жаңа туфли әкеліп қойыпты.