Блогқұрылтай -2011. Менің көзіммен-менің сөзіммен...

Блогкэмп болады деп Қарағандыдан үшеу шықтық(Әлия Сембай бізден бұрын кеткентін), бір пойызбен. Диана(Журналисттер саябағы), Дана (дефектологкз)және мен(Әбіләкімнің ауылы). Жолда пойызымыздың дөңгелегі жарылып( ұзын-ақ пәле екен жарық дөңгелекті әрең тауып жамадым) бір сағат кеш жеттік бірінші Алматыға. Бізді Қисық-Димаш күтіп алды. Бұған дейін көрмеген адамым ғой. Қисаятын жері қалмаған Қисықты көргенімде өзімді жеңіл атлетикада жүрген спортшы қатарында сезіндім)))).Сөйтіп «Адидас»(балалығымен қоштаса алмай жүрген Димаштың бас киіміндегі жазу) киген Димашқа еріп тарттық қонақ үйге. Орналастық.
Әрі қарай

No Comments! Dean Cox көзімен

Құрылтайға Стокгольмнен келген кәсіби фотожурналист, медиа тренер Дин Кокс мультимедиа өнімдерін әзірлеу бойынша арнайы шеберлік сыныптарын өткізді. Құрылтай барысында түсірген Диннің суреттерін назарларыңызға ұсынып отырмын.

Ербол Серікбай (yerbol89) өз презентациясының тақырыбын бағдарламаға жазып жатыр @Dean Cox

Әрі қарай

Блогкемптен соң...

Ең алдымен, Әбіләкімнің өткен жолғы айтқан бұйымтайын орындауға жарамағаным үшін өзінен кешірім сұрайын деп едім.

***

Бүгін таңертеңнен мәшинеге мініп алып, кім екенін саусақпен көрсетпей-ақ қояйын, блогкемпке келген қонақтармен қаланы кішкене араладық. Өстіп, Алматының өзінде жүрсек те, қу тірліктің қамымен онша араламаған қаламен өзіміз де танысып алдық :)))
Әрі қарай

Блогкемптен соң "керекшілер "Афтапатиі" болды ма?


Алдынгүні qazaq.kz -тен бақылап отырып, Нұрғисаның арнауын тыңдап өзіміз риза болдық. Аршаттың әлдене айтып, энтузиргазмға түсіп тұрғанын көріп, туысқан көргендей болдым.

Шенеуніктер аманаты мен Асхат Еркімбай блогкемпте бәрін шайнап, жұтқызып, бізге тек іш босатуды қалдырып, «сауатсыз» блогерлерге арнаған ликбезі басым болады ма деп едім, жоқ, өзі суреттеген жоғары деңгейде, өзіне тапсырылған бөлігін өте жақсы атқарған екен. Бастапқы скептицизм үшін ғафу ет.
Әрі қарай

Блогкэмпті қимаймын...

Иә, қанша уақыттан бері асыға күтіп жүрген Блогкэмп-2011 2-ақ күнде зу етіп өте шықты. КИМЭП-тің абыр-сабыр холлы, қызықты да көңілді жүздесулер, жаңа танысулар (Айкона, Алтыградус, Қисық, Қуаныш, Розатай, Талғат т.б.), презентация алдындағы толқу, блогшылармен мафия ойнау, Қалдықыздың қазысы, Айконың моншасы — бәрі де артта қалды.
Өзім қатысқан презентациялардың арасынан Өркеннің блогты танымал ету жолдары туралы айтқандары, Патиктің киноға рецензия жазуға қатысты кеңестері және Ақзеренің «Арулар.кз» сайтын таныстыруы ұнады. Ақзереге айтарым, орамал байлаудың бір әдісін білуші ем, соны видео ретінде сайтыңа тарту етем болашақта)))
Қостанайда блогшыға арналған ескерткіш бар екендігін Бальзаминкадан естіп, таң қалдық. Қуаныштың интернет арқылы ақша табу әдістерін тыңдап, "лібә, оңай байып кетуге болады екен ғой" деген ой туындады)))
Айтпақшы, өз жобам бойынша біраз тартымды идеялар жинақтадым.

Енді, фотолар сөйлесін:

Қызықты жүздесулер


Әрі қарай

Блогкэмп-2011: Аласұрған сезімдер

Сағат түңгі 1:54. Блогкэмп өткен үш күнде қатты шаршадым. (Наз айтқаным емес, ерікті шаршау ))) Бағана блогшылар отырысынан да ертерек қайтып, басты мақсатым — қанша күн үйге тек түнде келіп жүріп, ата-анамды дұрыстап хабардар етіп, ертерек демалу болып еді. Келе сала, досыма хабарласып, Блогкэмптен қайтқандағы шаттық сезімімді жеткізіп, жаңалықтармен бөлісіп жатқанымда, ол өз тарапында орыс тіліндегі блог-платформада бір қызға сын айтылып жазылғанын ескертті. Көңілім су сепкендей басылып қалды, өйткені сөздің мен жайлы болғанын шырамыттым.
Әрі қарай