25 пікір

talgatjez
Құрметті Асеке! Сіздің жасаған бейнероликтеріңізге тәнтімін. Алайда, құрылтайда талқыланған мәселелердің бірі болған «авторлық құқық» есіме түсіп, бір видео жасау үшін қандай музыка қолдансам екен деген сұрақ туып отыр. Сіз авторлық құқықты бұзбайтын музыкаларды қайдан аласыз?
urimtal
менікі flip камера ғой. Өзінің монтаж бағдарламасында бес-алты музыкасы бар. Соларды қолданамын. Ал басқа уақытта creative commons деген сайттан сондай белгісі бар әуендерді іздеймін.
talgatjez
пысы: қазір жолға шығайын деп баратырмын. Кеткім кеп тұрған жоқ бір түрлі. Бүкіл ұйымдастырушыларға, демуешілерге рахмет!!! Ең жоғары дәрежеде өтті!!!
AKY
Талғат, грантыңмен тағы да құттықтаймын! Не ғо, менің анам мектепте математикадан сабақ береді, соған ГеоГебраңның қазақша нұсқасы дайын болғанда беруді ұмытпағайсың))
AKY
Волейболға қатыспап едім, нетіп отырм))
chimaq
bizde youtube chektelgen edi...kore almai otqanymdy.....(((
asaubota
мына сайтқа кіріп keepvid.com/ мына видеоның сілтемесін жазып көшіріп ал www.youtube.com/watch?v=4cfRZSLJKCc&feature=player_embedded

тағы да қай видеоны көргің келеді сұрап тұр, саған сілтемесін беріп отырамыз.
chimaq
rahimet))jauabyngyzdy janga ghana kordim....aitqanyngyzcha synap kordim bolmaidy eken((
bul kunde youtubeden umitimdi uzgenbin...)))
DoktorD
Біз бұл күні коньки тебуге бардық
Altygradus
мына видеоны жаңа көріп отырм:))))
asaubota
келесі жылғы құрылтайда футбол және волейболдан жарыс өткізсек? қасына тағы бір ойындар қосуға болады негізі. мысалы дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, гір көтеру, Рубик кубигін құрастыру деген сияқты…
Nurgisa
Волейбол қыздар және жігіттер боп аралас ойнағанға жақсы.
asaubota
қыздарсыз ойнаған жөн ау негізі?
Nurgisa
Балғырған, Айкона, Мақпал деген қыздар тәп-тәуір ойнаушы еді. Сосын ғой айтқаным.
Erke
Футбол ойнайық, волейболды да ойнайық! Керемет болар еді!
asaubota
әр қала бір командадан шығарып алып келсе керемет Блогиада өткізуге болар еді. кеш соңын әдеттегідей спиртболмен аяқтаймыз
Erke
Шет калада жүрген лигонерлерді тартуға болатын шығар құрамаға?
asaubota
болмайды ау деймін. кім қазір қай қалада тұрады сол қаланың атынан шыққандары дұрыс. солай әділ болады. Ақтөбеге адам жетпесе Атыраумен қосылуларына болады
temir1986
керемет керемет ойнағым келіп кетті. Футболға жоқпын. Волейболды жақсы көрем. шахмат, тоғызқұмалақ ойнай білем енді. Гір көтеруге ана денесі быдым-быдым жігіт бар еді ғой сол болмаса қалғанын састырам ғо деп ойлаймын.
ruben
Шымкент боп команда жинау керек еді…
Aikona
Шынымен осындай жарыстар ұйымдастырайықшы, күшті ғой