Түнгі оттың сыры

Солтүстік Үстірттің шыңдарындағы терең шатқалда қонуға тура келді. Сайдың бойын жағалай көне іздікпен біраз жер төмен түсіп, кеңдігі ат шаптырымдай алаңға тап болдық. Арғы жағы тағы да биік төбелерге барып тіреледі.
Шатқалдың сол жақ етегін ала үлкен күмбезді моланың қабырғалары жатыр. Ішкі жағындағы ою-өрнек жұрнақтарына қарап, ауқатты адамға салынған деп шештік. Маңайдың бәрі шың мен шатқал, біз түскен ескі сүрлеумен жүру қиын. Соған қарап бұл жерде адамдар қонысы болды дегенге сену қиын. Мүмкін кіріп-шығатын басқа жолдары бар шығар. Алайда оны іздеуге бізде уақыт тапшы еді.

Күн батуға ыңғайланып, көкжиекке таяп қалды. Келген ізімізбен кері көтерілдік. Шатқалдың кеңістеу жерінен қоналқа жеп тауып, кешкі асымызды іштік те, төсек қаптарымызға тығылдық. Аспанды бұлт басқан. Тас қараңғы… Киіз үйдің түндігінен көрінгендей әр жерден санаулы жұлдыздар ғана жымыңдайды. Ұйқы келер емес. Ортамыздағы кәнігі аңшының ертекке бергісіз әңгімесін еріне тыңдап жатырмыз.
Әрі қарай

Әбіләкімнен қалыспайын деп...

Блогымдағы алдыңғы жазбалардың бірінде «қызық әлі айтыла жатар» деп ескерткен едім. Блогқұрылтайдан келгеннен кейін, бір-екі күн жер-жерден сурет аңдумен жүргенде, күнтізбе сенбі-жексенбіні көрсетіп қойыпты. Ол күндері өз басым компьютер мен ғаламтордан қол үзіп кететіндіктен, мынау жазбам аяқсыз қалған болатын. Бастаған дүниенің аяқтайын деген оймен дәл қазір асығыс пернетақта қамшылаудамын. Шындығында, Керекинфода Әбіләкімнің «Керектің тұрғындарына шолу» деген жазбасынан кейін туындаған ойлар ғой:
Әрі қарай