Менің атамның аңшылығы және қазіргі қоғамның супер аңшылары....

Блог - Janasil: Менің атамның аңшылығы және қазіргі қоғамның супер аңшылары....
Суретте Әбдіраш Болатбек, Адасқан Алтаев, қожа кісі (есімін білмедім). сурет 1982 жылы түсірілген.

Менің атам Болатбек Әбдіраш кешеге дейін үйде 4-5 тен тазы асырап аңға салған кісі.
Блог - Janasil: Менің атамның аңшылығы және қазіргі қоғамның супер аңшылары....
Аңға соғыс ардагері Адасқан ата екеуі бірге шығатын. Ол кісінің бүркіті болды. Ол кезде жас болғандықтан еміс еміс есімде. Қар жауған күні ол кісі азанда ерте келіп айқайлап тұратын. Атам екеуі бүркіт, тазыларын алып сонарға шығады. Кешке дейін бүркіт салады, тазы жүгіртеді, қоянның жымдарына тұзақ, қақпан құратын. Борсық ұстайтын. Кешке келетін дорбаларын қоян мен қырғауылға толтырып. Ал содын қызу әңгіме. Сол кездері үйдің төрінде қып қызыл түлкі терілері тізіліп ілініп тұрушы еді. Атам соғыс кезінде жасы жетпегендіктен әскерге жіберілмеген. Ауылда аң атып етін үкіметке өткізіп отарған.
Блог - Janasil: Менің атамның аңшылығы және қазіргі қоғамның супер аңшылары....
Осы ісімен соғыстан кейінде айналысқан екен. Алтаев екеуі газеттерге де шыққан.
Блог - Janasil: Менің атамның аңшылығы және қазіргі қоғамның супер аңшылары....
Оқушы кезімде атаммен еріп мен де аңға шығып жүрдім. Мылтық атуды да жақсы үйрендім. Атам екеуміз талай қар кешіп, талай жерді жаяу аралайтынбыз. Қардағы аң құстың ізін ажырата білуді үйрендім. Кейін аң құсқа деген аянышым жеңіп мүлдем мылтық атпайтын болдым.

Қазір міне ауылдағы еркек атаулының көбінде бір бір мылтықтар. Заңдысы бар, заңсызы бар Ауылдың шетінде қар жауған күні соғыс болады. Тасырлаған мылтық дауысы. Ешкім бүркіт үстап, тазы жетелемейді. Астарында мотоарба, қолдарында мылтық, қастарында үйретілген орыс иттері. Көбісі кәсіп қылып алған. Етін сатады немесе әкеліп арақ шарапқа айыр бастайды.

Ерте көктемде де тыным жоқ. Жас қоянның көжектері мен әле жақсы ұша алмайтын қырғауыл балапандары да атылып жатады. Тиым салып жатқан ауыл әкімшілігі не инспектор жоқ. Атылып жатқан киіктер қаншама.

Қазіргі таңда ауыл көшелерінде жүрсеңіз тазы не төбет иттерді кездестіруіңіз қиын. Өңшең бойлары кішкене орыс иттері мен тұқымы белгісіз дүбара иттер.Түрлері төбетке ұқсағанымен, төбет секілді қасиеттері жоқ. Оларды мен қазіргі қазақ қоғамындағы аты қазақ заты орыстанып кеткен бауырларыма ұқсатамын.
Тура қазақ қоғамы секілді.

Бүгін төбеттер жайында ақпараттар іздеп отырып мына сайтты тауып алдым.

www.tobet.kz/

Төбет пен тазының тұқымын таза сақтайық!!!

тағы қоса кететін жағдай, аңшылық жоғарыдан келген басшысымақтардың көңілін табудың бір құралы.
жиған-терген
Бөлісу:

15 пікір

AsanQaigy
Абайдың: "Қансонарда бүркітші шығады аңға" деген өлеңін еске түсіріп жібердің. Расында қазыір саятшылық пен аңшылық бұрынғыдан қарағанда мүлде бөлек. «Современный» аңшыларға аң "өзі" келеді, келмесе, келтіреді. Атаңның тазылары қазір қайда?
Janasil
Қазір ауылда тазылар сирек. Өзім 11-сыныпта бір тазы асыраған едім үрлатып алдым.
Aizhantabyn
аңшылықты еш уақыт құп көрмегем. Әсіресе, қазіргі варварство! Бекер, құр ермек үшін өлтіріп жүрген адамдарға таң қалам. Мүмкін, атам не әкем аңшылыққа құмартса, не болмаса үйде осы кәсіп жайлы әңгіме айтылып, бір шеті белгілі болса, менің көзқарасым бөлек болар ма еді.
Алайда, жануарларға жаным ашиды. Қиналып кетем…
Естігендер бар ма екен, қытайда норка, чернобурка дегендердің терісін тірілей сыпырып алады екен… ужас! Шуба кие алмай қалдым соны көргелі бері. бір сюжет бар еді ғой сондай(((
sabalak
тірілей сыпырса сыпыратында шыгар қытайлықтар! 50 ді алқымдап қалған әріптес апайым былтыр Қытайың Шаньдун провинциясына емделуге барып келіп, көзімен көрген небір сұмдықтарды айтқан. Жергілікті сұмырайлар туристерге арнап шоу коятын корінеді, ол былай: тірі маймылды қол-аяғын байлап қойып, құйрығының ұшын өртеп, әбден зайыбын шыгарып, ызалап қорлайды екен. Шынғырғаннан әлгі маймыл байғустың көздері ұясынан шығады-ау деген кезде, алдын ала кайралып турған мачете қылышпен ми қақпағын ашып жіберіп, туристері бар, емге келгені бар дүйім жұртқа қасықтап жегізеді дейді, маймылдың миын (әрине ақшаға). Нерв талшықтары дірілдеп тұрған маймыл миын жеу, еркек кіндіктінің сексуалдық әл-ауқатын жақсартат деп жергілікті қысықкөздер согып отыр дейди апамыз!
Janasil
«Бала етін» жеген қытайға аң деген не тәйірі!!!
sabalak
ғаламтордан коргем суреттерін! «фубля» жанрындагы!!!
VKM
Мақала керремет ұнады.Авторға көп алғыс
Altygradus
Эко мақала екен +1
Киіктерді жалко, бет алды атыла бергесін өсім де болмайд ғой.

менің папам да аңшы болған. Қыста шаңғымен шығатын аңға. Кішкене кезімнен естелік, таңертең тұрып ас үйге барғанда, жерде картон үстінде аппақ үлкен қояндар жататын. ну қаншалықты үлкен екенін білмим бірақ кішкене маған үлкеен боп көрінетін:)Құлақтарын ұстап көретінмін:)
Сосын қырғауыл етін жейтінбіз:)
Талай тазы асырадық. Оны ұрлап кетеді, басқасын тауып әкеледі папам :)) Кейінгі бірі күшті боп еді, түсіне қарасаң шакал сияқты тура:) Бірақ бойы үзыыын балақ жүні де керемет, әдемі болатын. Ұрыларды, алқаштарды жек көретін еді, соларды көрсе ерекше үріп, солардың бірі улап кетту байқұста :(((
Arhun
сурет 1982 емес, 1892 жылғы мерзімдегі (ең біріншісі) суретке ұқсайды екен…
Енді 40-50 жылдан кейін бұл құнды деректіге айналады
boztorgai
аңға шыға алмай жүрміз
ақбөкендер туып жатыр
үйрек-қаз балапан шығарып әлек
Momin
Жанасыл, жақсы жазыпсың. Балтакөл ауылында шынында да аңшылар көп. Жетпістен жеті жасарына дейін аңға шығады (әсірелеп айтқанда). Бұл туралы «Көтеннен ұл туды дегенше, қоянға күн туды дей бер» («Көтен» — Қоңыратқа жататын ру аты) деген "қанатты" сөздері де бар. Негізінен, шариғатта аңшылық, саятшылықа жол берілген. Бірақ бұл кәсіп өз нәпақасын айыру мақсатында қолданылса және аңды олжалар кезде Алланың ат аталса ғана адал болмақ.
Zhan
Әсерлі жазба. Дегенмен, аң-құстарға жаным ашиды. Ешкім атпаса, тиіспесе екен деймін. Орманда бөгіп жүре берсе ғой, шіркін. Менің де атам аңшы болған. Қасқыр, түлкі, қоян, кекілік ұстайтын. Бала кезімде есімде үйге көп қылып кекілік ұстап әкелетін. Кекіліктің етін бала күнімде жегендіктен дәмі еш есімде жоқ.
Janasil
Мылтық атқым келеп отыр.