.......................

Бір күні Ордабасы, Атырау және Локомотивтің тренерлері әңгімелесіп отырса үстеріне бір адам кіріп келеді. Әлгі адам: Мен шайтанмын, мәңгі жасаймын және барлығын білем дейтін көрінеді. Сөйтсе Ордабасының тренері: Білсең айта қойшы, командам қашан чемпион болады?-деп сұрайды. Шайтан: 2045-те деп жауап береді. Анау: "Құрып кетсін, мен көре алмаймын ғо",-деп жылай бастайды. Сосын Атыраудікі сұрапты.Оған: 2053-те деп жауап береді. Ол да жылайды.

Локомотивтікі: Жәррррааааайды, ал менікі қашан чемпион болады?

Шайтын: Құрып кетсін, мен де көре алмаймын оныыыыыыыыы…
Әрі қарай

3 кітап ұсынамын

Эстафетаны Өркеннен қабыл алдым.

Маргарет Митчелл «Желмен ғайып болғандар» («Унесенные ветром»).

«Ертең… Бәрін де ертең ойланамын!»
Скарлетт О’Хара

Бұл кітапты алғаш 17-18 жастарымда оқыдым ғой деймін. Сол кездері осы батыл қыздың мінезіне аса тәнті болған едім. Оның бойындағы батырлық, бірбеткейлік, қаталдық, махаббаты үшін дүниені төңкеріп жібере алатындай қасиеті – әрбір қыздың бойында жігерлік тудыртатыны сөзсіз. Америкадағы Азаматтық соғыс кезінде сүйікті әкесінен, анасынан, туған жерінен айрылып, кейін бәрін қайта қалпына келтіруге қолынан келгеннің бәрін жасайды. Көптеген істерге сүйіктісі Эшлиды қайтару үшін істегенімен оның бойында үлкен рух бар – жеріне, тіліне, қоғамына деген сүйіспеншілік. Менің ойымша дәл Скарлеттей емес, бірақ тым болмаса 20 пайыз осындай жігерлік әрбір арудың бойынан табылу керек деп ойлаймын. Екі томдық кітап. Кейін Маргарет Митчелл қайтыс болып, «Скарлетт» деген екі томдықты Александра Риплей деген жазушы жазған екен. Оны да оқыдым. Бірақ автор ауысқаннан кейін жанр да біраз өзгеріп кеткен сияқты болды.

Әрі қарай

...Бұл да өнер.

Дарынды Миландық суретші, иллюстратор-гиперреалист, Гвидо Даниэле (Guido Daniele). Бұд сабазыңды жарнамашыларда, сән индустриясыда т.б. соңынан қалмай ідейді екен. Себебі ол таңғажайып боди-арт, керемет теледидарлық және театралдық декорациялар жасап, кітаптарға иллюстрациялар жасай алады. Ал интернет қолданушыларды — кәдімгі адамның қолынан жасалған «жануарларымен», "құстарымен" таңдандыруда.
Әрі қарай

Қостанайда күйеуі қалыңдығынан 44 жас кіші жұп некесін қидырмақ

(35.96 Kb, 468x286)

Қостанай. 31 наурыз. Kazakhstan Today – Қостанайда 19 жасар жас жігіт және 63 жастағы әйел үйленуге бел буды. Бұл туралы агенттік корреспондентіне қалалық АХАЖ бөлімі хабарлады.

Қалалық АХАЖ бөлімінің хабарлауынша, үстіміздегі жылдың 2 сәуірінде облыс орталығында 19 жасар Сергей Кулишов пен 63 жастағы Татьяна Нефедовалардың некесі қиылатын болады.
Әрі қарай

Ахи мен Үхти

427-ші нөмірде не айтылмады десеңші. Айналып келіп дін мәселесіне де тірелдік қой. Дәл сол кезде ол тақырыпта сөз қозғауға лайықты жағдайда болмасақта…
Дін-өте нәзік ғылым. Оның шегіне жету мүмкін емес. Пендеге түсініксіз жақтары да бар.
Әрі қарай

Қобыз

Екі мың жылдан артық тарихы бар ұлтымыздың қобыз аспабы бізге еш өзгеріссіз аман-сау жетті. Қобыз деген кезде біз Қорқыт баба, Нышан абыздардан бастап Жаппас Қаламбаевқа тірелетініміз анық. Осы қобызымыз келер ұрпаққа аман-сау жете ме? Міне, осы мәселе бізді қатты толғандырады.
Әрі қарай