Сөзі өтті

-Жұмыс бастан асып жатыр. Тынысым тарылып барады. Басым ауырып тұр, ал сен жәйбарақат компьютерде отырсың! Андағы отырысыңның жиіркеніштілігі соншалық, нервке тиесің!
-Қойшы! Не істедім саған? Өз жайымда отырмын мен! Жасайтын жұмысыңды жасай бер! Сені ұстап тұрған жоқпын! Өзімдікін сосын жасаймын!
Өстіп әркім өзінікін дұрыс қылып әлек. Шешілген ештеңе де жоқ, әрқашандағыдай құр айқай.

Жаңа ғана оның сөзі өтті. Қатты ұялып, өзімді ыңғайсыз сезініп отырмын. Үстелдің шетіндегі ақ қағазға былай жазып кетіпті:
-Сен жақсы баласың. Ақылы бар адам қатарынан деп сыйлаймын. Бірақ, компьютерге жабысып, түк істемей отыратыныңа алаңдаймын. Ашуланамын. Бұлай болмайды ғой.

Қазір дүкенге кеттім. Мен келгенде сүйікті өлеңдеріңді қосып қойшы. Талғамыңдағы әндер маған да қатты ұнайды. Керемет әндер. Әсіресе клубняк әндерің жақсы. Шифонердің есігіндегі үлкен айнаға екеуміз оп оңай сыямыз. Айнаға қарап ән айтып. билейікші. Қазір аузыммен айтсам, тағы ашуланасың.

Расында қағазға жазылған ескертулер мен ойлар, бетпе-бет айтылған ойларға қарағанда әсерлі естіледі екен. Онымен қоса, алдымдағы оның айтар сөздері орынды болғанымен, интонациясы төмен болғандықтан тыңдағым келмейтін. Даусы өктем адамдар мен даусы әлсіз адамдардың айтқанын адам екі түрлі қабылтындығы тағы дәлелденіп тұр.

Айнаға қарап айқайлап қосылып ән айттық. Жеңілдеп қалдық. Биге шорқақтаумын. Айнаға қарап өзімнен өзім қорқып дұрыс билей алмадым. Билеп үйрену керек.
Әрі қарай

Сән қамауында (В плену у моды, Fashion )


Шыққан жылы: 2008
Режиссер: Мадхур Бхандаркар
Басты рөлдерде: Приянка Чопра, Кангна Ранаут

Мегхна (Приянка Чопра) үлкен қалаға арман қуып келді. Ол топ-модель болғысы келеді. Алайда, көрсетілім жұлдызы статусына жету оңай емес, ол жерде тәжірибелі топ-модель Шонали (Кангна Ранаут) орнын берейін деп тұрған жоқ. Әйтсе де, Мегхна да осал жан емес, мінезділігі мен жігерінің арқасында фэйшн-индустрияның жарық жұлдызына айналып, Шоналиге уішкізіп кетеді. Бірақ ол осы мансапты көтере ала ма? Шоналидің кебін киіп, нашақорға айналмасына кім кепіл???
Әрі қарай

Қаламымды қайта алдым!


Мен бала кезімде ғарышкер болуды армандаушы едім. Мүмкін бұл әр баланың арманы шығар. Жаздың кей кештері далада жатып алып аспанға қызығушылықпен көз тастар едім. Астраномияға деген қызығушылығым ең алғаш «Космодромнан сөйлеп тқрмыз» деген Юрий Гагарин туралы кітапты оқытып еді. Кейіннен ғарышқа байланысты фантастикалық әңгімелерді көптеп оқыдым. Оның ішінде «Дымбілместің Айға саяхаты» да бар. Сөйтіп жүріп кішігірім фантастикалық әңгімелер жазып тұрдым. Оным Ұланға да шығып біраз мәз болып едім. Кейін жігіт болдым ба, әйтеуір әңгіме жазуды ұмытып кеттім. Кейін колледжде де оған қарауға уақыт болмады. Енді қазір сол кездегі қаламымды қолыма қайта алып бірдеңке шимайлаған болдым. Соны бір қарап шығыңыздар.
Әрі қарай

Көнекөзім (Элегия)

Дүбіріменен өмірдің,
Керуен – пенде көшкен көп.
Сүйегі асыл бабалар,
Жүрегімізден көшкен жоқ.

Үйіміз ауыл шетінде,
Жер бетіндегі еншіміз.
Бықия ақсақал біздерден,
Бөлектенбейтін көршіміз.

Баптайтын-дағы сұр атын,
Батпандай ойға бататын.
Таң ата сала тұратын,
Күн батар шақта жататын.

Бір құшақ отын әкеліп,
Маздатып пешті алатын.
Алаумен бірге лаулатып,
Көзіме шырақ жағатын.

Бойыма тарап әз үні,
От болып маздағаным-ай!
Маңдайындағы әжімі –
Жалғанның жазбаларындай.

Содан соң, атқа бағыштай,
Арқан өретін кендірден.
Атамнан тағы қалыспай,
Ой өретінмін мен бірден.

Қалмайтын мүлде тұрақтап,
Айлар да өтті алмасып.
Желісі кетті жырақтап,
Келешектермен жалғасып.

Көңілдің гүлін теруші ед,
Атамыз бүгін жоқ қолда.
Шындықты жақсы көруші ед,
Шын дүниеге кетті ол да.

Ертеңгі күнге сайланып,
Ұйқыға ерте жатамыз.
Шайменен бірге жайланып,
Мұң ішуші еді атамыз.

Сол күні сырнай — санаңмен,
Жайлы бір сазды жырладың.
Шұғылалы күндей баттың да,
Таңменен неге тұрмадың?

Мұң дәмін татырғаның ба?
Жүректі кеттің жылатып.
Шәй ұрттап отырғаныңда,
Сені ұрттап қойды-ау уақыт!!!
Әрі қарай

Іріп-шіріп бара жатқан капитализм-3. Мемлекеттің қалтасы мен жеке әмиян туралы

«Елдің барлық нышандары болып еді бізде...» ©Білә қаған, Херарық қорғанынан табылған көне бұтақтағы жазбалардан.

...-Лібә, не тарылып отырсың нақ, ала салсайш?
Әрі қарай

Аттікі

Мына ескерткіш Ресейдің Воронеж қаласында тұр, атқа арналған. Ескерткіш авторы өмірінде жылқы көрмеген сияқты.
null

Алыстан қараған кезде бұл ат емес семіріп кеткен зебра мен арыстанның гибриді сияқты. Бірақ сыртқы келбеті маңызды емес. Детальдары қызықтырақ!
Әрі қарай

Шәмші ұнатқан дүнген қызы ...

Талас өзенінің жағасында Дүнген қызына ғашық жүректен туындаған әнге бүгін назарым ерекше болды. Көп есітіп жүрген болсам да әннің шығу тарихы қызықтырды. Білетіндер әңгімелеп берсе нұр үстіне нұр болар еді…
Әрі қарай

Бір көзді Дию

Оның бір көзі жоқ болатын.Әйелінің де. Балалары осы жайтқа қатты күйзелетін. Неге біздің әке-шешеміздің бір көздері жоқ деп ойлайтын. Мүмкін бір-бір көздерін бізге берген шығар, содан біздің де көзіміз біреу ғана шығар деп ойға бататын кішкентай циклоп ұл мен циклоп қыз.
Әрі қарай

Фикреттің Неджлаға махаббат туралы айтқан сөзі

«Күзгі жапырақтар» сериалының кешегі бөлімінде Фикреттің Неджла сіңлісіне махаббат туралы айтқан сөздері ұнап қалды. Соны бөліскім келді. Мына видеоның 0:50 — 2:28 арасындағы диалог. Қазақша аудармасы астында.


Әрі қарай