Фикреттің Неджлаға махаббат туралы айтқан сөзі

«Күзгі жапырақтар» сериалының кешегі бөлімінде Фикреттің Неджла сіңлісіне махаббат туралы айтқан сөздері ұнап қалды. Соны бөліскім келді. Мына видеоның 0:50 — 2:28 арасындағы диалог. Қазақша аудармасы астында.


Фикрет: Үйленгендерінің 40 жылдық мерейтойы ғой
Неджла: 40 жыл… Бір адаммен соншама жыл бірге тұру қандай нәрсе екен? Қандай сабыр? Қандай бөлісім? Мен бір жарым жалда бітірдім бәрін. Бітті.
Тахсин: Бітіру де көбейту де адамның өз қолында. Қалауыңа байланысты барлығы. Мен Фикретпен бірге өмір сүргім келеді. Қолымды ешқашан тастамаса екен деймін.
Неджла: Барлық адамдар сендер сияқты сәтті емес. Мені тырыспады деп ойлайсыңдар ма? Қаламадым ба? Болмайын десе болмайды.
Фикрет: Жеткілікті сүймесең болмайды. Үйлену деген екі түрлі адамның бір өмірді бөлісуі. Екі түрлі тұлға, екі түрлі ми. Ойлар уақыт өте келе өзгеріп отырады, бірге шыққан жолдарың да сан өзгеруі мүмкін, сондай әр түрлі түрлерін көресің, сондай белгісіз жақтарын көресің, оны еш танымағаныңды түсінесің. Бірақ, оны өзгертуге тырысу — ең үлкен қате. Қателерімен, міндерімен қабылдасаң сонда ғана сүйесің деген сөз. Егер сезімдердің екі жақты екеніне сенімді болсаң жалғастырасың. Олай болмаса қинаудың еш керегі жоқ.
Неджла: Менің ше де.
Бөлісу:

1 пікір

Simona
Осы серияны сағынам :-P

Музыка қандай десеңші. Тойга Ышыклы керемет.