Сән қамауында (В плену у моды, Fashion )


Шыққан жылы: 2008
Режиссер: Мадхур Бхандаркар
Басты рөлдерде: Приянка Чопра, Кангна Ранаут

Мегхна (Приянка Чопра) үлкен қалаға арман қуып келді. Ол топ-модель болғысы келеді. Алайда, көрсетілім жұлдызы статусына жету оңай емес, ол жерде тәжірибелі топ-модель Шонали (Кангна Ранаут) орнын берейін деп тұрған жоқ. Әйтсе де, Мегхна да осал жан емес, мінезділігі мен жігерінің арқасында фэйшн-индустрияның жарық жұлдызына айналып, Шоналиге уішкізіп кетеді. Бірақ ол осы мансапты көтере ала ма? Шоналидің кебін киіп, нашақорға айналмасына кім кепіл???
Қыздарға көруге кеңес берем, жігіттер өздері білсін
Ұнағаны: 1. Кангна Ранаут; 2. Композитор жұмысы 3. Аңырап 1 сағат бойы ешкім ән айтып-билемейді. Ващще ән айтпайды.
Фильмнен үзінділер:
Мегхнаның алғашқы көрген көрсетілімі: жұлдыз Шоналиге қызығып отыр.

Мегхна алғаш қатысқан көрсетілім: әлі де Шонали жұлдыз, ал Мекхна 2-пландағы модель.

Фильм саундтректері




Мынаусы күшті успокаивает))
Бөлісу:

32 пікір

Erlan
көру керек екен жаксы кино секілді
Aizhantabyn
ооо, рахмет)))) Үнді фиьмдеріне ғашықтығым солар емес)))
Көру керек)
AKY
Үнді фильмінің фанаты міндертті түрде көруі керек деп ойлаймын
Altygradus
Үнді фильмдерін жееек көретітінім бар ед Бірақ мынау қызық сияқты. Сосын Приянка ЧОпра әдемі, ұнайд маған модель ретінде
саундтрэктері жақсы екен
AKY
Ия, өлеңдері ұнайды Бар-жоғы 3-4 музыканы фильм бойы түрлендіріп қосып қойған.
Приянка Чопра сұлу, әрине, бірақ өзім Кангна Ранауттың харизмасына құладым))) Өмірде жүйкесі тозған нашақор болып жүріп, подиумға шыққан бойда өзін-өзі жинап алуы, ощм, тағысын-тағы ұнады
Пікір түзетілген: 20 маусым 2011, 00:43
Erkekyz
Рахмет, көру керек екен.
Dinara
Былтыр осы киноны үйдегі құрбым (радио, телевидение, синема мамандығында оқитын) көр де көр деп қоймап еді, әр жерінен қарадым тиіп қашып
Altygradus
аты қалай фильмның, не деп іздейм??
ОРигинал атауын да жазып қойсаң түк ренжімес едік @AKY
AKY
Орысша «В плену у моды» немесе «Мир моды», ағылшынша «Fashion» деп іздесең, табасың))

Мына жерлерден көр 
filmin.ru/6593-v-plenu-u-mody.html

kino-olimp.ru/news/v_plenu_u_mody_fashion_2008_onlajn_skachat_dvdrip/2011-02-27-2635
Altygradus
үнді fashion week-ті қарағанды жақсы көретінмін Ftv-ден
ана берген линкіңдегі 2 көрсетілім ұнады. Өздерің ұлттық нақыштарымен жасалған сәні ұнайды. Шын дизайнері кім екен?? Сосын бұлардағы бір қызығы Болливуд жұлдыздары көп шығады ғой подиумға
аса қатысы жоқ болса да мына суретке қараңдаршы, мындағы СриДеви млииин вааще құладым, бір jewellery designer Queeny Dhody-дің көрсетілімінде, ну енді пласт. опер. жасатқаны белгілі ғой сонда да 50-дегі әйел үшін керемет әдемі
movies.ndtv.com/images/PhotoGallery/couture-best/14.jpg
Пікір түзетілген: 19 маусым 2011, 21:38
AKY
Шын дизайнерін білмедім 
з ы: мына фильмнен үнділік дизайнерлердің бәрі көгілдір деген ой қалыптасады))))
satibaldi
Көрген емеспін, бірақ осы жылдың ең сорлы фильмі екендігіне күмәнім жоқ.
AKY
Ұнамаса қарама, түктібаймайт, кәйіпті бұзбай отырщ
satibaldi
Ұнамайд деген жоқпын ғой, көре қалып жатсам — ұнамай қалад шығар деп болжап отырм нақ.
bazuka
торрент арқылы жүктеп жатырмын, ертең қараймын.
AKY
Көріп болған соң, ойларыңды жаза кетіңдер
satibaldi
Мен жаздым ғой.
AKY
Нақмет.
Пікір түзетілген: 20 маусым 2011, 02:52
Altygradus
Қарап шықтым. Әдемі көрсетілімдері үшін ұнадыЕнд бір сенімсіз тұстары, қайдағы бір наркоманка қызға көмектесіп кеткені. Ал былайынша банально болса да қарауға болатын фильм.
Ана соңғы көрсетілімдегі көйлегі әдемі керемет
Шынымын 3-4 әуенмен ақ фильмды құрастырып шыққандары мықты екен. Сосын барып ютубтан басқа көрсетілімдер қарап отырып мынаған тап болдым, үнді-пәкістандық дизайнер Аиша Варси ана саундтрэк Marjawee-ді өз шоуына қолданған сияқты Үндістандық, Пәкістандық дизайнерлердің шоуларын жақсы көрем қатты, этно дизайн, түстері ашық боп
AKY
қайдағы бір наркоманка қызға көмектесіп кеткені.
«менен де сорлы адам бар екен» деп, салыстырып отыру үшін ғой))) Қайдағы жоқ емес, бұрынғы бәсекелесі ғой.
банально болса да қарауға болатын фильм
Келісемін.
З Ы: көрсетілім джынды екен
bazuka
мына видео мана ашылмап еді, қазір көріп алдым, мықты! +1 видео үшін.
satibaldi
Құрыған кино екенін біле тұра қалай көшіруге болады, осы психологиялық аспектті түсінбеймін мен.
AKY
Психологияда нең бар сенің, проктологияңа ие болсайш
qisyq
Scheschesse))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))
Zilola
кино өзге үнді фильмдеріне мүлде ұқсамайды.
Қазіргі заманғы болған соң, аздап қызықсыздау.
Өйткені ондай мода жайлы фильмді басқа кино майталмандары түсіре береді.
Бір ұнаған жері «адасу мен қайта түзелу», Мекхна әлгі қара нәсілді жігіттің төсегінде оянған соң барып сән әлемінде емес өзінің қиратып алған сарайында жүргенін сезінеді. Үйретері мол фильм. Дегенмен 3 төбелес, 5 атыс, 2.5 ән, 3.4 би болмаған соң үнді фильмнен ауылы алыстау
bazuka
ішінде ұзақ ән айту жоқ болсада фильм 3 сағатқа жуық екен. Приянка Чопраның ойнайтын фильмдері ұнайды. фильмде көп темекі тарту мен арақты суша сіміру және дизайнер гейлерді әсірелеп жіберген сияқты. фильмді қарап отырып ориентациясы дұрыс кісі қалмаған ба деп ойлап қаласын.
Мегхна Шоналиді үйіне ертіп әкелген кезде жаман ойға кетіп қалғам)))) бұларда оңбады деп))))
Әйгеро фильм көруге ұсынғанына рахмет.
Zilola
Мегхна Шоналиді үйіне ертіп әкелген кезде жаман ойға кетіп қалғам)))) бұларда оңбады деп))))
ұятсыз )))))))))))
Altygradus
ішінде ұзақ ән айту жоқ болсада фильм 3 сағатқа жуық екен.
ой айтпа сол ән айтуы жоқ боп сонысына қуандым. Үнді дизайнерлерінің шоулары әдемі болад, соған бола қараған едім, өкінбедім кеткен уақытқа мен де
AKY
Мегхна Шоналиді үйіне ертіп әкелген кезде жаман ойға кетіп қалғам)))) бұларда оңбады деп))))
Бәлкім Шонали өліп қалмағанда… Кім біліпті?
Айналасындағы еркектердің бәрі гей, ал гей емесі женатик болса, амал қанша?
bazuka
өзі тым жақсы жігітті жіберіп алды ғой, типа жұлдыз болып кетіп))