Ес кірмейтін махаббат

Суреттің түпмекені: a11i3n.yvision.kz
Отансүйгіштік, патриоттық сезімнің түрлі формада әрқайсымызда бары жасырын емес. Оның болмауы үрейлі, әрине. Ал елжандылық пен ұлтсүйерлікті пафостықпен паш ету кейде ұнамды бола қоймайтыны тағы бар. «Көзбояушылық» деген қап-қарапайым диагнозға шалдыққан зомбилер қаншама…
Бүгінгі ескіліктер топтамасына Астанадағы бір топ жастардың «Алға, Қазақстан!» атты кампаниясы түрткі болып отыр.


Көшеде спам таратушылардың да пайдалы спамдары болады екен. Кеше әйелімнің қолына берілген спамдардың бірінде Үндістан тауарларының көрмесі туралы ақпарат жазылған екен. Барып қайттық. Неше түрлі үнді тауарларының жәрмеңкесі болып жатыр екен. Үй жиһаздарынан бастап, әшекей, киім кешекке дейін неше түрлі заттар бар. Киімдер, маталар кинодағыдай түрлі-түсті, неше түрлі. Өзіме футболка қарап едім, таба алмадым. Әйелдерге арналған заттар ма деймін. Егер үнді мәдениеті ұнайтын болса барып қайтыңдар, біреулерге сыйлық алуға да көп вариант бар.