Қажығұмар Шәбденұлы. Қылмыс романы. Кірісу.
"Қылмыс" романының бастапқы беттерін оқи отырыңыздар! Ұнаса жекеге хабарласыңыздар
КІРІСУ
1968 жылдың басы.
Темір қақпақ пен шәугімдей шойын құлып шарқ-шұрқ ете түсті. Қап-қараңғы терең ұрада жатқан мен елеңдеп басымды көтеріп алдым. Жүрегім де әлдене бір шойын-темірге соғылып, шақылдап кеткендей болды. Тұла бойымды түршіктірген қатер мен күдіктің мұздай суық желі сумаң қақты.
Заңды түрмеде жатқан адамдар мұндай тосын құбылысқа кезіккенде елеңдесе де, жүрегіне мұз ине шаншылғандай болмай, үмітпен елеңдеп, жылы самал тигендей бір сезімге келетін. Босатып жіберер ме, иә, далада жұмыс істетер ме екен дегендей жақсылық күтетін. Ал, менде ондай үміт сезімі мүлде жоқ еді.
Әрі қарай

Соңғы кездері мен өзі дін туралы көп жазып кеттім бе өзі қалай? Бұл жолы да дін туралы бірер сөз айтсам ешкім қарсы бола қоймас деп ойлаймын. Өздеріңіз білетіндей «хабар» арнасы көрсеткен «Ақиқат» фильмі біраз жерде талқыға салынды. Әркім өз ойын білдіріп жатыр. Тіпті елдің бетке ұстар зиялылары елбасыға 

Дін туралы БАҚ өкілдерінің бүгінгі жазғандары тым біражақты пікір деп айтуға болады. Себебі қай газетті, журналды, қай арнаны ашып қарасаң да ислам діні жамағаттарын жамандаған мақала мен түсірілімге куә боласың. Бірақ, сол жамағаттардың елімізге тигізген аз да болса пайдасына көз жұма қарағанымыз әділдік пе? Түріктердің жақсы бір мақала бар. «Жақсылар жақсылықты, жамандар тек жамандықты көреді» дейді түбі бір халық. Біз де жақсылар қатарынан табылуға тырысып көрелік.