Кітапханаға бардым

Бүгін түске таман Шоқан Уәлиханов атындағы кітапханаға бардым. Негізі бұл реалда бітірдім дейтін іс емес, ылғи барып жүрген жер ғой. Сонымен… Мәдениет туралы кітаптар қарап отырғанмын. Бір кезде өткенде экономика туралы аударма жасағанда терминдердің қазақша баламасын таппағаным есіме түсті. Орнын толтыру үшін экономика негіздері, микроэкономика, макроэкономика, менеджмент кітаптарының қазақша нұсқасын оқуға кірістім. Оқып отырып мынандай ой ойладым. Не менің таным-түсінігім өте төмен, не кітаптар ауыр тілмен жазылған. Алдымда жатқан кітаптардың көптігіне қарап мен алғашқы нұсқа дұрыс деп ойладым. Тек маған түсінікті болған М.Тілеужанованың «макроэкономикасы» болды. Қалғандары экономика тарихы мен терминдерге тола екен. Жазған адамға елдің түсінгені маңызды болмаса керек.
Бөлісу:

3 пікір

meirzhan
Дұрыс айтасың. Кейбір кітаптардың қызықсыз, түсініксіз жазғаны сонша, тіпті пәннің өзіне де қызығушылық төмендейді. Саясаттанудан Жамбыловтікін ғана жақсы түсіндім.
AL-ASTER
Кейбір кітаптарды жазар кезде түсінікті қылуға қатты тырыспағанда, қазіргісінен әлдеқайда түсінікті болар ма еді… ©?