Кітапханаға бардым

Бүгін түске таман Шоқан Уәлиханов атындағы кітапханаға бардым. Негізі бұл реалда бітірдім дейтін іс емес, ылғи барып жүрген жер ғой. Сонымен… Мәдениет туралы кітаптар қарап отырғанмын. Бір кезде өткенде экономика туралы аударма жасағанда терминдердің қазақша баламасын таппағаным есіме түсті. Орнын толтыру үшін экономика негіздері, микроэкономика, макроэкономика, менеджмент кітаптарының қазақша нұсқасын оқуға кірістім. Оқып отырып мынандай ой ойладым. Не менің таным-түсінігім өте төмен, не кітаптар ауыр тілмен жазылған. Алдымда жатқан кітаптардың көптігіне қарап мен алғашқы нұсқа дұрыс деп ойладым. Тек маған түсінікті болған М.Тілеужанованың «макроэкономикасы» болды. Қалғандары экономика тарихы мен терминдерге тола екен. Жазған адамға елдің түсінгені маңызды болмаса керек.
Әрі қарай