Бензіннің летірі 18 теңге...
"Қай жақта?"-деп отырған жеріңізден атып тұрмай-ақ қойыңыз. Баяғыда, жайлауда естіген әңгімем ғой бұл. Үлкендер өзара әрнені қыртысып отыр. Бір кезде біреуі«Бензіннің летірі 18 теңге болды, 20-ға барғанда жаяу жүретін шығармыз...» деді. Содан бері әжептеуір уақыт өтіп, бензін бағасы да әжептеуір өзгеріске ұшырыпты. Бірақ, машинасын қаңтарып қойып жаяу жүріп жүрген бірі жоқ.
Әрі қарай



Шамалыдан соң қан аралас көпіріктердің тамып жатқанын байқадым. Қызыл еттің қанауы дегенде білем, дәл бұлай қанамайтын тісімнің еті. Аузым аши бастады, кәдімгідей ашып ауырды. Аузымды сумен шайып жатырмын, қан тоқтайтын түрі жоқ. Не керек, тіс щеткамды шайып орнына қояйын десем… Тіс щеткасы дегенім сақал қыратын станогым!