25 пікір

asaubota
1-ді енді бітірдім
bazuka
Аршат видео шығып тұр ма?
asaubota
шығып тұр, сілтемесін осы жерден алып keepvid.com арқылы түсіріп жатырмын компқа. үйге барғасын қараймын.
bazuka
жеңгей екеуіңіз шәй ішіп отырып қарайсыздар ғой енді))
asaubota
оған не до сериала  еңіреп емшек іздеп жатқан бір баласы бар, қасында улап-шулап ұйықтатпай секіріп жүрген екінші баласы бар. менің өзім сол екіншісін бағамын деп зайып алайын деп жүрмін
Nurgisa
Жарайсың, базука, жақсы салдың еске…
bazuka
мен негізі сізден күтіп жүргем салады шығар деп)))
Nurgisa
Қолым тимей жүр аудармалармен, сенің салғаның жақсы болды. Кешке Ясеминдерге дейін қарап тастау керек болды.
bazuka
өзім әлі толық көргем жоқ, керекшілермен бөлісуге асығып кеттім))
asaubota
Керимнің паханы келеді ау деймін. сосын түрмеден шығарып алуға оның да септігі тиіп, Керим екеуі достасып кетеді деп жорамалдап отырмын.
bazuka
өткен сериясы соңында келіп жатыр еді бір ағашке жүр сол шығар, мен көруге кеттім)) кешке таман талқыға салам)))
Gulistan
Асау, Эзель туралы күтіп жүрмін деп мен де қыстырыла кетейін. "Ғашықтық пен жазадан" гөрі осы «Эзель» қызықтырақ мен үшін.
bazuka
Хабар арнасы көрсетіп жатқан сериал ма? Ол сериалды онша қарай коймадым, Кенанның бұрыңғы түскен сериалдарынан көп айырмашылығы жоқ сериал сияқты.
Gulistan
Бұрынғы түскен сериалдарын қарамағандықтан, мен үшін таңсық. Айтпақшы, «Дениздің» рейтингі қатты түсіп кетіпті.Арамыздар фанаттары бар ма еді?
bazuka
Бұрын «Горкая жизнь» деген сериалын көргем, Бұда да сол сериалдың кей жерлері келеді))
bazuka
горькая қате кетіпті))
asaubota
сол сенен ұялып жүрмін. жазуға бір түрлі жинақтала алмай
Gulistan
қойшы невтему ұялмай
Сенен өтініп отырғаным — түрікше интернет сайттарынан осы сериалдарға қатысты материалдарды қарастыруға жағдайың бар дегенім.
Әрине, қол тимесе, зорлық жоқ
Medina09
Cалем! Турикше тусинетиндер болса, Керим Фатмагулге телефонмен не деп жатыр? Жане Мустафа Хаджерге не деп айтып жатыр халайык???
asaubota
соңғы сериясы күшті болды.

Керим телефонға арнайы рұқсат алған екен, түрме директорының жұмыс телефонынан звондады. басында прикаловаца етіп, тамаққа заказ беріп жатыр еді, Фатмагүл түсініп қойды. обшым келесі аптада сот болады деп қуанып жатыр. өйткені Керимнің пайдасына дәлелдел табылды. оқиға орнында үшінші адамның аяқ іздері табылды және ол су жақтан келгені анықталды. Хаджер (Асу) прокурорға түсініктеме берді ғой, Керимді жолда көргені туралы және түсіп қараған кезде Вурал әлі тірі екені туралы.

Мустафа Вуралдың бейітіне барып дұға оқып тұр еді, оны Хаджер көріп қалды да сосын айқайлады «оны өлтірген сенсің» деп.

Керимнің әкесі бәрін айтып берді Мерйемге. әйелі оны сүймеген екен, басқа жігітті ұнатқан. Австралияға кетіп жаңа өмір бастайық дегеніне көнбеді. сосын әкесі өзім кетемін деп кетіп қалған. әйелі Керимді де алып кет деді. бірақ, әкесі әйелі бәрібір келеді деп ойлап Керимді әдейі алмай кетті. соған өкініп жатыр. ал әйелі тіпті баласын да ойламай асылып өлген.
Medina09
Рахмет коп-коп. Ия, ммм Керим енди не истейди екен???
bazuka
Мустафада мүлде ұят қалмай бара жатыр екен)))
Мерием әпкей мен адвокат қосылса жақсы болар еді, бақытты болуға лайық кісілер!
asaubota
bazuka сен түсінесің бе түрікше?
bazuka
арасында түсінем, бірақ толық ұқпаймын, тек пайымдаймын да қоямын.
asaubota
сөздерін түсінбесең қиындау, өйткені қазір көп маңызды диалогтар болып жатыр. Ф мен Кнің хаттары да қызық. соңғы хаттарын тездетіп оқып тастады, яғни үш айдай уақыт өтіп кетті. Фатмагүл лицейдің кезекті класын бітірді, жұмысқа алынған студентті де мақтап жатыр, жұмыстары жақсы жүріп жатыр.
Эрдоған Мелтемнің әкесіне косяк дайындап жатыр. соңына бір қызды салып қойды, соның басын айналдырады сосын видеоға түсіріп алып, шантаж істейін деп жатыр.
asaubota


келесі 43-бөлім қызық болады. Фатмагүл телефонмен Хаджерге сотқа келесің ғой деп жатыр, ол келіп бәрін айтамын деп жатыр. Керимнің әкесі Яшарандарға келіп наезд жасап жатыр, маған дұрыстап отчет бермесеңдер кетпеймін деп. Керим түрмеде Яшарандардың адамымен төбелесіп қалып жатыр.