Омар быраттың "ең-еңңдері"

Алдыңғы эстафетаға қатыспап едім. Пернетақтаны «ең-ең-еңңң» дегізіп от алдырып, мына эстафетаға бірдеңе жазып жіберейін деп, сол… ))

Тоздырмай, ең ұзақ киген киімім. Братанның маған бере салған бір қысқа жеңді шақпақ жейдесі бар еді. Соны бес жаздай кидім.

Ең ұзақ киген аяқ киімім. Бірінші курста бір қыстық бәтіңке алып едім. Ішінде «Estilo» деген ба, бір жазуы бар. Бірінші курстан бастап, оқу бітіріп, жұмысқа кірген бірінші жылға дейін бес қыс кидім соны. Іші кәдімгі қойдың жүнімен қапталған болатын. Үшінші жылдан бастап уылтарақ тықырланып, ер-тоқым қаптайтын былғары сияқты жылтырап кетті
Әрі қарай

Ең,ең,ең...Әбіләкім

Ең ессіз әрекетім — жұмыстас біреудің өтінішімен Астанаға (2007ж.) 500 000 теңгені жұқа күртешемнің қалтасына салып апару. Бұл жеердегі ессіздік, сол ақшаны Астанадағы соттың ішіне кіріп (үш бидің ескерткіші тұрған сот қалай аталады?) бір судьяға беруім. «Не үшін бердім?», «басым пәлеге қалмай ма?» деген ойлар миыма кірмепті сол кезде, жұмыстан үш күнге босатқанға мәзбін.

Ең бірінші басқарған тойым- шамалы адам жиылған құдалық (туған күн, анау-мынауды есептемегенде).Қарағандыдағы бір мектептің асханасында болып еді.

Ең бірінші рет трактормен жалғыз сапарым- 3-ші класта оқитын кезім. Үлкендер оталдырып берді. 30 км шамасы жердегі екінші жайлаудағыларға бардым. Трактордың шөп шабатын косилкасы және бар.
Әрі қарай

Эстафета - Ең, ең, ең. Сатыбалды.

Эстафетаның бұл формасы міндетті емес. Әйтеуір өздеріңізге байланысты «ең-ең-ең» дүниелерді еске алсаңыз болғаны.

Қолыма ұстап көрген ең көп ақша.
Алты жарым мың доллар. Қазақтардың астанасы Алматыға жеткізгенше көз ілмей, кірпік қақпай бардым. Кез-келген мент, жолаушы, саудагер дәл менің ақшам туралы бірдеңе білетін сияқты күй кештім мен. Тіпті Луговаяға жеткенде менде үркектік синдромы пайда болды: біреу қараса — мен де тіксініп қарай қалатын болдым. Алматыда ақшаны күтіп алғандар сәйкесінше құрметтерін көрсетіп жіберд, әңгіме жоқ. Бірақ ақша орнында тұр ма деп, ышқырымды сипап көре беретін әдет біразға дейін қалды.
Әрі қарай

KILYZAMAN: ұнайд/ұнамайд

Ұнамайды: Көлгірсіген көкбет өзеуреп ертедегіні еске салып, МАШАЙЫҚ қашып құтылыптының керін келтірген кезде; алтын шақта қара бақыр да бұйырмай, қағажу ететін дәнек арман болатын, болатыны несі — қас
Әрі қарай

"Ахотники за приведнами"

Бала күнімізде орысшадан нөлміз @VKM-сстың, сондықтан мульпильмдердің атын қате-қате қылып айтатынбыз. Ностальжи назымына беріліп, шалалық шаққа хуясат жасап қайтыңдар, нақ әкесстер. Өлеңді хормен айтуды рекомендеймін:




If there's something strange
in your neighborhood
Who you gonna call?
Ghostbusters!
Әрі қарай

Қайрат Байбосынов ағамыздың орындауындағы әндер

Асхат мырзаның өтініші бойынша және бойында қазақтың қаны ойнап тұрғандар да бей-жай қарамас деп қазақтың қара домбырасына кезек беруді жөн көрдім.
Гәкку. ІІ нұсқа

Гәкку.ІІІ нұсқа

Нәзік гүл
Әрі қарай

Сол баяғы ұнайтындар мен ұнамайтындар жайлы...

Ұнайды:
Анамның көзіндегі қуанышты көрген сәттер, кейде оған еркелеп тізесіне басымды қойып жатқан, үлкен ұлымның ойлары/сөздері, жұмыстан келгенде кіші ұлымның «папоооу» деп үзілдіріп айтатыны, келіншегім, аға-апаларымның (әпке, әпше, тәте) балалары (опшым жиендерім мен іні-қарындастарым), Ақтөбенің бауырсақтары мен шелпектері, жаңа тартылған қаймақ, мамыр айындағы сүттен жасалған май (біздің жақта «майское масло» дид), ет қосып жасалған тағамдардың пәшти барлығы, КВН, КВН-ға дайындық, әзілдеріңнің баршаға түсінікті болуы/күлдіруі, қыста далада жүрген кезде қардың сықырлауы, жаз кезінде ауылда түнде далада жұлдыздарға қарап жатып ұйықтап кету, марқұм әкем туралы естеліктер тыңдау, көктемнің аяғында күн енді қызып келе жатқан кез. жасаған жұмысыңды бағалай алмайтын/ бағалағысы келмейтін бастықтар, Қадыр Мырза-Әлидің «Егіз ұйқастары», "Қасқырдың монологы", халық әндері, домбыра тарту, тағысын тағылар…
Ұнамайды:
айнаға қарап, әспеттенуден қыздарды басып озатын нәсілдестер, еркектерге немесе әйелдерге арналғанын айыра алмайтын киімдер, сәйкесінше сондай киім киетіндер, низкий посадка джинси киіп алып, жүресінен отыратын қыздар/жігіттер, жол бойында кездесетін жүргізушілік этикадан жұрдай топас жүргізушілер, пешеходтан тәлпіштеніп өтетін жаяу жүргіншілер, караокеге арақ ішу үшін баратындар, араласатын ортасын әлеуметтік статусы мен байлығына қарап сұрыптайтындар, биография мен географияның тайталасы, жұмысқа бара жатқанда көшедегі пробкалар, мемлекетті басқарудағы мемлекеттік емес подходтар, т.б. ұсақ-түйектер…
Әрі қарай

ұнайД :), ұнамайД :(

АКУ таяқшаны бергенде, қолым тимеп ед

ұнайД: таңғы кофе, көкшай, жалғыздық, пластинка тыңдау, М-бук, нетбугім, корея/жапон доромдары, Эпольдамен өткен әр сәт, бейсенбі күні түнімен корей драммасын көріп шығу, демалыс күнгі ұйқы, мамды күлідіру, күріш кашасы, мәнді өмірлік кинолар, 4-міздің стаутқа барған кезде куәлігімізді сұрауы, судың кез-келген түрі(арық, көл, теңіз, бассейн, көлшік, баня, душ, ванна), суретке түсіру, бөлмемнің түк жоқ болып тұруы, маңызды кездесулер, кішкентай балқандарды тістеу, күтпеген кездесу, романтикалық жасаған әрекет, Салтаның менің әр қырымнан суретке түсіруі, саттың жазбаларын окып, үй-ішіме айту, сабаққа бару, спорт залда терлеу/шаршау, анау* баламен қол ұстасып қыдыру, үйдің туалетін жууу, күн шуақты болу, жаз мезгіл, коньки тебу, инет ақтару, сары/жасыл түс, Бутаковкада күз кезде болу, қып/қысқа киімдер киу, жақсылыққа ұмтылатын адамдар, түн, көп жұмыс, сертификат алу, мақтау есту, жеңіл кину(классика мес), өлген каблуктар*, Флинт қытырлақтар, Алпен голд, қыздардың кейде блондикалық образы, төсегім/бөлмем, әуендер тыңдау, ұнағанды мың рет тыңдау, кореялық актер/актрисалар, травел блог/сайттары оқу, би, шоуларға бару, елдердің еркелеткені, жаңа таныстық, президент паркі, шарфтар сатып/подарктен алу, бұрынғы естелік заттарды ақтару, хат алу, жаңа бір жерге бару, алматының тур.операторлары, рюзак, фанат болу, ҚМЭБИ-дің сұлу қыздары, топрақтың/әктің исі, тегін оқу, қалаған кезде салат жасау, В-сурет салуы, онын блогын ақтару, Көрмелер, театр, музей, тарихи кинолар, шығыс стилдеріне еліктеушілік т.б. осымен доғарайын көбейіп кетті)))

ұнамайД: ақша және квазия
Әрі қарай