Национал-көтриоттарға релакс-цитаталар

«Сөз жоқ Қазақстанға алақан жаятын күнге де жетеміз». ©Меркель
«Астананың сәулетінің кереметтігі сондай, Флоренцияны қайта көргенде өкіртіп құстым».©Рим тұрғыны
"Қазақстан Қытайды басып озатыны әлден-ақ белгілі, біздер қаңғып кететін шығармыз"© Қу Жың Тау
«Жұмыс істеуге дым құлқым жоқ. Жасайсың-жасайсың, бірақ Қазақстан деген айбынды мемлекет бір қой озып кететінін білгенде, жұмысқа қолың бармайды» © Taiwan Semiconductor Inc. CEO-сы
«Біләд ал ойбай, ал керек болса!»© Георгиос Папандреу
«Адронды коллайдерге 4 млрд. долларды желге ұшырдық. Қазақтардан сұрай салуға
Әрі қарай

Керзі етік

Ауылдағы ат үстінде жүретін ағаларымыз қысы-жазы аяқтарынан керзі етігін тастамайды.Ондағылары аяқтарын үзеңгі қажамас үшін болар бәлкім. Бірақ, менің айтпағым басқа еді.
Бала кезімде маған да керзі етік сатып әперді. Өзіміздің елде шыққан. Табанында «ЖАМБЫЛ» деген жазуы бар, жоғарыдан төмен қарай жазылған. Сірә, Жамбыл жақтағы аяқ киім фабрикаларының бірінен шықса керек. Не керек, жап-жаңа етігімді киіп алып сыртқа шықтым. Үлкендер анадай жерде соғымға жылқы сойып жатыр. 6-7 жасар кезім. Қарға түскен ізіме мәзбін. Анықтап қарасам табанымдағы жазу қарға анық түспейді екен. Үлкендер жаққа жүгіріп бардым да «Менің етігімнің астында жазу бар. Сол қарға толық түспейді „АМБЫЛ-Амбыл“ деп қана түседі» дегенімде үлкендердің неге бұттан кете күлгенін кейін түсіндім.
Әрі қарай

"Керекинфо" сорпасы. Арнайы бойдақтарға және уақытша әйелсіздерге.



Ең тез және оңай жасалатын тамақтар сериясынан «Керекинфо» деп аталатын сорпа. Бұл аз бюджетті тағам бойдақтар немесе уақытша әйелсіз қалған еркектерге арналады.
Әрі қарай

Жылдық есеп aka "гадавой атшот"

«Э-Л-Е-Г-А-Н-Т-Т-Ы-М-Ы-Н !» © СаянҮш

***
Жылдық есеп — қазақ дүниетанымының альфасы мен омегасы, әліп пен йа-сы, эйы мен зеті, а-сы мен я-сы.

***
Министрліктегілер жылдық есепті оқып отырып бірнеше рет бітіреді деген сыбыс бар.
Әрі қарай

Цецедей циник цензормен цацкание

«Жаңа өзен»- деп бастағам мақаламды.
Үйдің артындағы,
Жардың астындағы
Кісінің қабағы түксиді:
«Болмайд, болмайд — Тақырып бір жаман сөзге ұқсайд...».

Үй артына үшбу хатым дайын еді:
Әрі қарай

АКУ-дің "КОДАГЫ"

Шертілмеген домбыра ек сол кезде
Қолтыққа жүн енді шыға бастаған
Соткамыз жоқ, хат жазамыз «тор көзге»
Құрбыларға он алтыдан аспаған

Өтіп жатты сондай күндер қалыпты
Білмейтін кез қадірін бұл Уақыттың
Қаладан АКҮ фотаапарат алыпты
Түсірем деп сәттерін әр бақыттың
Әрі қарай

Ағайынды иттердің төбелесі



Бұл төбелестің жалпы ұзақтығы 2 минөттей еді.Мен соңғы 50 секундын ғана түсіріп үлгердім. Ауылдағы екі ағамның иттерінің төбелесі. анау кішкентай қанден ит ақ итке болысып қараны тістелеп жүр. ақ ит пен бір қорада жатады ғой қанша дегенмен.
Әрі қарай

Керектің Саяси Болжамдар Орталығы. Мүшейра-2

Сұрақ: Парламент Сайлауынан кейін Премьер-министр кім болады?

Алғашқы дұрыс жауап иесіне сыйлық — өзі көрсеткен оператордың 5 000 бірлігі.

Бір қолданушының тек бір ғана болжамы қабылданады. Дұрыс болсын, бұрыс болсын, бірақ қызықты
Әрі қарай