Олимпиада жүлдегерлері қанша сыйақы алады?

Әр ел өз жеңімпаздарына түрлі сыйақы тағайындапты. Ең көбі Грузияда, Олимпиада чемпионы атанған грузин спортшылары доллар миллионері атағына да ие болады. Бір алтын медалист миллионерлері бар әзірше. Әзірбайжандықтар чемпиондарына 510 мың доллар береміз деп отыр. Біздің ел 250, 150, 100 мың доллардан сыйақы береді. Қытай тек алтын медальға ғана сыйақы береді, ал Ұлыбритания ешқандай сыйақы тағайындамаған. АҚШ бірнеше жылдан бері тек 25 мың доллар береді Олимпиада чемпионына.



Кесте sports.ru блогтарынан алынды.
Әрі қарай

Анар Мұстафина: Қазақ интернетін дамытуға азды-көпті үлес қосқаным анық

Ақзерені таныстырудың қажеті жоқ шығар. Мынау, «Нұр Астана» газетіне шыққан сұхбаты.

– Анар, блог ұғымын қалай түсіндірер едің? Блогшы қандай болуы керек?


– Жалпы былай қарастырсақ, блог – бұл онлайн-күнделік. Бұрын адамдар ішкі ойлары мен толғандыратын сұрақтарын қағаз бетіне түсірсе, қазір блогқа жазады. Ал сол жазбаларын танымайтын адамдар оқып, оған пікір білдіріп, қолдау көрсетсе ол тіптен қызық бола түспек. Блог тақырыптарының аясы тек жеке өмір қызығушылықтарымен шектеліп қалмай, әлеуметтік, саяси тақырыптарды да талқыға салып, олардың шешімін табу да блог ұғымының тынысын кеңейтеді. Өйткені Интернет шексіз, сіздің жазғаныңызды құзырлы органдар да оқып отыруы әбден мүмкін. Ал қазақ тілді блогосфераның бұдан басқа тағы бір міндеті бар, ол қандай тақырыпта блог жүргізсе де, интернетте қазақ тілін насихаттау, дамыту.

– Блогингті азаматтық журналистикаға теңеп жатамыз. Қазір блогерлер арасында журналист секілді зерттеу жүргізетіндері бар ма?
Әрі қарай

Jansarai, тағы әкелдім!

Арқаның іш жағында тұратын бір ағайыным бар. Мына иығына Оспанханның, мына иығына Марк Твен мен Әзіз Несиннің әруақтары сыйысып отырвалған қалжыңбас деседі ел ол кісіні.
Очм, анау қиын 90 жылдарда дүкеннен тіпті… дамбал жоқ боп кетеді ғой, ал базар деген әлі қалыптаспаған. Содан ағам: «Ай дамбалдың қорлығы өтті-ау, кездестірсем -
Әрі қарай

Олимпиада ойындарын интернеттен тікелей қарағыңыз келсе



Егер ТВ-ден қарау мүмкіндігіңіз жоқ болса және жалпы ТВ барлық ойындарды тікелей көрсете де бермейді, осы сайт сізге көмекке келеді. 12 канал бар, соларды басып, қалаған спорт түрін қарай аласыз. Және бір жақсы жері ешқандай комментаторсыз болуы.

www.eurovisionsports.tv/london2012/index.html
Әрі қарай

УЕФА әр ел бойынша Мессилер тізімін жариялады



УЕФА-ның Ішкі саясат және Мұрағаттар мен құжаттамалар басқармаларының ортақ жүргізген жобаларының қорытындысы жарияланды. Қос басқарма УЕФА-ға мүше әр ел бойынша Мессилер және Барселоналар тізімін жариялады. Атап айтар болсақ Голландияның Мессиі Ян Вертонген атанса, Швед Мессиі — Ибрагимович. Көршілес Ресейден Андрей Аршавин осы атаққа лайық болса, Украинаның жас перісі Коноплянка өз елінің Мессиі атанды. Өкінішке орай Қазақстан атынан бұл тізімге ешқандай футболшы кірмей отыр. Мальта (Клэйтон Файлла), Лихтенштейн (Марио Фрик), Фарер аралдары (Йохан Симун Эдмундссен) сияқты ұсақ елдердің Мессилері бар болғаны көңілімізді қынжылтты.
Әрі қарай