Юнайтед: Ұрпақтар сабақтастығы

  • UNITED
Манчестер Юнайтед тарихындағы ұрпақтар сабақтастығы, тәрбие, мызғымас дәстүрлер туралы бір кітап жазуға болады. Сөзді көбейтпей, Куинз Парк Рейнджерс пен МЮ арасындағы соңғы матчқа қана тоқталайын.
Әрі қарай

Хэтроу

Бұдан бұрын сіздермен өмірімдегі өзгерістермен бөлісіп едім. Жаңа жер жайлы фотосет жасау ойымда болған, бірақ кешігіңкіреп жариялап жатырмын. «Ештен кеш жақсы» дегендей, қабыл алыңыздар.
Осында соңғы рет 2007 жылы болған едім. Қала өте өзгерген. Ең ұнағаны ағаш егілгені көшелерге. Кеткен әкім Бергей Рысқалиевті қанша даттап жатса да, әйтеуір қала үшін бір игі іс жасапты ол. Жолдар дұрысталған, жаяужолдарға тас салынған. Байқасаңыздар, жолдың бойында сарғыш қоқыс жәшіктері тізіліп тұр. Жаңа әкім Бақтықожа Ізмұхамбетов салқын түскенде жол жиектерін (бордюр) ауыстыруға кіріскен, негізі ескі емес еді олар. Жиектерді ауыстырған соң, маңайындағы тастарды да ауыстыруға тура келеді.
Жаңа үйлер көп, бүкіл жерде салынып жатыр әйтеуір. Бірақ бағасы енді қып-қызыл.
Көлік көөөөөөөп, күнде жол-көлік оқиғасы болып жатады. Бағдаршам аз, барлығы әйтеуір асығып бара жатады, очм экстрим.
Супермаркет, дүкен көп. Ақша бар жерге саудагерлер де үйіледі ғой.
Қазір қала түрлі-түсті шамдармен жанып тұр. Әр мекеменің алдында бір шырша. Бірақ қар жооооооооқ. Кейін уақыт болса, қысқы қала фотосетін жасап, жариялармын.
Әрі қарай

Қараңғы

Бұл баяғыда болған оқиға…

Әкесі мен баласы
Кішкентай кезімде бөлмеме барып жату мен үшін қорқыныш еді. Жарықты өшіріп, қараңғыда ұйықтау, айдалада жалғыз қалғанмен бірдей.
Әрі қарай

Блогқұрылтай 2013 - өткізілу орны

Ассалаумағалейкүм!

Шараның алғашқы күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде өтеді. Бұл жайында толық бағдарламада жазылған. Екінші күні өтетін орын ретінде «Бәйшешек» лагерін таңдап отырмыз. Бүгін шымкенттік ұйымдастырушылармен бірге «бәйшешекке» барып, Сіздерге түсініктірек болуы үшін суреттерге түсіріп келдік.

Әрі қарай

Блогқұрылтай 2013 бағдарламасы



Ассалаумағалейкүм!

Наурыздың 23-24 наурызында өтетін «Блогқұрылтай 2013. Шымкент» шарасының бағдарламасы (қаралай нұсқа):


БЛОГҚҰРЫЛТАЙ 2013
Бағдарлама

1-күн
(М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті.
2-мәжіліс залы)

9.00. – Тіркелу
10.00-10.30 – Ашылуы, пресс конференция
10.30-11.30 – 1-сессия
11.30-12.00 – кофе брейк
12.00-13.00 – 2-сессия
13.00-14.00 – түскі ас
14.00-15.30 – 3-сессия
15.30-16.00 – кофе брейк
Әрі қарай

"Тәжин тізімі" блогшылар үшін қорқыныш па, қуаныш па?

  • KazNET
Интернет ортада өткен аптаның басты тақырыбы «Тәжин тізімі» болды. 22 ақпан күні мемлекеттiк ақпараттық саясаттың өзектi мәселелерi бойынша өткен жиында Қазақстандағы ең танымал әрі ықпалды аналитиктердің, блогшылардың, әлеуметтік желілер модераторларының мәліметтер базасы жасалатыны туралы айтқан еді ҚР Мемлекеттiк хатшысы Марат Тәжин:

«Еліміздегі қоғамдық-саяси өнімдерді шығарумен айналысатын барлық мемлекеттік ұйымдардың, ең танымал әрі ықпалды аналитиктердің, блогшылардың, әлеуметтік желілер модераторларының біртұтас мәліметтер базасын құру керек. Бұл жұмыс 2 ай уақыт ішінде аяқталу керек. Бізде мәліметтер базасы болуы керек, шамамен сәуір айынан бастап осы бағыттағы жұмысты жандандыруға тиіспіз. Мен осыны талап етемін, алайда бірде-бір мемлекеттік органдарда ондай мәліметтер базасы жоқ. Бұл дұрыс емес. Осы жұмыспен ұдайы айналысатын адам керек»

Бұл сөздерді блогшылар әр түрлі формада қабылдап, түрлі-түрлі пікірлер айтыла бастады. «Тәжин тізімі» деген атау да қойылып үлгерді. Мемлекеттік хатшы сол жиында не айтты, қысқаша қарап көрейік.
Әрі қарай

Hatebook.org – хейтерлер мен мизантроптардың сайты

Ағылшын пәнінің мұғалімі Ұлжан апай айтқандай, «өмірде жаусыз қызық емес» деген сөзден бастағым келіп отыр. Өмірде де, әлеуметтік желілерде де біз дос жинағанды жөн көреміз. Ұнамағандарды жай ғана қара тізімге енгізіп қоя береміз. Мысалға, әлемге танымал әлеуметтік желі Facebook-те қолданушылар бір-біріне достық жібереді. Ал Хейтбук (www.hatebook.org) сайтында керісінше жау жинайсыз. Өзіңізге ұнамайтын, түсінбейтін немесе қабылдай алмайтын әрекеттер мен заттар туралы пікіріңізді жариялайсыз. Осындай антиәлеуметтік желі десек те болады. Біз үшін бір кемшілігі, сайт интерфейсінің ағылшын тілінде болуы, алайда ағылшын тілін осы сайтта өзіңіздің жек көретін нәрсеңіз туралы түсіндіруге немесе өзіңіздің жауларыңыздың жыны келетін нәрселерін түсінуге талпыну арқылы үйренуге болатындай.) Сыртынан болсын, көзінше болсын өсек айтуға да өте таптырмас құрал.
Әрі қарай