Юнайтед: Ұрпақтар сабақтастығы

  • UNITED
Манчестер Юнайтед тарихындағы ұрпақтар сабақтастығы, тәрбие, мызғымас дәстүрлер туралы бір кітап жазуға болады. Сөзді көбейтпей, Куинз Парк Рейнджерс пен МЮ арасындағы соңғы матчқа қана тоқталайын.

Райан Гиггз. Манчестер Юнайтедтің аңызы. Тірі аңыз. Клуб тарихындағы үздік футболшы. 2013-жылдың 23-ақпанында 999-ойынын өткізді. Биыл қарашада 40 жасқа толады.

Рафаэл да Сильва. Қорғаушы. Юнайтедтің негізгі құрамдағы жас ойыншылары арасында ең тез дамып келе жатқан жігіт.

23-ақпанда өткен КПР-МЮ матчына екеуі де қатысты. Екеуі де гол соқты. Алдымен Рафаэл тамаша соққы жұмсап есеп ашса, екінші таймда, Гиггз тәжірибесі мен шеберлігін тағы бір паш етті.

Енді қызықты қараңыз. Гиггз Манчестер Юнайтедтің негізгі құрамында алғаш рет 1991-жылдың 2-наурызында алаңға шықты. Бұл кезде Рафаэл бар жоғы тоғыз айлық нәресте болатын. Ал кешегі ойында екеуі клубтың жиырмасыншы чемпиондық атағын жақындата түсуі үшін барын салды. Міне — ұрпақтар сабақтастығы. Чемпиондар жаңа чемпиондарды тәрбиелеуде. Гиггз зейнетке кеткенде келесі ұрпақты Рафаэл тәрбиелейтін болады.
Бөлісу:

20 пікір

MickThatsMyNick
кез келген жас футболшы үшін өзінің пір тұтқан футболшысымен бір алаңда ойын көрсеткені керемет сезім шығар.)
torgai
Егер Фергюссон бұрын кетсе, Гигз шынымен де «мамонт» аталады
ruben
Рафа — мәләдес! Гарридің кәртейгенін сәтті пайдаланды. Басында, Ингильтараға келерде, сыңары Фабио мықтырақ көрінетін. Бейшара Эвраның алдына өте алмай жалданып жүр.
Ал, Гиггз юнайтедтің деревенский образын сәтті ашады, енді ондайлар қалмады, кілең гламур метросекстер заманында
Adiletshu
Хавьер Занетти, Дель Пьеро, Скоулз, Бекхамдар бар ғой
torgai
Бұлар бір клубта емес. Солай түсіндім мен.
Marco
Аптасына 200 мың фунт-стерлинг жалақы алса да Руни әлі сол ауылбай ғой.))) Немесе Видич пен Валенсия. МЮда басқа топ клубтардағыдай тым «жылтыр» жігіттер аз әлі)))
ruben
без обид, бро! Юнайтедке жақ болғандар қала шетінен жиналған деген қауесет бар болғасын, ауылбай дегем))) келіспейм, Руниге ауылбай болу қайда, ол скаузер емес пе?!
Соңғы түзету:
Marco
Енді скаузерің артықтау шығар))) Эвертондықтар да скаузер болып есептеледі ме әлде?
ruben
Мерсисайдта туылып, скаузер бола алмау — жалпақтау ғой. Уейнге жарасады, бірақ))
Marco
Мен скаузерлер деп тек «Ливерпульдің» жанкүйерлерін айтады деп ойлаппын. Руни «Эвертондық» қой.
asaubota
осы Рафаельден пәлендей ештеңе байқай алмадым. соңғы голы иә әдемі базар жоқ. дәл қазіргі МЮда болашақта аңыз болатындай ешкімді көріп тұрған жоқпын.
Marco
Мынау аңыз болады деп МЮ-де біреуді бөліп қарауға болмайтын сияқты. Кантона мен Роналду болмаса, Фергюсон тұсындағы ойыншылардың барлығы бірінші кезекте команда үшін жұмыс істейді.
Қалай болғанда да өткен жылмен салыстырғанда Рафаның прогресі мықты. Шабуылда да, қорғаныста да мейілінше жинақы ойнап жүр. Сосын, Фил Джонстан көп нәрсе күтемін. Ебедейсіз көрінгенмен, аса дарынды футболист. Ең бастысы тренердің тапсырмасын қатырып орындай алады.
Qazaqbalasy
МЮ де мықты ойыншы саусақпен санаулы, ойын жүрісі жолға қойылған. әр ойыншы команданың тарихымен, рухани күшіне сүйене ойнайды. МС мен ПСЖ ондай бар деу қиын.
konvict
Бір группаласым МЮ-ға жанкүйер болғаны үшін, сойқандарды жақтырмаушы едім. Өткенде, Теріскейдің үйінен МЮ-дың қайғылы оқиғасы туралы киноны көріп, ішім жылып қалды.

Рафа — өте талантты ойыншы. Тек, бразилиялықтардың тағдырын бермесе болғаны
Marco
Мына кино ма?
Тек, бразилиялықтардың тағдырын бермесе болғаны
мынаны түсіне алмай отырмын
Adiletshu
Бұл кино онша ұнамады. Контана туралы кино қызық
ruben
бразильдер синдромы — халявный ақша таба бастағанда, расслабон режимін қосу. сәтті мысал — Рональдиньо Гаушу. сәтсізі — таз қарын Адриано
Marco
А енді түсінікті))) Мына матчта Адриано ойнап, өзінің қақпасына гол соғып еді)))
konvict
Сол кино ғой. Бразилиялықтардың мысалын Рубен айтып кетіпті ғой. Меніңше, қазіргі кезде МЮ-ға жоғары класты жартылай қорғаушы керек. Пол Скоулз да, Гигз да қартайды