Фанаттар баннері қалай жасалады?



2012 жылғы Еуромаусымда қазақстандық клубтардың ішінде алысқа шапқаны әдеттегідей «Ақтөбе ФК» еді. Соңғы бельгиялық Генкке қарсы матчта Ақтөбе Орталық стадионының «13-сектор» фанаттар бірлігі орналасқан секторында үлкен баннер ашылды. Баннерде Ақтөбе қаласындағы орталық мешіт, Әбілхайыр хан ескерткіші және шаңырақ бейнеленген. Астындағы жазу: «ЕЛ ҮМІТІ КІШІ ЖҮЗ». Бұл сөздер шовинистік мақсатта емес, Кіші жүздің жауынгерлігі қасиеті туралы, Ақтөбенің Еуропада қалған соңғы команда, соңғы үміт екені турасында жазылған.

Ал енді осындай 2 минут қана ашылып тұратын баннердің қалай жасалатынын қарап көрейік.
Әрі қарай

Оздырдым-ау әйтеуір...

Қазақты жылқысыз және домбырасыз елестету қиын. Біздің жақта Жолдыбай атты атбегі кісі бар. Сонау Кеңес заманынан бері қосқан аты бәйгенің алдын бермеген деседі. Біз тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы, екі мыңыншы жылдарға дейінгі қосқан жүйріктерін көріп жүрдік. Оның қосқан атынан ат оздыру деген керемет мәртебе еді. Ол мәртебеге біздің ауылда менің ағам Ахмет және Жолтай деген құдамыз ғана ие болды. Ахмет ағамыздікі анық оздыру еді. Ол кісінің қосқан жүйріктері де бәйгенің алдын бермейтін болып шықты. Кішкентайымнан өзім бәйгеге шапқан буырыл атының әр аяғына құлынды бие байлаған Жолдыбайдың бетін қайтарғанын өз көзіммен көргенмін. Дегенмен, біздің айтпағымыз басқа әңгіме.
Енді, Жолтайдың Жолдыбайдан ат оздырған оқиғасына келейік. Бақ дегеніміздің өзі құс секілді ғой. Біреудің басына ұзақ қонады, біреуге тіпті қонбауы да мүмкін. Жолдекеңнің бағы тайды дей алмаспыз. Бірақ, бір жылдары қосқан аттарының бәйгеге ілікпей қалған кездері болды. Аттары көңілінен шықпаған соң, Жолдекең басқа жақтан жылқы сатып әкеледі. Ол жылқысын баптап, біреудің алпыс жылдығана ма әйтеуір бір дүбірлі тойға қосады. Ол тойға Жолтай құдамыз да үкілеп бір ат апарады. Шамасы 40-50 ат шапқан бұл бәйгеде Жолтай құдамыздың да Жолдыбайдың да аты ілікпей қалады. Бірақ та осы жарыстан соң біздің ауылда «Оздырдым-ау әйтеуір» деген сөз тіркесі пайда болды. Мәселенің мәнісі былай екен. Жолтай құдамыздың аты бәйгелі болмаса да атақты Жолдыбайдың атының алдында келіпті. Мұны көрген Жөкең «Жолдыбайдың атынан оздырдым-ау әйтеуір» деген екен-міс…
Әрі қарай

Жас қазақ

Тақырыпқа көз жүгірте салып," Мынау осы аттас газетті жарнамалап отыр" деп ойлап қалмаңыздар. Біреуге қызықты, біреуге қызықсыз бұл жазбамда Рамазан Елебаевтың (1910-1943ж.ж.) «Жас қазақ» әнінің тарихына тоқталмақшымын. Екінші дүниежүзілік соғысы кезінде талай қандасымыз ерлік көрсетіп, біршамасының ескерусіз қалғаны да рас. Бородино түбіндегі шайқас кезінде ерлікпен қаза тапқан Төлеген Тоқтаровты бүгінде біреу білсе екеу білмейді.
Әрі қарай

Хард-әдебиет. Стратиллат Меңдешев. "Соңғы кеш"

...7 жұлдызды «Шератон» отелінің швейцары есік алдына келіп тоқтаған «шестерка „Жигулиге“ баруға ықылас таныта қоймады. Сосын ба, ол мәшинеден де ешкім шықпай, қақшиған күйі тұра берді. Күзетке хабарлап, қуып жіберсем бе екен деп ойлады швейцар. Сол-ақ екен, отельден администратор жүгіріп шығып, швейцарды жағадан алды:

— Не қарап тұрсың сен! Оңбаған! Бар, аш есігін!

Швейцар құлықсыз ғана, қолдарын салбыратып, еріне-періне машинаға келіп, артқы есігін ашқаны
Әрі қарай

Ажалды жеңген анекдот немесе өзім жайлы сатира

Неден бастайын? Өзім ат жақты, қыр мұрынды келгем. Нағашы ағамның мұрнына айнымай тартқан. Бірақ оның мұрнының тарихы зор. Бірінші рет доп теуіп жүргенде мұрнымен гол соққанда сынған. Екінші рет жоғары оқу орында сабақ жүргізген практикантканы ойлап келе жатып көшедегі бөренеге соққан. Ал менің мұрным қалай тартқан? Әсілі былай-ау:
Жатырда жатқан кезімде қабырғаға аямай соққам-ау, шамасы?
Одан анам көк өрікке жерік болып Қытайға құжатсыз тартып отырыпты. Мүмкін осыдан да шығар заңды бұзбай жүріп бұзғанға саналатыным. Туылғаннан ерекше бұзылған екем. Турасынан тартып әкемнің аузына шаптырыппын. Кейін әкем жайлы есімде қалғаны таңғысын мені мойнына отырғызып жүгіретіні.
Сөйтіп жүріп бес-алты жасқа келіппін. Біздің әке сымақ ішіп жыртылғанды сүйеді. Арағын құшақтап жыртылып жүріп, аңдаусызда қалтасынан «адам» сөзін түсіріп апты. Сол түсіріп алғанына қызарақтап бізді ұра беретін. Боксер болам деді ме? Білмейм. Қолын сермегенді сүйетін… Артынша бізді тастап кете барды. Аузына шаптырғаныма ренжіген-ау? Содан бері естігенім бес жұлдызды «Көше» атты қонақ үйде сыйлы қонақ дейді. Және екінші рет әйел алып, күнде сол әйелден оңбай таяқ жейді екен! Өмір алма кезек екені рас-ақ?!
Жеті жасқа келгенде мектепке бардық. Содан сабақтастарыммен емес алқашпен тығылмаш ойнадым. Менің тығылатын орным мектеп директорының арқасы еді… ақыры мені алып қашты. Сөйтсем, бұл алқаш менің әкем екен?! Мені ала қашты. «Көше» атты бес жұлдызды қонақ үйдің ерек қонақтарға арналған «Қоқыс» атты люкс-ынан орын тептік. Көпті көрген алқашым мені алдап жүріп өз үйіме ұрлыққа түсірді. Ұзаққа бармады, анам мені өзіне алды.
Содан бермен «әке» атты сөзді естісем шашым тік тұрып күлкіден жарылам. Қиналсамда сол әдет. Он сегізге келгеннен бері кәдімгідей вольтпен оңдырмай соғып, жерде көбік атып «диско» ойнаймын. Біртіндеп «танцор диско» дәрежесін иемдендім. Адамды ұялтып көрермендер бірге билейтін әдет тапты ғой… қайтейін?! Біртіндеп бір жағынан билеп, бір жағынан анекдотты жіберіп үйрендім. Аналарың шетінен «инфаркт»…
Негізі тірілуім өлең өрнектегеннен басталды. Ұйқы дегенді ұмытып түнімен жазып, сабақта сабақ емес, өлең жазумен өзімше «өнерлі» болатынмын. Сөйтсем, кішкене кезімде «мылқауланып» біраз әңгіме жиналып қалыпты да. Ең бірінші жазғаным:
Өмір – өзен ағып кетер,
Хандық, байлық бәрі бекер.
Одан әрмен «Жетім» деген жыр сымағымды жаздым. Өкініштісі оным нақ «жетімге» ұқсамай қапты…
Аяқ астынан ұйқаспен сөйлейтін әдет таптым да, «оратор» атандым.
Ең қызығы мынау: бала кезімде ағаштан оңбай құлап демім тоқтап қалған. Жанымдағы бала нағашы ағамды шақырып келсе, мен жылаудың орнына қарқылдап күліп отырғанмын. Ал ақымақтығым мынау: қосымша сабақтан үйге ұшып келе жатқам, жолдан жүгіріп өткенде көлік қақты. Сар жапырақтай ұшып барып арыққа құлап түскем. Шопыр болса дірдек қағып жаныма келді. Мен болсам «бәрі жақсы» деумен қайыра салғам. Бұнымен қоймай тағы бір рет соқты. Ұшып барып капотына құладым. Ұялғаным-ай? Зардап шеккен мен емес, көлік… Өзім таңғалам.
Содан бермен күн өтті, ай өтті, жыл өтті. Он сегізге келгенше бір рет «тежелмептім». Он сегізге келген соң газға басты. Сол басқаннан бері бір МАИ ұстамапты. Қайда қарап жүр деймін?
Қысқасы тағдыр мені «накаудтқа» жіберді. Былай болған ғо: отыз тоғыз градуспен бір ай «қуырып» алған. Қатты «қуырғанда» бүйрек зейнеткерлікке шықты. Іші пысқан соң бауыр ізімен кетті. Бүйрек кеткен соң қыңырланып асқазанның моторы күйіп-жанды. «Бұлар кеткен соң, мен қарап отырам ба?» — десіп аяқта декретке кетті. Ең соңында оларға ренжіп жүрек «брейк» билейтін болды.
Он екі мүшем еліктеуіш келген. Қызғанда асқазан істемеген соң, денеге су тарап моншаға айналып булана түсті. Будың жоғары қарай көтерілетіні заңдылық. Біздікіде тура миға барып жадымды тазалап жіберді. Бұрын оқығандарымның бірде бір түйірі есте жоқ. Дрігердің айтуынша мен қайта туылыппын, қызық ия?
Заң бойынша мешіттен көңілі ағарып шығатын еді. Бір күні мешітке барғанымда тізерлеп қалдым. Қыстың күні аяғым шаңғы, қолым таяқ болды. Қарға екі жолды сызып келем. Өткіншілер маған үрке қарайды, мен оларға қарап күліп келем. Қарды қолмен теуіп келем. Сөйтсем, бір километрдей жүріппін. Жолдан әйтеуір өттім. Мешіттің ауласына кірдім. Мешіттен бір жігіт шықты. Көмектесер десем кетіп барады. Амалсыз көмек сұрадым. Сонда бұл қазақ мешітте не істеп жүр?
Одан біретінде қызбен кездесіп жүргем. Ғашық едім. Жағдайымды білетін. Мен жұмыстан қайтқанда жатақанасына соғып кездесетінбіз. Ең соңғы кездесу алдында «вибрация» болдым да қалдым. Оның көзінен жас сорғалады. Бір жас жігіт жүгіріп кеп көмектеспек. Менікі тез басылды. Тура салып үстімді қағып:
— Сценарий бойынша ғой, — десем ағам шошып кеткен. Тайып тұрды.
Ал менің сүйкімдім шошынып иығыма жасын сіңдірді. Арамыз бұзылды. Өзім қандай мықты болсам да қоршаған ортама анайы әсерімді тигізетін бір «дүние» секілдімін.
Бұны жазуымның себебі мынау:
Түнде шәйнектей ысқырып қайнадым. Оның себебі тыныс жолында қақырық тұрып қалды. Неге тұрып қалды десеңіз, асқазанда төл құжатын ұмытып, «МАИ» жібермей қойған. Осыдан кеңірдекте «қақырық» тығыны орын алды. Мұндай кезде ажал келіп есік қағып тұрады. Анам жанымда сүйектен май шығарғандай маған «Құс! Құс!» деп әлек.
Ажал достым бірінші келгенінде бірге кеттік. Содан не керек бір ақ есікке бардым. Есігін қақсам, ашты да бір тепті. «Жассың»,- дейді.
Екінші рет келді. Жырымыз бір, күле-күле мені ұмытып кетті-ау? Қап?!
Кеше тағы келді. Маған «Кеттік пе?» дейді. Мен болсам:
— Мені алып кетсең қонаққа кеп тұратын үйден айрыласың ғой, — дедім. Ажал достым басын қасып:
— Рас, ия? – деп қайқайды. Не болсада Алланың қалауымен.
Өзім кейде күлкі мен жасты шатастырам. Айтқым келгені:
Халқым, күле біл!!!
ТӨРЕХАН Арыстан
Әрі қарай

Сайт ашқыңыз келе ме? Тегін әрі әдемі, тез әрі сапалы сайт иесі болудың жолы

Естеріңізде болса, алдынғы тақырыпта Сайттың не екенін, оның құрылысын, хостинг және домен не екенін, CMS деген не екендігі жайлы жазған болатынмын. Бұл пост, сол сайттың иесі болу үшін не істеу керек екендігі туралы болады.
Демек, сізге сайт керек: жеке блог, қызығушылығыңыз туралы сайт, өз компанияңыз сайты, интернет дүкен т.б. неше түрлі мақсаттарға арналған сайт. Ол сайтқа қол жеткізу үшін сізде екі түрлі жол бар:
1. Веб студияға немесе жеке веб мастерге ақша төлеп жасату.
2. Өз қолыңызбен жасау
Бірінші жолы жайлы бұл постта әңгіме қозғамаймыз. Бәріміз білетіндей бұл жол оңай, бірақ қандай да бір қаражатты талап етеді.
Бізді қызықтыратын екінші жол. Яғни өз күшімізбен жасау. Сайт жасауды өте оңай деп айтуға болмайды. Сайт қиын болғаны сайын оның сапасы да жақсы бола береді. Ал біздің алдымыздағы мәселе, көп уақыт және қаражат жұмсамай сапалы сайт жасау. Бұл жердегі сапалы деген сөзге сәйкес болу үшін, сайтымыз мына шарттарды қанағаттандыруы керек:
Әрі қарай