Қазақ тіліне еңбегі сіңген сурет 10 жылдық мерейтойында марапатталды

Кеше Қызылорданың танымал басылымы «Сыр ақшамы» газетінің редакциясында тіл мерекесі іс-шаралары аясында қазақ интернетіне еңбегі сіңген сурет марапатталды. 10 жылдан бері түрлі сайттарда 537 жаңалыққа тақырыптық сурет қызметін атқарған сурет осы саланың үздік суреті атанды.
Шара барысында қазақ тіліне қызмет етіп жүрген таңдаулы суреттерге БАҚ ұйымдарының және сайттардың марапаттары табысталды. Биыл «Еңбегі сіңген сурет» атағына "Қазақ тілі" суреті лайық деп танылса, үздік суреттер қатарына «Домалақ ту», «100 % қазақша»,«Тіл» суреттері кірді. Аталмыш суреттер мемлекеттік қорғауға алынып, бұл суреттерге арнайы хостинг беріледі. Бұл үшін мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы бөлінетін болды. «Сыр ақшамы» газетінің құрылтайшысы және бас редакторы Марсель Көшімхан "Қазақ тілі" суретіне«Газеттің құрметті суреті» атағын берді.
Кеш соңында отандық эстрада жұлдыздары суреттерді және қолданушыларын мерекелерімен құттықтап, әннен шашу шашты.
Марсельдің Элеонорасы
«Сыр ақшамы»


Бұрындары бұндай аса маңызды емес нәрселерге бас ауыртпайтын да едік. Ойлап отырсам CD дискілердің дәурені өтіп кеткенін байқамай да қалыппын. Үйдегі ноутбуктерде дисковод жоқ болғалы қашан? Тіпті флеш дискілерден, оны мұны информация сақтағанды былай қойғанда, операциялық жүйені қайта отырғызып та әбден үйреніп алғанымыз соншалықты, загрузочный дисктерімізді де флешкалар алмастырып үлгерді.







<img src=«
alt="" /><img
Толығырақ
