Білгенге арзан

Үй жағдайында жасалынатын аула-орындығының жобасын ұсынамын. Аулада қалған-құтқан (отынға деп жөндеу жұмыстары жүргізілген кез-келген мекемеден келген) ағаш қалдықтары бар болса жарай береді.

Төменде келтірілген негізгі материалдардың өлшемдері мен шығыны:
1) 50x100 L=500 мм х 4 дана;
2) 50x100 L=1700 мм х 1 дана;
3) 50x100 L=200 мм х 4 дана;
4) 50x100 L=2000 мм х 3 дана;
5) 50x50 L=550 мм х 2 дана;
6) 20x200 L=500 мм х 1 дана;

(ұсақ-түйек материалдар мен қажетті құрал-саймандар жұмыс барысында анықталады)*

Орындықтың элементтерін жинау жұмысы аяқталған соң, фантазияңызға байланысты (не болмаса ауладағы басқа да сәулет элементтеріне ұқсастырып) сырлап қойсаңыз болады.

БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Білгенге арзан

БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Білгенге арзан

БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Білгенге арзан

БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Білгенге арзан

БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Білгенге арзан
Әрі қарай

Реал чемпиондар лигасының жеңімпазы!

Әне-міне дегенше, кеше қарт құрлықтың ең белді турнирі саналатын чемпиондар лигасы ақтық мәресіне жетті.Реал өзінің көршілері Атлетикодан 4-1 есебімен басым түсті.
Әлқисса, басынан бастасақ, ойын бастала салысымен, Реал ойыншылары басымдықты ұстауға тырысты.Бірақ Атлетико футболшылары кез-келген, доп тартысында аяғына дейін күресті. 9 минутқа қарай, Атлетиконың жұлдызды шабуылшысы Диего Коста өзінің ескі жарақатына байланысты, өз орнын әріптесі Адриан Лопеске босатты.Ойынның 30-шы минутына дейін негізгі тартыс орталық алаңда өрбіді. 32-минутта 100 миллион атанған Гарет Бэйлдің тамаша есеп ашуға мүмкіндігі болып еді, бірақ Бәкең нысанадан мүлт кетті Футбол, тек қана футбол!: Реал чемпиондар лигасының жеңімпазы!
Футболда «сен соқпасаң, саған соғады» деген қағида бар, арада 2-3 минут өткен соң, ұрымтал сәттердің бірінде Годиннің баспен бағыттаған соққысы кезінде, Касиллас өрескел қателік жіберіп Атлетико алға шықты.
Футбол, тек қана футбол!: Реал чемпиондар лигасының жеңімпазы!
Одан кейін Реал футболшылары қанша шабуыл жасаған мен ,қақпаның кілті таба алмайды. Үзілістен Реал футболшылары шабуылға ден қойды.Ара-тұра реті келсе Атлетико қарсы шабуылға шығып тұрды.Реал футболшылары қанша шабуыл жасаған мен қақпадан саңылау таба алмай жүрді.54 минутта Куртуа Роналдудың айып алаңындағы соққысын әдемі қайтара білді.Одан кейін, Гарет Бэйл екі гол салатын ,әдемі мүмкіндігін жіберіп алды.Атлетико футболшылары соңғы 20 минутта қорғаныста ойнады.Реал кезегімен шабуыл жасап жатты.Атлетико ойыншылары әр бос кеңістік үшін күресіп бақты, жанқиярлық танытты.Карло бапкер Иско мен Моратаны ойынға қосып шабуылға дем бермек болды, бірақ еш пайдасы болмады.Ойынның негізгі уақыты бітіп, төреші 5 минут қосты.Атлетико чемпион атанатындай көрінді.Бірааақ 90+3 минутта оң бұрыштан (угловой дегенім ғо)Серхио Рамос есепті теңестіріп кетті.Футбол, тек қана футбол!: Реал чемпиондар лигасының жеңімпазы!

Стадион жарылды-ау деп ойладым.Реал футболшылары алаңға қарай жүгіріп тойлап жатты.Атлетиконың чемпион атанатын 1-2 минуты қалып еді.Негізгі уақыт бітіп экстра тайм қосылды. 1-ші экстра таймда есеп сол баяғы күйінде сақталды. Екінші экстра таймның 110 минутта Гарет Бэйл гол соқты.
Футбол, тек қана футбол!: Реал чемпиондар лигасының жеңімпазы!
Бұдан кейін Атлетико футболшылары қатарынан екі гол жіберіп алды.
Футбол, тек қана футбол!: Реал чемпиондар лигасының жеңімпазы!
Футбол, тек қана футбол!: Реал чемпиондар лигасының жеңімпазы!
Атлеттер жеңіске деген үлкен жігер көрсетті, бірақ жолдары болмады.Диего Симеоне жігіттері биыл тамаша сезон өткізді.Жарады Симеоне! Ойынның үздік ойыншысы Ди Мария атанды.Реал 10-шы кубокты (десимо) алды.
Футбол, тек қана футбол!: Реал чемпиондар лигасының жеңімпазы!
Әрі қарай

Әлем чемпионатының басты фавориті?

Сонымен ағайын көптен күткен, дүбірлі доп додасы да, жақындап қалды.Түн ұйқымызды төрт бөлетін, төрт жылда бір келетін осынау тамаша теңбіл доп додасында қайсы құраманың бағы жанады деп ойлайсыз?Әрине, басым көпшілік алаң қожайындары саналатын Бразилияны фаворит деп санайды.Бірақ Германия, Испания, Аргентина,, Голландия, Англия, Италия, Франция айта берсем кете береді т.б құрамалар бұл пікірмен келіспейді. Әлем чемпионатына осал командалар қатыспайтыны белгілі.Бельгия, Швейцария, Колумбия, Хорватия құрамалары да, өздерінің әдемі ойын өрнегімен ерекшеленеді.Уругвай, Португалия құрамаларында айтпасам ұят болар.Көршіміз орекендер (Ресей) құрамасы да бірденеден дәмелі болмасада, алысқа баруды көздейді.Алжир, Камерун, Нигерия, Кот- д ’Ивуар, Гана сияқты Африканың жұлдыздары да, белін бекем буып отыр.Азиядан Оңтүстік Корея, Иран, Жапония бар.Австралия да, жеке өзі бір құрлықтан келген, жайы бар).Мексика, Эквадор( бір ағамыз екібатыр деуші еді), Гондурас, Коста-Рика, Чили, АҚШ сияқты Оңтүстік және Солтүстік Америкадан келген теңбіл доп шебердері тағы да бар. Еуропадан Босния мен Грекия құрамалары да, осалдар қатарынан емес.
Ал сіз кімді фаворит деп деп ойлайсыз.
П.С. Осындайда қазақемдер қашан әлем біріншілігіне қатысады екен бір ой ма, арман ба, пайда болатынын қайтесің…
Әрі қарай

Батыр жігіт

Былтыр Руслан Монғолияға қыдырып барған. «Байтуған көшіп кетсе де, Байөлке көшіп келмеді» дейтін Баянөлгий аймағында қазақтар өткізген асқа қатысып қайтты.
Мұңғыл елінде күрестің өзі сән-салтанатпен өтеді екен. Кеудесін керіп, шаршы алаңға шыққандардың біразы қазақ. Белдесу басталмастан бұрын балуандар өз кеудесін өзі ұрып, талтайып би билейді екен. Бұл олардың бойындағы өршіл рухты шақыратын ырым.
БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Батыр жігіт
БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Батыр жігіт
БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Батыр жігіт
БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Батыр жігіт
Және алаңға жұп боп шығады.
БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Батыр жігіт
БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Батыр жігіт
Аноооооу жерде тұрған көк шапанды қазақ біздің үйдің батыры.
БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Батыр жігіт
Мына жігіттердің сахараны билеген Шыңғысханнан несі кем?
БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Батыр жігіт
Аспан асты, жер үсті — батыр қазақ мекені!
БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Батыр жігіт
Тегіне тартпай ұл тумас.
БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Батыр жігіт
Әрі қарай

Қашқын тағдыры немесе тіріні өлікке айналдырған қу соғыс

«Қашқын… үйде туып қызығыңды түз көрген тіршіліктің несі сән. Жүрген де әйтеуір итшілеп. Қалбаң етіп көтерілген қара құстан да, жалп етіп жасырынған жапалақтан да сескеніп күн кешкен ғұмырдың мәні не? Қоян екеш қоянға да ит қосып қуғанда құтқарып кетер жымы бар, ал мұның қашқын атанғанда барар тұрағы қайда? Сорлы сауысқан да қар үстіне бірер секіріп із тастаушы еді, мұнда ол да жоқ. Бір елес, көрінбес көлеңке».
К. Жүністегі «Көксеңгірдің тасында» повесінен

1941-45 жылдары соғыс кезінде Қазақ Республикасынан 1 196 164 адам майданға аттанды. Соңғы деректер бойынша Қазақстан бұл жылдары 602 928 ұлдарынан айырылды (оның ішінде 125 500 таза этиникалық қазақтар). Әскери бөлімдермен қоса, ҚазКСРО-дан еңбек армиялары да жасақталды. Оған 700 мыңдай адам жолданды. Сонымен, соғысқа кемінде әрбір 4 қазақ жұмылдырылды. Қазақстандағы мобилизация пайызы Кеңес одағындағы ең жоғары көрсеткішке ие болды және нацистік Германиядағы мобилизациядан екі есе көп болды. Ал соғысқа аттанған қарапайым ауыл қазағы бұл соғысқа дайын ба еді?
БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Қашқын тағдыры немесе тіріні өлікке айналдырған қу соғысСоғыс өнерін меңгеріп, қару қолдана білуі былай тұрсын, тілді түсінбегендіктен қарапайым командалардың өзін ажырата алмады. «Лежать» десе, қалшиып тұрып немесе өре түрегеліп, баудай қырылғандары да болды. Оқтан аман қалғаны тұтқынға түсіп, «тірі өлікке» айналды. Сол кездері «қашқын», «халық жауы» атанғандар да аз болған жоқ. Тағдыр тәлкегіне түскен сондай жанның бірі – Дауылбай ақсақал туралы әңгіме ел арасында айтылушы еді.
Ол кісі сол сұрапыл жылдары соғысқа аттанды. Өмірінде қару ұстамаған ауыл қазағы үшін соғыста ерлік көрсету былай тұрсын, не үшін, кім үшін күресетіні де беймәлім еді. Қандастарының қапияда оққа ұшып, сүйегі далада қалғанын көргеннен кейін түйген ойы ма, әлде жаны үшін қорқыныш па, кім білсін, "өлсем өз елімде өлемін" деп майданнан қашқан екен. Ол кездері «қашқынның» өзіне де, жақындарына да тыныштық жоқ. Тіпті соғыс аяқталғаннан кейін де қашқын атағы бала-шағасына маза бермеген. Ауылдың селсоветінен бастап, бригадиріне дейін көрген сайын «қашқынның» баласын қамшының астына алып, сабап кететін, — дейді әкем.
Дауылбай Қарағанды облысы, Ағадыр ауданында туып өскен. Соғыс басталғанда ол жиырмаға енді толған жігіт еді. Бұл кісінің тағдырын жазушы Кәмел Жүністегі «Көксеңгірдің тасында» повесіне арқау еткен. «Иә, бұл Көксеңгірге сонау керман-орыс соғысы кезінде орыс патшасы сасқанынан қазақтан солдат алатын болғанда да, көтеріліс жасай алмай қалған осы маңның біраз жігіті қашып бой тасалаған. Өлсек өз жерімізде өлеміз дескен. Ол қашқындар мен мұның арасы өзгеше боп тұр. Олар топ-топ көп еді, әрі елмен байланысын үзбеген, күндіз тауда, түнде үйде дегендей хал кешкен еді. Бұл жалғыз».
Ел аузындағы деректер бойынша соғысқа дейін үйленген екен. Алғашқыда жақындарымен жасырын араласып тұрған. Бірақ, үкімет адамдары артына түсіп, аңдумен болған. Содан мүлдем елмен қоштасып, түз тағысына айналған. Соғыс жылдарында елден жырақ кеткенімен, сырттағы малшыларға жәрдемдесіп тұрды. Өз күнін өзі көріп, ешкімнің ала-жібін аттамады. Өзі ірі денелі, қайратты адам болған деседі. Тіпті сол кезде мұны қуған милицияның өзі аздап Дауылбайдан сескенетін еді. Әкемнің айтуынша артынан қуған милицияға: «Қарағым-ау, мені қуып босқа мерт боласың ғой, одан да кері қайт» дейді екен. Соғыс аяқталса да, Дауылбай үшін бұл жеңіс өміріне өзгеріс әкелмеді. Қайта елден одан әрі жырақтап кетті. Дегенмен, халық та оны жазғырмады. Ауылға келгенде ешбірі «міне, қашқын» деп үкіметке ұстап бермеген. Дауылбай ақсақал да ел ішіндегі жағдайдан хабардар болғанға ұқсайды. Жазушы Кәмел Жүністегі бұл кісімен кездейсоқ жолыққаны туралы былай әңгімелейді: «Ауыл ішінде келе жатсам, салт атты, өңі сұсты бір кісіні байқадым. Ол да маған жақындағанда жүрісін бәсеңдетіп, қол берісіп амандасты.
– Жүністің елге оралға ұлы сенбісің? – деп сұрады. Ол кезде мен сібірден айдаудан келген кезім еді (Кәмел аға 1962 жылы қазақ жастары арасында құрылған, Елін сүйген ерлер партиясын ұйымдастырушылардың бірі ретінде саяси айып тағылып, Сібірдегі лагерьде болып, 66 жылы босаған). Ауыл ағаларының бірі деп ойлаған маған қасымдағылар ол кісі өтіп кеткен соң, оның атақты Дауылбай екенін айтты».
Дауылбайдың әйелі соғыстан соң басқа біреуге тұрмысқа шыққан деседі. Ал шешесі бертін келе қайтыс болған екен. Оны жерлеуге Дауылбай өзі келеді. Сақал-мұртын өсіріп, түрін өзгертсе керек, «қашқын» атанғанымен анасын өз қолымен арулап шығарып салады. Дауылбайдың ажалы да оғаш. 1980 жылдары қайтқан екен. Бұлақ басында үйелеген жылқысын тұрғызам дегенде, атының тұяғы маңдайына тиіп, ажалы содан болған деген деректер бар. Сөз соңында айтарым, тарихты қайта зерттеп, жаңаша көзқараспен қарауға талпынып, әр оқиғаға жаңаша баға беріп жүрміз. Ал, кеңестік көзқараспен «халық жауы» атанғандар осы күйеден арыла алар ма екен…
Әрі қарай

Жақым Қазанұлы және көліктегі үшеу

Тау етегінде мимырт жатқан кенттің локальды сенсациясы тарағанына біраз болды. Осы аймақтың маңдайына біткен «есі дұрыс» үш арудың қалаға тұрақты түрде кететінін ауылдың алты ауызы әңгіме қылып жүр. Ауылдың жеті өсекші қатынында факт жүзінде жеті ауыз, осы жеті ауыз — алты ауыз болып тұр. Бұлар барда Отау-тв ауылда әркез екінші орында. Сондықтан сенбеске шара жоқ.
Сұлулықтың әлемді құтқаратыны рас болса, біздің үш қыз бер жақта тылдағы гуманитарлық көмектің о жақ, бұ жағында қап қойғандар. Бұл үшеудің асып бара жатқан сұлулығы болмағанымен, не бай, не құдай алмайтын бикештердің қатарында таңдау да көп емес, негізі.
Есесіне, олар ауылға аты мәлім, аса белсенді-белсенді қыздар болатын. Азғын қиялдарыңа дерт бермесін, дегенмен, белсенділігі — бірі музыканың шебері еді. Там-тұм концерттерге шығып, баянда құйқылжыта ойнайтын қара торы қыз болатын. Даусы қыз үшін жуан болғанымен, әу дейтіні де бар. Әрине, Қайрат Нұртас емес, дегенмен, шешесі де «пезнес» біреу емес, бар болғаны қарапайым сауыншы ғой. Қарапайым ғана сауыншы. Жалпы, қысқаша айтсақ, айырмашылығы — баласын емес, зеңгібабалықтарды сауатынында.
Екінші қыз тігінші боп қызмет атқарған, салмақты (екі мағынасында да), алпамсадай шикіл сары қыз еді. Тігін жұмысынан алдына жан салмайтын. Әу баста бұны «кәсіп қылам» деп ойламаған; "әйтеуір қандай да бір сублимация ғой" деп кірісіп көрген еді, кейін кәнігі шеберге айналды.
Үшінші құрбы, шүйкедей ғана қайсар қыз балгерлікпен айналысатын. Негізі, бұл қыздың шешесі бал ашушы еді, содан үйреніп, шешеге қарап өскен түрі. Әу баста өзінің жап-жас басымен бал ашуға ары жібермей жүрген, алайда кейін бәрі сәбидің дәрет хикаясындай аяқталды… Жіберіп қойды. Айтпақшы, қызының қалаға болашақ сапарына орай шешей бал ашыпты. Жартысы қойдың нәжісі, жартысы көлдің майтасы секілді сенімді ақпарат көздеріне сүйенген ол қызының жолы болатынын болжапты. Негізі шешей клиенттерінің тоқсан пайызына жолы оңғарылатыныны жайлы сәуегейлене беруші еді… Бірақ туған қызына?.. Бәлки, шынымен жолы ашылатын шығар… Бәлки, туған қызы емес шығар…
Ә, иә, сонан соң екінші қыз бұл балшы аруға туыс боп келетін. Осындай бір үштік… Кедендік одағыңдысс!..
Айтып-айтпай не керек, ауылда осындай жол жүру жайлы әнгіме жүріп тұрған. Міне, бүгін дәл сол күн, қалаға жол жүретін шақ та келді. Әне-міне дегенше, ауыл іргесіндегі аялдамаға ұқсатып жасап қойған көліктің ескі тіркемесінің маңына сапарластар жиыла бастады. Ауылдағы жалғыз автобусты күтушілердің арасында біздің үш сылқым да бар. Көп күттірген жоқ, далаға мүрде, қалаға адам тасып жүрген сары пазик кемпір-шал, бала-шағаны тиеп, алып шаһарға жол тартты.
БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Жақым Қазанұлы және көліктегі үшеу
***
Жақымның қала іргесіндегі көлік бекетінің маңында бекер келмегені анық еді. Әдеттегідей көгілдір шетелдік көлігіне отырып алып, қыз-қырқын қарамақ ниетімен торуылдап жүрген. Ескі пазиктың бекетке тоқтағанын көріп, мырс етті. «Ох пілә, винтаж!» деді ішінен.
Автобустан түскен үш қыз қолын көтеріп, такси тоқтатты. Көгілдір мәшине көлденең келіп тоқтай қалды. Күтімі келіскен көліктің рөліндегі бітімі келіскен жігіт қыздардың көзіне оттай басылды.
— Такси ма?-деді пысығырақ қыз.
— Да, тоски.
— Такси деңіз,-деп жымиды екінші қыз.
Жақым қара көзілдірігін сәл түсірді.
— Садитесь.
Қыздар айғырдай жұтынып тұрған жас жүргізушіге қарап жымың-жымың етті де, көлікке жапа-тармағай отыра бастады. Баратын жер жайлы базарласу да, жол құны жайлы саудаласу да жоқ. Сондай бір ақымақтық үйлесім, лирика. Мимими.
БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Жақым Қазанұлы және көліктегі үшеу
Жақым көрер көзге етжеңді, денелі азамат еді. Фитнеске де фитна тудырмайды, штангіге де кет әрі емес. Тар мәйке кисе, өзін «качок» сезінетін кей жігіттердей емес, шынымен-ақ бұлшық етті жігіт болатын. Сонсоң қыз-қырқынға қыз-қырғын салатын жігіттің репутациясына сай, шашы артқа қайырылған, сақал-мұрты қиылған еркек болатын. Иә-иә, ол бір Аустрияда Еуробайқауға іріктеу әлі өтпеген, беттегі қиыңқы түк еркек үшін абыройлы кезең еді.
Қазанұлы жайында тағы не айтпадық? Жақым қазақша білмейтін жігіт еді. Бірақ қазір онымен кімді таңғалдырамыз, біз Қазақстандамыз ғой.
Қыздардың барар жерін межелеп алған соң, Жакым темекі қорабын алып шығып, ішінен бір тал суырды да, құшырлана тарта бастады. Милиграммдаған никотин басына шауып, құрыс-тырысы жазылғандай болды. Сонсоң алдындағы айнаға көз тастап: «Я вам не мешаю?»-деп сұрады.
— Жоға, тарта беріңіз.
Негізі, «Иә, кедергі, темекіні өшіріңіз» десе де, өшірмес еді. Әншейін әңгіме болсын деп сұрап жатқаны.
— Давайте знакомиться. Меня зовут Джакомо. Можно просто Джэк.
— Тура шетелдегідей ат екен.
— Сэндер де ат экэн. А как тебя зовут?-деді секси дауыспен пысық қызға.
— Гүлайым.
— ОО, гуляим, че, погуляем?
Қыздар шиқылдап күлді. А, я, біреуінің даусы жуан екенін айтқан ек қой, ол қарқылдап күлді. Келбетті жігіттің кескініне қарап, аккордеоннан басқа ешкім ештеңе тимеген музыкант қыздың төсі дір-дір ете қалды.
— А тебя как зовут?
— Бегайым.
— Оо, бегайым, че, побегаем?
Қыздар тағы да күлді. Бегайымның шикіл сары өңі қызарып кетті.
Осы кезде үшінші қыз Ибалы менің атымды қашан сұрар екен?-деп, жаутаң-жаутаң етіп отыр еді.
— А тебя как?
— Меня зовут Ибалы.
Бұл жолы Жақым үнсіз басын шұлғыды. «Очень приятносын» да айтқан жоқ. Моветон!
Мүмкін, ішінен айтқан да шығар. Тәуіп қой, қыз біле жатар.
— Какими судьбами в городе?
— Жұмысқа тұрамыз, сол, үшеуіміз жан құрбымыз. Бірге үлкен қалаға келіп, бірге жұмыс жасасақ деп едік.
— А, че, у вас одинаковая специальность?
— Жоға, мен әншімін, композитырмын.- Осы жерде «ох тырық, қатты айтып жіберген жоқпын ба композитырмын деп?», біреу ала көзбен қарағандай өзінен өзі күмілжіп кетті. — Бегайым тігінші болған, Ибалы бал ашады. Сооолл…
Әлгіннен үнсіз отырған Ибалы сөзге араласты.
— Ал сіз кім болып істейсіз? Биллайнда істейсз ба не?-деп сұрады айнаға байлаулы матаның жұрнағына қарап қарап.
Жақым мырс етті:
— Да нет, это Георгиевская лента.
— Сөйтіп кім болып істейсіз?
— Кэм болып эстемедим мен? И садовник, и шофер, медбратом болып эстэдым…
«Жылтырап тұрғанымен, қара жұмыстың да шетін көрген екен, ә» деп ойлап қойды ішінен Бегайым.
Жақым сөзін жалғады:
— И вот, карьерный рост у меня… Сейчас организатор я. Вот у вас же разные специальности. Кто вас щас возьмет всех трех на работу? Эшкэм алмайдээ… Вот я могу. Как раз ты певица, и петь будешь, и ртом работать. Ты гришь тігесің хорошо, а ты тастармен жұмыс жасайсың… и… и все подруги. Это работа прям для вас… На начальное время, қалада по крайней мере… Плачу хорошо. На место работы апарамын, алып қайтамын… Че, кэлэсыңдер мэ?
Үш ару үнсіз бір-біріне қарады да, "Әйтеуір бірдеңеден бастау керек қой, мұндай мүмкіндік көшеде жата ма?" деп тоқайласқандай:
— Біз келістік,-деді.
***
200 ат күші жауынгер ақын атындағы көшеге қарай жүйткіп бара жатты.
Әрі қарай

Мәзір: "Қуырдақ"

Сәлем бердік, достар! Керектің асханасына келмегелі біраз болыпты. Бүгін бұл "қателікті" түзеп жіберейін. Қуырдақтың мәзірімен таныстырмақ ниеттемін. Жалпы, мәзірдің құрамы мен дайындалуы көпшілікке таныс. Қосымша ақпарат артық болмас. Бастайық! :)
Әрі қарай

Алқаштың бір күні. Үйдің қуыс-қолтықтары

«Суалған су миым одан сайын суалып, сумиланып тұрғанымды көрмеймісің!» © KILYZAMAN

Хуиметсіздер ме, херметті охуйрмандар, саламатсыз ба, Назғұл апай, қал қалай. Сені — жақсы, Алматыда деп естідім. Уау, уау, уау. Іхе-іхе, ойын ғой.
«Айтулы аламан болып жатыр, азулы билер отыр» дегесін қозып сала берді. Одан кейін делебем қозсын кеп. Ойлана келе, «Алқаштың бір күні. Үйдің қуыс-қолтықтары» деген фотореп ұсынуды жүн көрдім. Сонымен, назарбтарыңызға 19.05.2014 күнгі күнімді ұсынамын.


Сағат 08:45 АМ
Ояндым. Көзімді аштым да, келесідей бұлыңғыр бейнені көрдім:
БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Алқаштың бір күні. Үйдің қуыс-қолтықтары
Бейненің қанықтық коэффициентінен, жарық әлемді сол күйі қабылдауға дайын емес екенімді түсініп, жата тұрайын деп шешім.


Сағат 11:17 АМ
Ояндым. Көзімді аштым да, келесідей бейнені көрдім:
БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Алқаштың бір күні. Үйдің қуыс-қолтықтары
Аса хердірменді билер алқасының назарын, бұл картинаны мен — етбеттеп жатқанда көргеніме аударғым келеді. Яки, халымның мүшкілдігін әлден шырамытып отырсыздар.


Сағат 11:19 АМ
Санама бірден келген ой: кешеден міндетті түрде бірдеңе қалу керек. Бірақ қайда тығып қойдым? Тығып қойған себебім — осы күнгі бөтелкелестер ішін сарқып, бөтелкесіне дейін жеп кететін болған. Сондықтан ертеңгі күнге деп, бір жерге тығып қоямын. Қытай соққанда табыла қойсайш!


Сағат 11:19:01 АМ
Алдымен, бөтелке тығатын классикалық қуыс қолтықтарды қарауға беттедім:
БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Алқаштың бір күні. Үйдің қуыс-қолтықтары
Ескерте кетейін, «көп ішетін адам — ергежейлі болып қалады» деген — бос сөз. Бұл жерде мен тек төртаяқтап бара жатырмын, хал мүшкіл.


Алғашқы күдікті — унитаздың багі:
БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Алқаштың бір күні. Үйдің қуыс-қолтықтары
Қызық: соның ішінде жоқ екенін; соның ішіне тықпайтынымды беске білсем де қарап тұрмын. Сірә әлі де зерттеуді қажет ететін адам псиқалогиясының қараңғы тұстары бар ма деймін.


Келесі күдікті — раковинаның астындағы жәшік:
БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Алқаштың бір күні. Үйдің қуыс-қолтықтары
«Анау дихлофосты тартіжверіп, өзімді әлемнен, әлемді өзімнен құтқарсам ба екен...»


Одан кейін — балкондағы қожайынның боқтықтарының қуыс-қолтықтары:
БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Алқаштың бір күні. Үйдің қуыс-қолтықтары
Кілемін қараш лібәдтің, өзі сияқты! Маған «жайып алмайсың ба, еден жылы болады ғой» деп жейтінін қайтерсің! Неткен талғамсыздық осы кілем, а?


О! Басты күдікті! Осының артына тықтым, дәл солай!
БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Алқаштың бір күні. Үйдің қуыс-қолтықтары


Бәлкім ішінде…
БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Алқаштың бір күні. Үйдің қуыс-қолтықтары


Менен шығад: мынабір вентиляциялық хуйндырғыға сүңгітіп жіберген болуым мүмкін:
БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Алқаштың бір күні. Үйдің қуыс-қолтықтары


Тоңазытқыш пен шкаптың екі ортасы:
БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Алқаштың бір күні. Үйдің қуыс-қолтықтары


Тоңазытқыштың арты:
БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Алқаштың бір күні. Үйдің қуыс-қолтықтары


Кафканың әңгімесіне бергісіз, жөндеуі ешқашан бітпейтін мына бір опырылған жер:
БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Алқаштың бір күні. Үйдің қуыс-қолтықтары
Status! Хех, мұны мен 17.05.2014 күні ішіп қойғам. Және тыққаным Parlament негізі.


Кеңсірікті қысқашпен қысып тұрып, қожайынның қыс етігіне де қол жүгірттім:
БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Алқаштың бір күні. Үйдің қуыс-қолтықтары


Шаршадым(((
Өткенде, суық тиіп хуяк келген кезде, көңілдесім Аққолтық Бірімжарқызы өзінше күткен болып, қасымда жатып алған. Антибиотик егіп, тұрғызып (мені — ред.) алды әйтеуір. Содан әптек спирті қалуы керек! Дереу дәрілер шкафын ашып қалдым да…
БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Алқаштың бір күні. Үйдің қуыс-қолтықтары

Ом манэ падме хуум! Сатирлер мен нимфаларға, Исаға, Олимптегі барлық бұтақбас құдайларға, тіпті қытайларға — мың да бір мадақ! Аллилуйя! Ешқайда тықпаппын ғой! Өмір жалғасады!!! Кеттім!!!
Әрі қарай

Келер күннің көліктері

Бүгінге дейін адам баласын тасымалдап келген ұшақтар, поездар мен автокөліктердің барлығы да алдағы уақытта тарихи жәдігерге айналып шыға келуі ғажап емес. Өйткені, дамылсыз жылжыған ғылым адамның шарықтаған қиялында пайда болған идеялардың легін өмірде жүзеге асыруға қауқарлы. Толастамаса болғаны…
Сіздің назарға футуристтік көлік құралдарының үздік сегіздігін ұсынып отырмын. Бұл жобалардың орындалу ықтималдылығы — уақыттың еншісінде. Десек те, келер күннің алыстығы жоқ екені тағы бар.

1. Гипертопса

Гипертопсаның авторы — Илон Маск (Elon Musk). Илон Маск деген кім? Оның «PayPal» атты балама банк жүйесін құрғаны былай тұрсын, ол — Халықаралық ғарыш станциясына қолдау көрсету үшін «SpaceX» деген компания мен инновациялық электрлік автокөлік жасайтын «Tesla Motors» зауытының негізін салған миллиардер.
Үш бірегей жобаның құрушысы Илонның ендігі ойға алған шаруасы — қоғамдық көлік саласын жаңғырту. Илон Маск осыдан жарты жыл уақыт бұрын ультражылдамдыққа ие қалаларалық көлік жүйесін құру туралы идеясын жария етті. Жолаушыны Сан-Францискодан Лос-Анджелеске небәрі 35 минут ішінде жеткізеді-мыс.
Гипертопсаның құрылымы былай: жерге нық орнатылған бағаналардың үстімен құрыш түтік жүргізіледі. Түтік ішінде алюминий капсулалар болады. Капсулалар сағатына 1200 шақырым жылдамдықпен қозғалады. Ішінде адам отырады. Басты артықшылығы сол, күн сәулесімен қуаттанады.
Ал сол кезде...: Келер күннің көліктері
Кемшілігі сол, бағасы қымбат. Масктің есептеуінше, Гипертопса құрылысының бірінші кезеңіне 70 млрд АҚШ доллары жұмсалады. Бұл тек болжам ғана. Тіпті, 100 млрд АҚШ долларынан астам шығын кетуі де мүмкін. Сыншылар жүйенің құны тым қымбат екендігін алға тартып ғана қоймай, өте-мөте "әлжуаз жүйе" деп бағалады. Тіпті кейбіреулері жылдамдығы баяу дегенді де айтып қалды.
Ал сол кезде...: Келер күннің көліктері
Әйтсе де, жоспар жүзеге асырылып жатыр. Стартапқа «Hyperloop Transportation Technologies» деген атау берілді. Гипертопсаның прототипі 2015 жылдың бірінші тоқсанында әзір болады. Болжалды дүниеге қатысты болжам осы.

2. Атом автокөліктері

Laser Power Systems ғылыми-зерттеу компаниясының ғалымдары жаңа турбогенератор жасаудың әлегіне кіріскен. турбогенератор «торий лазерімен» қозғалысқа келтіріледі. Шын мәнісінде, бұл — лазер емес, жай ғана жылу бөлетін құрылғы.
Торий (Th) — радиобелсенді химиялық элемент. Актиноидтар санатының бірінші мүшесі (атомдық нөмері 90, балқу температурасы 2028° K). Автокөліктің «жүрегінде» радиобелсенді элементтің болуы — тәжірибе жүзінде таңсық көрінуі мүмкін. Әйткенмен осыдан 50 жыл бұрын жазылған ғылыми-фантастикалық шығармалардың өзегінде осы концепция да бар еді. Ондағы қиялдың бір ұшы адамзаттың келешегі мини-АЭСларының еншісінде жатыр дегенге келіп тіреліп, түрлі мобильді құрылғылар «мәңгілік» қоректендіру көзінен қуат алады дегенге саятын-ды. Ал бүгінде мұның барлығы да ғылыми фантастика әлемінде ғана қалып қоймай, шынайы коммерциялық жоба ретінде шындыққа айналмақ.
Ал сол кезде...: Келер күннің көліктері
Жаңа турбогенератордың жұмыс істеу принципі де қарабайыр. Торийден бөлінген жылу — автокөліктің турбинді қозғалтқышын іске қосады. Инженерлер осындай қозғалтқыштың үлгісін Тесла қозғалтқыштарының негізінде жасап шықты. Ғалымдардың сендіруінше, сегіз грамм торийдің қуаты автокөліктің 480 мың шақырым қашықтықты жүріп өтуін қамтамасыз етеді. Осылайша, автокөліктің сатып алғаннан кейін де жанармай бекетіне барып қажет емес. Зауыттан «алған қуаты» автокөліктің «бүкіл ғұмырына» жетеді.

3. Суперкавитация (Supercavitation)

Теңіз инженериясындағы осы бір идеяның бірегейлігіне шәк келтіру әзірге мүмкін болмай отыр. Суперкавитация — сұйықтық ішіндегі нысанды айналдыра қоршайтын газ көпіршіктерінен пайда болатын әсер. Су астындағы көпіршіктердің қоршауында қозғалған қайықты елестетіп көріңізші. Газ үйкеліс күшін 900 есе азайтып, су астындағы нысанның әдеттегіден тез қозғалуына жағдай жасайды.
Ал сол кезде...: Келер күннің көліктері
Суперкавитацияның жылдамдықты арттырудан бөлек тағы бірнеше артықшылығы бар:
1. Жанармай аз шығындалады.
2. Қайықтың аса жоғары жылдамдықта қозғалуы мен пішінінің өзгешелігі гидролокаторлардың «көзіне» оңай түсіп қалуға жол бермейді.
3. Тіпті, бұл аз десеңіз, суперкавитацонды қайықтың торпеданы қуып жетіп, басып озуға шамасы жетеді.
«Juliet Marine Systems» компаниясы осындай қайықтың жобасын жасауды қолға алды. ЕЛЕС (GHOST (жобаның атауы) — әскери-теңіз кемелерін қорғау және сауда кемелеріне жасалатын қарақшылық шабуылдарды тойтаруға арналған. Сондай-ақ, жауынгерлерді жағаға жеткізу үшін сал ретінде де пайдаланылмақ.

4. Martin Jetpack

Жаңазеландиялық Гленн Мартин 30 жылдан бері реактивті сөмкенің дизайнын жасаумен айналысып келеді. Енді, міне, 30 жыл бойына әурелеген «сөмке» нарыққа шығуға жарым-жартылай дайын.
Ал сол кезде...: Келер күннің көліктері
«Martin Jetpack» қысқа диаметрлі әуе винттерімен жабдықталған. 30 минутқа дейін жұмыс істейді. Максимальды жылдамдығы 74 шақырымға жетеді. 900 метр биіктікке көтеріле алады. Мұндай рюкзактар өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстарында қолданылады. Өйткені, «Martin Jetpackті» жедел әрекет ету қызметтерінің көлік құралы ретінде жасап жатыр. Ашық сатылымға 2014 жылдың ортасында шығарылады. 200 000 АҚШ долларынан сатылады.

5. Велосипедтер қаласы (Velo-City)

Жұмысқа әр күні велосипедпен барғанға не жетсін?! Бұл үшін дене дайындығы мен күш-қуат қажет-ақ. Алайда, таяу уақытта велосипед тебу де оңай шаруаға айналады. 2006 жылы Торонто қаласының әкімшілігі «жоғары жылдамдықтағы, бүкілмаусымдық, экологиялық таза, ультратыныш транзиттік жүйенің» жасалатыны туралы мәлімдеген болатын. «Мұнда адамдардың өздерін жақсы сезінуі үшін қажеттінің барлығы болады» деп те уәде етілді. Қала әкімшілігінің жоспарында «стероидтардағы» велосипед жолдарын салу бар-тын.
Крис Хардвик (Chris Hardwicke) есімді торонтолық сәулетшінің идеясымен әзірленген жобаның өзегі: жерде орнатылған бағаналарға бекітілген түтіктердің ішіне үш жолақты велосипед жолын жүргізу.Түтіктер бағыттарға бөлінеді. Осылайша түтік ішінде ауа айналымы қалыптасады. Жолай жетелеген жел пайда болады. Велосипед тепкен жұртшылық желі ескен түтіктердің ішінде сағатына 50 шақырым жылдамдықпен ызғиды.
Ал сол кезде...: Келер күннің көліктері
Велосипедтер қалашығы (Velo-city) жобасы ауа райы суық аймақтарда да тиімді болмақ. Өйткені, құбырдағы велосипедшілер түрлі ауа райы құбылыстарынан қорғалады.
Энтузиазмге толы жоба бүгінде қаржының жоқтығынан тоқтап тұр. Алайда, ұмытылған жоқ. Алдағы уақытта жүзеге асырылуы кәдік.

6. Next

Googleдің адам басқаруынсыз жүретін автокөліктері хақында естімеген адам кемде-кем шығар. Ал осы Googleдің автокөліктеріне ұқсас Next жобасы туралы естігендер некен-саяқ. Бұл — жартылай такси, жартылай Segway.
Томмасо Гекчелин (Tommaso Gecchelin) есімді дизайнер смартфон арқылы басқарылатын Next автономды жүргізу модульдерінің әлемін жасауды арман етіп жүргеніне не заман?!
Next модульдерінің функциясы былай: сіздің смарфоныңызбен басқарылатын модуль төрт доңғалағын шығарып қойып, жол бойымен ызғып бара жатады. Алдынан өзі сияқты модульдер тобы ұшырасса, сіздің модульдің төрт доңғалағы екі доңғалаққа бірігіп, модульдер тобына жақын барып, олармен түйіседі. Түйіскен жақ панелі ашылып, автобуста, не поезда кетіп бара жатқандай әсерде қалдырады. Модуль қаншалықты оңай түйіссе, соншалық тез ажырайды. Белгіленген орынға жеткенде өздігінен ажырап, сіздің түсіп қалуыңызға «ыңғай жасайды».
Ал сол кезде...: Келер күннің көліктері
Бұл — фантастикалық идея. Өкінішке қарай, Nextті қолдануға қазіргі техниканың мүмкіншілігі жетпейді.
Гекчелин өз жоба-жоспарында Nextті жаппай қолданысқа енгізуге дейін жасалуы керек технологиялардың тізбегін көрсеткен. Арзан наноматериалдар, жүргізушісіз басқарылатын автокөлік, қуаттылығы мол аккумулятор және үлкен сыйымдылықтағы арзан күн батареяларының өндірісі жаппай жолға қойылу керектігі айтылған. Гекчелиннің есептеуінше, Nextты қолданысқа енгізу 2025 жылдан кейін басталуы мүмкін. Адамзат әзірге дайын емес.

7. Колелинио

Зип — лайн жолдары шындыққа айналуы әбден мүмкін. Бұған Колелинио концепциясы сеп болмақ. Концепцияны 2010 жылы Салоники қаласында өткен TEDx-те Мартин Ангелов (Martin Angelov) ұсынды. Ангелов сол кезде аспанды «тілгілеген», ауада түйісетін сымдар желісі жобасын таныстырған еді. Адамдар сымдардың бойымен бір мекеннен екінші мекенге орын алмастырады.
Ал сол кезде...: Келер күннің көліктері
Оның идеясы автожолдар салу және ауыр автокөліктер жасау секілді шығыны мол әрекеттерддің машақатынан құтқаратын еді. Сонымен қатар, экологиялық таза көлік инфрақұрылымен құруға сеп.
Сымға бекітілген аккумуляторден қоректенетін орындықтар адам аяғы аз жерлерде жерге жақын қашықтықта зымырап, халық саны тығыз аудандарда биікке әуелей көтеріліп, сырғиды.
Алайда бұл жобаның да бірнеше кемшіліктері бар. Колелинио қандай да бір қолайсыз ауа райынан қорғаныш бола алмайды. Биіктіктен қорқатын жандарға жарамайды. Қауіпсіздік мәселесінде де шешімін таппаған түйткілдері жетерлік. Десе де, инновациялық идея.

8. Скайлон (Skylon)

Скайлон Конкорданың (Concorde) ізбарасары іспеттес. Конкорда — дыбыс жылдамдығынан жылдам ұшатын ұшақ. Осыдан 10 жылдай уақыт бұрын қолданыстан шығарылды.
2013 жылы Ұлыбритания билігі Скайлонды жасау үшін 90 млн АҚШ долларын жұмсауға «кет әрі емес екендіктерін» хабарлады. Скайлонның жылдамдығы дыбыс жылдамдығынан бес есе артық. Жердің орбитасынан шығып, ғарыш кеңістігінде самғауға шамасы жетеді. Әлемнің кез-келген ұшу-қону жолағынан ұшады, сәйкесінше қона да алады. Бортына 300 жолаушыны тиеп, Лондоннан Сиднейге 4 сағатта «ентікпей-ақ» жетіп барады. Одан бөлек, Халықаралық ғарыш станциясына 15 тонна жүк жеткізуде де еш "қиналмайды".
Ал сол кезде...: Келер күннің көліктері
Ұшақты жасау жұмыстары енді басталды. Массачусетс технологиялық институтындағы әуе тасымалы бойынша Халықаралық орталығының басшысы Джон Хансманның (John Hansman) айтуынша, Скайлон — ғылыми фантастика тұрғысынан қарағанда теңдессіз жоба көрінеді. Әйткенмен, оны жасау — өте қиын.
90 млн АҚШ доллары тек бастапқы шығынды ғана жаппақ. Жалпы құны бір миллиард АҚШ долларынан асып жығылады.
Осынау қиыншылықтарға қарамастан, көптеген ғалымдар мен ғылыми журналисттер Скайлон жобасы жөнінде оптимисттік көзқарастарынан тайқымай отыр.
Жоспардан ауытқымаса Скайлонның прототипі 2017 жылы дайын болады. Ал ұшу құрылғысы бірнеше жыл ішінде құрастырылады.

Міне, футуристтік дизайн мен идеялар жиынтығының бір парасы осы. Ендігісі — күту.

тәржіма пост, орыс тіліндегі нұсқасы мұнда
Әрі қарай