Білгенге арзан

Үй жағдайында жасалынатын аула-орындығының жобасын ұсынамын. Аулада қалған-құтқан (отынға деп жөндеу жұмыстары жүргізілген кез-келген мекемеден келген) ағаш қалдықтары бар болса жарай береді.

Төменде келтірілген негізгі материалдардың өлшемдері мен шығыны:
1) 50x100 L=500 мм х 4 дана;
2) 50x100 L=1700 мм х 1 дана;
3) 50x100 L=200 мм х 4 дана;
4) 50x100 L=2000 мм х 3 дана;
5) 50x50 L=550 мм х 2 дана;
6) 20x200 L=500 мм х 1 дана;

(ұсақ-түйек материалдар мен қажетті құрал-саймандар жұмыс барысында анықталады)*

Орындықтың элементтерін жинау жұмысы аяқталған соң, фантазияңызға байланысты (не болмаса ауладағы басқа да сәулет элементтеріне ұқсастырып) сырлап қойсаңыз болады.

БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Білгенге арзан

БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Білгенге арзан

БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Білгенге арзан

БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Білгенге арзан

БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Білгенге арзан
Бөлісу:

8 пікір

bakotakhimbai
8,5 балл!
1. Тақырыбы өте сәтті таңдалған. «Білгенге маржанның» аллюзиясында мына кеңесті білген соң, сарайда не қой айдауға жарамайтын, не құрылысқа қаңқа болып жарытпайтын ағаштардан орындық жасап алу, әрине арзанға шығады. Тегінге, тіптен… Сондықтан, бұл постыңызға сегізден асыра баллдатып жіберсем, «Жақсы тақырып — жарты мақала» деген журналистік қағидаға адалдығымды тағы бір паш еткенім деп біліңіз)
2. Ауа жайылмаған. Арнайыландырылған, нақты, салалық посттардың арасында теңдессіз лидері. Қатаң есеп пен чертеж ғана. Басқа не керек? Ештеңе. Бастысы, он балл алсам деп сөзге сөз қосып, суға сабын салып дегендей жағымпаздану жоқ) Нақты, әкең!
3. Әттең деймін де, мына есеп пен сызбаңыз Асқар Базарбайдың «Дивани хикметі» стилінде нақты өмірде іске асырылғанда… Иә, бұл басқа жанр. Иә, сіз әйел затысыз. Бәрін түсінемін. Бірақ, ит таппағыр Асқар Базарбай осы салада сырықпен өте-өте биікке секірді. Сондықтан, еріксіз салыстырып тұрғаным ғой, әйтпесе бәрі тамаша!

Өркен Кенжебек
OrkenKenzhebek

ken
жоғарыдағы сен бе?
Gastarbaiter
Сегіз бал.

Керекинфо.
Аулада ескі ағаштар бар. Жасап алам. Сызбасыз жасалуы қиын, сәл күрделілеу бір аула интерьерінің элементі туралы ақпарат болса, ойланбай 10 қояр едім. Маман адамға қиын емес шығар ол да?
Соңғы түзету:
Zilola
гараждың жобасын саламын жақында, идея көп, сызуға уақыт жоқ
Ненің жобасы керек? сызып, есептеп берейін
Gastarbaiter
Патиолар, беседкалар, балалар бұрышын қолдан тігістіріп жіберу туралы идеялар болса, іс жүзінде жүзеге асқан, жоғары технологиялық айлаларды қажет етпейтін.