Жақым Қазанұлы және көліктегі үшеу

Тау етегінде мимырт жатқан кенттің локальды сенсациясы тарағанына біраз болды. Осы аймақтың маңдайына біткен «есі дұрыс» үш арудың қалаға тұрақты түрде кететінін ауылдың алты ауызы әңгіме қылып жүр. Ауылдың жеті өсекші қатынында факт жүзінде жеті ауыз, осы жеті ауыз — алты ауыз болып тұр. Бұлар барда Отау-тв ауылда әркез екінші орында. Сондықтан сенбеске шара жоқ.
Сұлулықтың әлемді құтқаратыны рас болса, біздің үш қыз бер жақта тылдағы гуманитарлық көмектің о жақ, бұ жағында қап қойғандар. Бұл үшеудің асып бара жатқан сұлулығы болмағанымен, не бай, не құдай алмайтын бикештердің қатарында таңдау да көп емес, негізі.
Есесіне, олар ауылға аты мәлім, аса белсенді-белсенді қыздар болатын. Азғын қиялдарыңа дерт бермесін, дегенмен, белсенділігі — бірі музыканың шебері еді. Там-тұм концерттерге шығып, баянда құйқылжыта ойнайтын қара торы қыз болатын. Даусы қыз үшін жуан болғанымен, әу дейтіні де бар. Әрине, Қайрат Нұртас емес, дегенмен, шешесі де «пезнес» біреу емес, бар болғаны қарапайым сауыншы ғой. Қарапайым ғана сауыншы. Жалпы, қысқаша айтсақ, айырмашылығы — баласын емес, зеңгібабалықтарды сауатынында.
Екінші қыз тігінші боп қызмет атқарған, салмақты (екі мағынасында да), алпамсадай шикіл сары қыз еді. Тігін жұмысынан алдына жан салмайтын. Әу баста бұны «кәсіп қылам» деп ойламаған; "әйтеуір қандай да бір сублимация ғой" деп кірісіп көрген еді, кейін кәнігі шеберге айналды.
Үшінші құрбы, шүйкедей ғана қайсар қыз балгерлікпен айналысатын. Негізі, бұл қыздың шешесі бал ашушы еді, содан үйреніп, шешеге қарап өскен түрі. Әу баста өзінің жап-жас басымен бал ашуға ары жібермей жүрген, алайда кейін бәрі сәбидің дәрет хикаясындай аяқталды… Жіберіп қойды. Айтпақшы, қызының қалаға болашақ сапарына орай шешей бал ашыпты. Жартысы қойдың нәжісі, жартысы көлдің майтасы секілді сенімді ақпарат көздеріне сүйенген ол қызының жолы болатынын болжапты. Негізі шешей клиенттерінің тоқсан пайызына жолы оңғарылатыныны жайлы сәуегейлене беруші еді… Бірақ туған қызына?.. Бәлки, шынымен жолы ашылатын шығар… Бәлки, туған қызы емес шығар…
Ә, иә, сонан соң екінші қыз бұл балшы аруға туыс боп келетін. Осындай бір үштік… Кедендік одағыңдысс!..
Айтып-айтпай не керек, ауылда осындай жол жүру жайлы әнгіме жүріп тұрған. Міне, бүгін дәл сол күн, қалаға жол жүретін шақ та келді. Әне-міне дегенше, ауыл іргесіндегі аялдамаға ұқсатып жасап қойған көліктің ескі тіркемесінің маңына сапарластар жиыла бастады. Ауылдағы жалғыз автобусты күтушілердің арасында біздің үш сылқым да бар. Көп күттірген жоқ, далаға мүрде, қалаға адам тасып жүрген сары пазик кемпір-шал, бала-шағаны тиеп, алып шаһарға жол тартты.
БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Жақым Қазанұлы және көліктегі үшеу
***
Жақымның қала іргесіндегі көлік бекетінің маңында бекер келмегені анық еді. Әдеттегідей көгілдір шетелдік көлігіне отырып алып, қыз-қырқын қарамақ ниетімен торуылдап жүрген. Ескі пазиктың бекетке тоқтағанын көріп, мырс етті. «Ох пілә, винтаж!» деді ішінен.
Автобустан түскен үш қыз қолын көтеріп, такси тоқтатты. Көгілдір мәшине көлденең келіп тоқтай қалды. Күтімі келіскен көліктің рөліндегі бітімі келіскен жігіт қыздардың көзіне оттай басылды.
— Такси ма?-деді пысығырақ қыз.
— Да, тоски.
— Такси деңіз,-деп жымиды екінші қыз.
Жақым қара көзілдірігін сәл түсірді.
— Садитесь.
Қыздар айғырдай жұтынып тұрған жас жүргізушіге қарап жымың-жымың етті де, көлікке жапа-тармағай отыра бастады. Баратын жер жайлы базарласу да, жол құны жайлы саудаласу да жоқ. Сондай бір ақымақтық үйлесім, лирика. Мимими.
БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Жақым Қазанұлы және көліктегі үшеу
Жақым көрер көзге етжеңді, денелі азамат еді. Фитнеске де фитна тудырмайды, штангіге де кет әрі емес. Тар мәйке кисе, өзін «качок» сезінетін кей жігіттердей емес, шынымен-ақ бұлшық етті жігіт болатын. Сонсоң қыз-қырқынға қыз-қырғын салатын жігіттің репутациясына сай, шашы артқа қайырылған, сақал-мұрты қиылған еркек болатын. Иә-иә, ол бір Аустрияда Еуробайқауға іріктеу әлі өтпеген, беттегі қиыңқы түк еркек үшін абыройлы кезең еді.
Қазанұлы жайында тағы не айтпадық? Жақым қазақша білмейтін жігіт еді. Бірақ қазір онымен кімді таңғалдырамыз, біз Қазақстандамыз ғой.
Қыздардың барар жерін межелеп алған соң, Жакым темекі қорабын алып шығып, ішінен бір тал суырды да, құшырлана тарта бастады. Милиграммдаған никотин басына шауып, құрыс-тырысы жазылғандай болды. Сонсоң алдындағы айнаға көз тастап: «Я вам не мешаю?»-деп сұрады.
— Жоға, тарта беріңіз.
Негізі, «Иә, кедергі, темекіні өшіріңіз» десе де, өшірмес еді. Әншейін әңгіме болсын деп сұрап жатқаны.
— Давайте знакомиться. Меня зовут Джакомо. Можно просто Джэк.
— Тура шетелдегідей ат екен.
— Сэндер де ат экэн. А как тебя зовут?-деді секси дауыспен пысық қызға.
— Гүлайым.
— ОО, гуляим, че, погуляем?
Қыздар шиқылдап күлді. А, я, біреуінің даусы жуан екенін айтқан ек қой, ол қарқылдап күлді. Келбетті жігіттің кескініне қарап, аккордеоннан басқа ешкім ештеңе тимеген музыкант қыздың төсі дір-дір ете қалды.
— А тебя как зовут?
— Бегайым.
— Оо, бегайым, че, побегаем?
Қыздар тағы да күлді. Бегайымның шикіл сары өңі қызарып кетті.
Осы кезде үшінші қыз Ибалы менің атымды қашан сұрар екен?-деп, жаутаң-жаутаң етіп отыр еді.
— А тебя как?
— Меня зовут Ибалы.
Бұл жолы Жақым үнсіз басын шұлғыды. «Очень приятносын» да айтқан жоқ. Моветон!
Мүмкін, ішінен айтқан да шығар. Тәуіп қой, қыз біле жатар.
— Какими судьбами в городе?
— Жұмысқа тұрамыз, сол, үшеуіміз жан құрбымыз. Бірге үлкен қалаға келіп, бірге жұмыс жасасақ деп едік.
— А, че, у вас одинаковая специальность?
— Жоға, мен әншімін, композитырмын.- Осы жерде «ох тырық, қатты айтып жіберген жоқпын ба композитырмын деп?», біреу ала көзбен қарағандай өзінен өзі күмілжіп кетті. — Бегайым тігінші болған, Ибалы бал ашады. Сооолл…
Әлгіннен үнсіз отырған Ибалы сөзге араласты.
— Ал сіз кім болып істейсіз? Биллайнда істейсз ба не?-деп сұрады айнаға байлаулы матаның жұрнағына қарап қарап.
Жақым мырс етті:
— Да нет, это Георгиевская лента.
— Сөйтіп кім болып істейсіз?
— Кэм болып эстемедим мен? И садовник, и шофер, медбратом болып эстэдым…
«Жылтырап тұрғанымен, қара жұмыстың да шетін көрген екен, ә» деп ойлап қойды ішінен Бегайым.
Жақым сөзін жалғады:
— И вот, карьерный рост у меня… Сейчас организатор я. Вот у вас же разные специальности. Кто вас щас возьмет всех трех на работу? Эшкэм алмайдээ… Вот я могу. Как раз ты певица, и петь будешь, и ртом работать. Ты гришь тігесің хорошо, а ты тастармен жұмыс жасайсың… и… и все подруги. Это работа прям для вас… На начальное время, қалада по крайней мере… Плачу хорошо. На место работы апарамын, алып қайтамын… Че, кэлэсыңдер мэ?
Үш ару үнсіз бір-біріне қарады да, "Әйтеуір бірдеңеден бастау керек қой, мұндай мүмкіндік көшеде жата ма?" деп тоқайласқандай:
— Біз келістік,-деді.
***
200 ат күші жауынгер ақын атындағы көшеге қарай жүйткіп бара жатты.
Бөлісу:

20 пікір

Marco
Жап-жақсы, Мерей! мадис!
OrkenKenzhebek
10!
Мерейдің жазбасына Аршаттың бөлесі, жүзтаныс деп қарасаңыз да, төреші ретінде суық қарасаңыз да, алары он баллдан асықтай көрініп тұрады. Себебі, мынау памфлетке татитын әңгімеде «ауыл — өмірден өз орнын таппаған қыздар — Саин көшесі» линиясы қандауырмен аяусыз тілініп, қан-жыны бетке шашырардай ашық көрсетілген. Оқып біткен соң әлгі алаңғасар үш қыздың осы жазбадан кейінгі тағдырына деген аяныш қалады.
Кеден одағы, Кончита Вурст, Георгий лентасы секілді саяси-әлеуметтік мемдерді де, қыздардың атына байланысты қара әзілді де мөлшерімен араластыра отырып ой саларлық әңгіме жазғаның үшін тек қана алғыс. «Далаға мүрде, қалаға адам тасып жүрген сары пазик » секілді адамды еріксіз мырс еткізетін теңеулерің үшін тағы бір рахмет. Бүгіндікке қараған 6 жазбаның арда жүйрігі, шап!
dark_nazgul
Алты. ПсевдоНұрбергенско-Псевдогастарбайтерский стиль.
Gastarbaiter
Бльо-о-о-о-о… Сөзім жоқ. Браво!
Онсыз да ерке талғамның дамбалын бір түріп тастады мына ңөң жазбаң.
Әр абзацтан бір-бір сюжетті тарқатып әкетіп, бірнеше сюжетті шырамытуға болады.
Техника жоғары.
Адамға қысқа бір әңгіме беріп, оның артында он беттік Толстой стиліндегі егжей-тегжейін жасырып қою, оқырманның барлығын топас көрмей, оның ишаратты түсіне білу қасиетіне сенім арта отырып жазу деген осы.

Жалпы әр сөйлеміңді мыжып отырар едім рахаттанып, бірақ әлі оқитын жазбалар бар.
10 ғой а атак. Әлгі нигерлердің шешесіндей семіз 10!
Соңғы түзету:
Gastarbaiter
Техникаңа уқалап отырып, кемшіндеу тұстарын айтуды ұмытып кетіппін.

«Гүләйым, Бегайым, Ибалы» есімдерін ойнатқаның тым таптауырындау көрінді. "Қолтықшаштар" мен «Жүнжапырақтардың» ащы табы есіп кетті.
Ну енді осындай деңгейдегі жазбагерден келешекте аздау күтілетін брыгольдар деп түсінерсің.
Соңғы түзету: