Батыр жігіт
Былтыр Руслан Монғолияға қыдырып барған. «Байтуған көшіп кетсе де, Байөлке көшіп келмеді» дейтін Баянөлгий аймағында қазақтар өткізген асқа қатысып қайтты.
Мұңғыл елінде күрестің өзі сән-салтанатпен өтеді екен. Кеудесін керіп, шаршы алаңға шыққандардың біразы қазақ. Белдесу басталмастан бұрын балуандар өз кеудесін өзі ұрып, талтайып би билейді екен. Бұл олардың бойындағы өршіл рухты шақыратын ырым.
Және алаңға жұп боп шығады.
Аноооооу жерде тұрған көк шапанды қазақ біздің үйдің батыры.
Мына жігіттердің сахараны билеген Шыңғысханнан несі кем?
Аспан асты, жер үсті — батыр қазақ мекені!
Тегіне тартпай ұл тумас.
Мұңғыл елінде күрестің өзі сән-салтанатпен өтеді екен. Кеудесін керіп, шаршы алаңға шыққандардың біразы қазақ. Белдесу басталмастан бұрын балуандар өз кеудесін өзі ұрып, талтайып би билейді екен. Бұл олардың бойындағы өршіл рухты шақыратын ырым.
Және алаңға жұп боп шығады.
Аноооооу жерде тұрған көк шапанды қазақ біздің үйдің батыры.
Мына жігіттердің сахараны билеген Шыңғысханнан несі кем?
Аспан асты, жер үсті — батыр қазақ мекені!
Тегіне тартпай ұл тумас.
Бұл монгол ұлтының куресі болған соң сол елдің ережесімен өтеді ғой кеудесін ұрмайды санын ұрады
Аноу куресіп жүргендердің бәрі қазақтар ішінде бірде бір Монгол жоқ, болсада қазақтардан басым түсе алмайды
1. Ләззат әпшеміз негізі ондыққа дәл тиер ерекше экзотикалық тақырыпты таңдаған-ақ екен. Дұрысы, фотомұрағатта тұрған файлдарына қарай әңгіме өрбітіп, арасын сөзбен сылап жібергені болмаса, фоторепортаж (жанрын осылай деп түсіндім) арнайы түсірілмеген, әсіресе жоғарыдан төменге сырғығандағы 5-6 фотолардағы лас кадр әсерімді асбест сепкендей басып жіберді. Датасы — былтыр.
2. Тақырып пен материалдың еш қатысы жоқ. Неге Батыр жігіт? Бұлай болса, онда неге бұл материалда батырдың (мен Руслан деп өзім түсініп алдым) жеңісі не болмаса, жеңілісі айтылмайды? А-а, батыр қазақ күреспеген шығар мұнда, онда неліктен батыр жігіт? Пафосқа бұл материалда қандай негіз бар? Егер бұл фотолы постты моңғол күресіне арналған деп білсек, онда неге бұл спорттың ережесі, қазақ күресінен ерекшелігі айтылмаған? Мысалы, маған бұлардың неге сонша қара санын жалтыратып, құйрығының сызығы көрінетіндей, әйелдің бикиниінен айырмасы аздау түрси киетіні қызық. Осылай ыңғайлы ма? Астарында мат та жоқ…
Ал жарайды, автор басында айтып кеткендей, бұл қазақтардың асы делік, онда неліктен фотоның 80-ы — күрес? Масштаб, локация қайда? Тігілген киіз үйлер дегендей, ойбай, бұл арнайы түсірілмеген фотореп екенін ұмытып кетіппін ғой… сондықтан, ең соңғы 2 фотоға тіпті не комментарий жазарымды білмей отырмын.
Не істеп жүр бұл жігіттер, қайдан келген, қалай ұйымдастырылады, қалай іріктеледі, ереже ерекшеліктері, халық ішіндегі мәртебесі, атақтары, т.б. Кейіпкер жоқ.
Очм, Фейсбук статусқа көбірек келеді жазбадан бұрын.
«Шыңғысханнан несі кем?» деген жерін іле алмадым.
6 бал.