Жалғас ЕРТАЙ: Интернетте жазылған мақалаларды талқылау
Жалғас ЕРТАЙ: Интернетте жазылған мақалаларды талқылау
blogcamp-2015 жазғы мектеп
Әрі қарай
blogcamp-2015 жазғы мектеп











… Бүгін қуанышымда шек жоқ. Ала жаздай еңбек етіп, күн демей, түн демей еткен еңбегіміз бен төккен теріміз ақталған күн болды. Әкем ерекше мәз. Қыстақтағылардың да бетіне қан жүгіріп, кішкене балаларға дейін бұл қуаныштың мәнін ұққандай. Енді осы мәпелеп өсірген құлпынайымызды базарға шығарып сатсақ, біраз қарызымыздан құтылар едік. Қыстағымыздың да ажары кіріп қалар еді-ау. Әйтпесе жаңа ғана иесі келіп кетті. Әдеттегідей апшыны қуыру ғой. Базарға шығарамыз деп қойған құлпынайдың бәрін салып ап кетпекші. Сонда бізді немен күн көреді деп ойлайды екен?! Қарызын қалай жабамыз сосын?! Әйтеуір үйтіп-бүйтіп, уақытты создық-ау! Енді базарға шығу ғана қалды...
Айтпақшы түнде түс көрдім. Сол түсіме қарағанда аспаннан бір жақсылық келіп менің басыма орнайтындай. Білмеймін өтірік шынын, бірақ аспаннан салбырап түсетініне сенбесем де, өмірімде бір жаңалық болатынын түйсінгендеймін.
құламағандарын бір нәрсе езіп тастапты((