— Ыбааа шешесс, ыздрого беречислениемен береміз дейд нақ, бітті нақ бәрі! — деді Ико, қытайы шатыраш сөмкені туалеттің жанына атып ұрып.
Иә, бұл антұрған күні Ико бізді әдеттегідей — жарты қапшық әбілқайырлардың, абайлар мен шоқандардың суреттерімен қуанта алмады. Бірақ Иконың адалдығына сенуші едік: ешқашан адам ақысын жемейтін. Арамыздағы түріне адам қарауға шыдарлық сол болғасын, бейресми бастық қып сайлап алғанымыз болмаса, құдайына қараған, сенен, менен айырмашылығы жоқ абзал пяншік болатын.
— Жашаштық дұрыс бәрін, эмнеге бербейді екен, ой енеңң! — деді қырғыз Талай ептібайымайд, Иконың намысының жарасын тырнай түсіп.