"Онанизмус" пақырлық тобының шабуылы

«Anonymous» хакерлік тобынан бұтқа жіберіп жүргенде, ақиретті «Онанизмус» пақырлық тобы көрсетед деп кім ойлаған?

Кеше 7 ме, әлде 8 бе, хат алдым. Хат иесі маған… өз атымнан хат жіберіп, тыштырмақ болғанға ұқсайды. Ия солай:
Әрі қарай

Қажығұмар Воркута. "Қызметкерлер"

Бұл бұққан сайын, басекең де тыға берді.

— Ал мысалы, мына буманы алайық. Сайра Макнамара. 1988 жылы туылған, тфьуй епті — күшік қой мынау? Оқуы — аяқталмаған жоғары! Өзің ойлап қараш: елдің жартысы үш дипломмен бөтелке тапсырып жүр; ал сен аласың да — аяқталмаған жоғары «білімді» адамды жұрт 35 жыл бойына қолы әрең жететін — комитет хатшылығына дүңк еткізесің? Тырыссам — ар жағында жемқорлық пактісі болғанын да анықтай алам! Айтшы өзің? Неге қаршадай қыз — кенет осылай ұша жөнелді? Кадрлық саясат наққа кеткен заман боп тұр ма бұл өзі?

Қияметдин Уинстоннан шып-шып суық тер шықты.

— Басеке, әлгі, баяғыда мен келгенде де, Сіз…

— Не? Не болып еді сен келгенде? Жақсы, жақсы! Мені әдейі тиісіп отыр деп ойлап тұрсың ғой
Әрі қарай

Біртүрлі сөздер

Ауылда, көрші тұрған бір кемпір болып еді. Марқұмның жалғыз баласы бар-тын. Ол тәп-тәуір келіншек алып, үй болды. Алайда, ерке өскен есалаң жиі-жиі «налево» кетіп қалатын. Ақыры, басқа біреуді екіқабат қылып, отбасысы ойран бола жаздады. Әдетте көп сөзі жоқ кемпірдің, сол кезде баласына ұрысқаны есімнен кетпейді. Дәлірек айтсақ бір ғана сөзі. «Желтасақ»! Естідіңіз бе мұндай сөзді бұрын? Меніңше, ең дәл айтылған анықтамалардың бірі.

Жабық қауымдастықтардың біріне салуға да болатын еді. Бірақ, админ шағымданған «Жазғы сылбырлыққа» аз да болса ем болар деген оймен осында қойдым.
Очм, осындай. Тақырыпқа қатысты білетіндерің болса, бөлісе отырыңдар.
Әрі қарай

Хабдолла атайдың соғыс туралы шытпақтары

Алдымен аз-мұз трагедия. Хабдолла* атай, 1923 жылы туылған, қызыл әскер. Жауынгерлік жолын 1939 жылы бастаған. 1942 жылы неміс тұтқынына түсіп, Рейн-Вестфалия жерінде шошқа бағады. Өмірінің ол кезеңінен айтатын жалғыз естелігі: «Фройлена жақсы кісі еді. Сұлу да еді: емшектері — мынаааааааандай!». 1945 жылы совет әскерлерімен «азат» етіліп, "өз еркімен тұтқынға түскен" деген айыппен 25 жылға бас бостандығынан айырылады. 25 жыл түгел отырып шыққан ол қайтар жолға түк таба алмай, бір топ адаммен дүңгіршекке(«ларек») шабуыл жасап, тағы 10 жылға қамалады. Ол мерзімін өтеп шыққан соң, паспорт режимін бұзды деген айыппен тағы 3 жыл бас бостандығынан айырылған. Бас-аяғы 41 жыл жазықсыз айдауда отырған адамға бәрі де кешіріледі, есі ауысқандығы да соның зардабы болар. Бірақ қанша сыйлағанмен, кейбір өтіріктерінен ұстап алып, қасқа шалды жындандыратын едік.

***
Әрі қарай

Ертөре "Че" Қибаров. Төңкеріс

Менде бір керемет сюжет бар...: Ертөре Че Қибаров.  Төңкеріс
cурет: 2.bp.blogspot.com

***

1-хат

Сүйікті, менің досым, Перден!

Жағдайың жақсы ма? Денсаулығың қалай? Өткен жылғы шығартып жатқан оқулықтардың жаңа стильде жазылғанын көріп риза болдым. Мәселен, Математиканы түрлі пазл етіп бергенсің, Тарихты комикстер, ал Ана тіліне еркін рейтингілеу мен таңдау құқын қосыпсың, тағы біраз жұмыстарыңды да жақсы бағаладым.
Әрі қарай