Заттыбек Нартәуекел үлкен қатені байқадым.

Ауылдан апам келген.Күнде Заттыбек.Әбден зығырданым шықты.Ескертіп қойяын Заттыбекті мен ұнатпаймын.Сомен не керек Нартауел өлеңін қосты, тыңдаватрмын-тыңдаватрмын и бір қатені байқадым.Ол қате мынау:

Белді тәуекелге байладым.дейд!

Қазақтар белді тәуекелге бел байлайма әлде тәуекелге бел буама.Меніңше тәуекелге бел буатын сияқты.

Ән

Әрі қарай

Ұлттық Құрамаға Ресей және Беларусьтан 300 футболшы ұсынылды



Футболдан Ұлттық Құрамамыздың сәтсіз ойындарынан кейін бүгін таңертең ҚФЖБ (Қазақстан Футбол Жанашырлары Бірлігі) мүшелері шұғыл түрде жиналып, Футбол Федерациясына ұсыныс тастады. Ұсыныста 2013 жылдың 22 наурызында өз алаңымызда ойналатын Германия матчына дейінгі жүзеге асырылуы қажет іс-шаралар тізімі берілді. Солардың ішіндегі ең маңыздысы — шет елден жаңа футболшылар әкелу.
Әрі қарай

Жұмамұрат Саймон. «Шырын жасау» (мультик сыр)

Менде бір керемет сюжет бар...: Жұмамұрат Саймон. «Шырын жасау» (мультик сыр)
«Егетін дым жоқ» ©Ақзере

Әбілдің, менің бала кезімнен пантазиям тайыз болды. Жұрт «космонавт болам!» деп өсіп, бухгалтерлік есеп бітіріп, ақыры сантехник болып, ішіп кетіп жатқанда, мен ештеңе армандамай өстім. Рас: мен де ішіп кеттім.
Жұрт «космонавт болам!» деп, тарих факультетіне түсіп жатқанда, мен «конкурс осында аз екен» деп, «Консервілеу технологиясына» түстім. Шала-пала оқыдым. Үшінші курста шырын жасайтын компанияға жұмысқа тұрдым.
Әрі қарай

Ақтөбе қаласындағы бір тойда рекордтық көрсеткіш

АҚТӨБЕ. 30 қаңтар. ҚызАқпарат /Жамал Меңдібаева/ — Ақтөбедегі бір тойда рекордтық көрсеткіш жаңартылды. Басталуы 18:00 деп белгіленген той 21:00-де басталып, таңғы 05:17-де аяқталды.



Бұл тойда күйеу жігіт пен қалыңдықтан басқа олардың әке-шешелерінің, тіпті қалыңдықтың жездесінің де биографиясы тыңдалды. Жалпы есеп бойынша тост, тілектер кезінде 14 адамның өмірбаянынан сырлар шертілді.
Әрі қарай

Қажығұмар Воркута. "Дениз"

— Дениз, ең ақыры — ол сені қан-жоса қылып пышақтап тастап, енді шала-жансар жатқан жоқсың ба?
— Қойшы Мәрт, ашудан өзін өзі ұстай алмай қалған ғой. Тиме оған!
— Дениз, ол сенің клатчыңа улы жылан салып қойып, өткен айда өліп қала жаздаған жоқсың ба?
Әрі қарай