Жұмамұрат Саймон. «Шырын жасау» (мультик сыр)

Менде бір керемет сюжет бар...: Жұмамұрат Саймон. «Шырын жасау» (мультик сыр)
«Егетін дым жоқ» ©Ақзере

Әбілдің, менің бала кезімнен пантазиям тайыз болды. Жұрт «космонавт болам!» деп өсіп, бухгалтерлік есеп бітіріп, ақыры сантехник болып, ішіп кетіп жатқанда, мен ештеңе армандамай өстім. Рас: мен де ішіп кеттім.
Жұрт «космонавт болам!» деп, тарих факультетіне түсіп жатқанда, мен «конкурс осында аз екен» деп, «Консервілеу технологиясына» түстім. Шала-пала оқыдым. Үшінші курста шырын жасайтын компанияға жұмысқа тұрдым. Бастық Делл Қадыр: «Шырын жасаудан бас технологтың черты мен чмосы боласың!» деді. «Кетейнақ!» деп едім, «лібәд, бәрі бірден қайда! Ана шал да баяғыда шымо болған, қазір қара – түкірігі жерге түспейд!» деді. «Ааа, онда жақсы, шымо болайын» дедім.
Бас технолог жақсы шал екен, жүз елу грамм құйып жіберді де: «Ертең кел нақ, апельсин шырынын жасаймыз!» деді. Солай десе де, ертең келгенде мәз болып қалсын деп, қазандықтың қасына қоймадағы апельсиндердің барлығын тасып қойдым.
Лібә, ертеңіне шал келді де, апельсин шырынын жасауды тездетіп бастап кеттік. «Бірінші қазандыққа дистилляттан құясың нақ!» деді де, шлангымен қазандықты суға толтыра бастады.
— Енді аплесинді саламыз ба? – дедім мен ыржиып.
— Ептібайымайд асықпа, тұра тұр! Мұқият қарап тұр, ертең мен өле қалсам, сен істейсің осыны, әбіл-ау! – деді. Қарап тұрғаннан басқа амал қалған жоқ.
— Нақ әкесс дұрыстап қара, жазып тұр! Сонымен, дистилятты қыздырамыз да, болғаннан кейін глутомат саламыз. Көрдің бе: судың түсі сарғыш тартты. Содан кейінгі ең қиыны эмульгатор. Эмульгаторлардағы полипрохлорвиниллдің иісін басу үшін калий карбонатын қосамыз. Карбонаттар абсорбент екенін мектептен білетін шығарсың, эфир майларын шөлден келген өгіз сияқты өзіне сорып алады. Сосын ана мембрананы ашып жібересің, карбонаттың түйіршіктері туалетке ағып кетед. Келесі, өзімнің ең жақсы көретін жерім – қант пудрасын салу. Оннан бір бөлігінен артық салма, тым тәтті боп кетед. Енді, моторды қосамыз, көрдің бе, жақсы араласып жатыр қант. Ең соңғысы – екі тонна суға – бір литр мөлшерде гуммиарабиктің суспензиясын құясың. Бітті, дайын!
Шыдамай кеттім.
— Лібәдтың шалы, апельсинді салмадық қой нақ?
— Қайдағы апельсин нақ???
— Міне, отыз қорап апельсин, Сізге оңай болсын деп, түнімен тігіліп тасып қойсам нақ!
— О малатаңанә, ол Жаңа Жылда балаларға сыйлыққа салатын апельсин ептібайымайд! Бар орнына апарып қой!
«Шешесс...» дегеннен басқа эпитет келмей қалды…
Бөлісу:

39 пікір

patick
Ептібаймат-ай :))))))))))))))))))
sammita
:))))) сенің таппайтының, ал менің сөзім жоқ)))
sigma
Уот, бабай.
креслодан жаман кеттім, жұмыста отырғасын, ұят болар деп, креслома кері отырып, күлкімді жалғастырдым.
asaubota
кісінеудемін :))) лажым жоқ
Zilola
сізге қосылып кісінеп алдм :)))))))))
akpatscha
"Әбілдің, менің бала кезімнен пантазиям тайыз болды. Жұрт «космонавт болам!» деп өсіп, бухгалтерлік есеп бітіріп, ақыры сантехник болып, ішіп кетіп жатқанда, мен ештеңе армандамай өстім. Рас: мен де ішіп кеттім".
Ай, адамның қанын іштіңдер-ау. Лібә, фильмге сценарий жазатын адамсың ғо.
Jacqabaies_Chirac
Мұқият қарап тұр, ертең мен өле қалсам, сен істейсің осыны, әбіл-ау!
мейірім мен қамқорлық тұнып тұр ғой қарияда епті
Abilakim
Кеңілдедім)))))))))))
"Қасқыр мен шаруа" есіме түсіп кетті
sammita
оқимын да күлемін тоқтай алмай. Жанымдағыларға да оқытуға тура келді, көпшілікпен күліп отырмыз енді қысылмай:) Қорытынды: бір ауыздан «шырын ішкіміз келмей қалды» деді:))
sigma
Лібә, лібәт, тігіліп, малатаңәнә деген терминдерді енгізу арқылы құлаққа жағымсыз естілетін кейбір сөздерді алмастыра білген.

Жалпы Сатекеңнің ішінде сатирик-жазушы ішіп кеткен ғой
Gastarbaiter
Тағы кетті сука)))))))))))
edige
Сокка деген басқа эпитет келмей қалды…
KILYZAMAN
...Әжуаның королі десем жарылып кетерма екенсің. Жарайсың Сатеке!!! Осындай әжуаны қойыртпақтатын басқапағың(асқабағың) нәрлі болғай.
VKM
сөз жоқ тамаша әңгіме… сатыпалды сол технологияны қайдан біледіиии деген сұрақ мені ылғи ойландырады… орысша айтқанда«швец и жнец, на дуде игрец»…
balzaminka
Әйгерім оқығанда қызық естіледі :)
AKY
гыгыгы, «ептібайымайыдты» «яптвайтмайт» деп оқығанымды айтып отырсың ау...)))))
balzaminka
хе-хе, ол да бар ))
just19
Пәлеееен жыл кола жасайтын зауытта істейтін шал өмірінде кола ішіп көрмептінің аяғын құшыпты.
Onlasyn
))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))
Сәл дөрекілігі болмаса, күлкіден көзден жас шығартататын әңгіме))))))))))
satibaldi
Иә, иә, лексиконым сонша ғайбатқа толы кезеңдер өтті, есіме салып, бетіме салық қыла бермегейсіз.
qisyq
Оған бола көңіліңді ауыртпағайсың, батырым, өткен күннен бас тартпа, бірақ байланып та қалма, көзіңді кеңірек ашып, болашағыңды бағдарла, басымдығыңды байқаста, батылдығыңды таныт!
Onlasyn
Сізбен толықтай қосыламын, өткен өтті, енді тек алға
satibaldi
Осындай да бауырластық ниеттің берері көп екен, әйтпсе тағы да сөгіс естуге келіп едім. Рақмет Сіздерге.
Abilakim
«Адасқанның айыбы жоқ, қайта үйірін тапқан соң» деген. Сізде көп қысыла бермеңіз. Етегіне намаз оқып жүрген кім бар дейсіз бұл жерде…
Janasil
<strong>эфир майларын шөлден келген өгіз сияқты өзіне сорып алады</strong>


Не деген керемет теңеу еді. Ауылым есіме түсіп көңілім босап кетті.
Rafaello
Pico апельсин күнде алатын едім, енді ойланып қалдым
Daniar-Alan
Жұрт «космонавт болам!» деп өсіп, бухгалтерлік есеп бітіріп, ақыры сантехник болып, ішіп кетіп жатқанда, мен ештеңе армандамай өстім. Рас: мен де ішіп кеттім.
MakpalNurlybek
Ал расымен апельсин қоспайды ма
zholantai
сок алмай-ақ қояйық деп айтамын үнемі
енді айтпай, мынаны оқыту керек и все