Бапкер

  • UNITED
UNITED: БапкерСэр Алекс Фергюсон осы маусымның аяғында жаттықтырушылық карьерасын аяқтайтын болды. Шындығында, Сэр Алекстің әйтеуір бір күні кететіні анық еді (Шотландтық болғанмен Дункан Маклауд емес қой).

Бапкер 2002-жылы отставкаға кетпек болды. Алайда, ол маусымда Манчестер Юнайтедтің трофейсіз қалуы Фергюсонды шешімін өзгертуге мәжбүр етті. Оған мың тәубе. Өйткені, одан бері Сэр Алекстің командасы ішкі чемпионатты 6 рет ұтып алды.

Жалпы, МЮ бапкері ретінде Сэр Алекс Фергюсон қырыққа жуық трофей жеңіп алыпты:
Ағылшын премьер лигасы: 13 (1993, 1994, 1996, 1997, 1999, 2000, 2001, 2003, 2007, 2008, 2009, 2011, 2013)
Чемпиондар лигасы: 2 (1999, 2008)
Англия кубогі: 5 (1994, 1996, 1999, 2004)
Ағылшын лигасының кубогі: 4 (1992, 2006, 2009, 2010)
Комьютинити Шилд (Суперкубок): 10 (1990, 1993, 1994, 1996, 1997, 2003, 2007, 2008, 2010, 2011)
Клубтар арасындағы әлем чемпионаты: 1 (2008)
Европа суперкубогі: 1 (1991)
Құрлықаралық кубок: 1 (1999)
Кубок иегерлерінің кубогі: 1 (1991)


Негізі Сэр Алекстің бір күні болмаса бір күні кететініне көптен бері дайынмын. Бірақ, сонда да бұл хабар жай түскендей естілді. Келесі маусымнан бастап, ол алаңның шетінде сағызын өршелене шайнап тұрмайды, арбитрлерге әлденені дәлелдеп айқайламайды, ойыннан соң баласындай футболшыларды құшақтамайды. Ол енді Бобби Чарльтонмен бірге трибунада отырады. Біртүрлі жараспайтын сияқты. 70-тен асса да айбары мен қуаты қайтпаған Фергюсон әлі де талай жас бапкерді шаңында қалдыра алады. Мен оған сенем. Бірақ, оның карьерасын осылай чемпион ретінде аяқтағанына қуаныштымын.

Рахмет саған САФ!
Әрі қарай

Юнайтед: Ұрпақтар сабақтастығы

  • UNITED
Манчестер Юнайтед тарихындағы ұрпақтар сабақтастығы, тәрбие, мызғымас дәстүрлер туралы бір кітап жазуға болады. Сөзді көбейтпей, Куинз Парк Рейнджерс пен МЮ арасындағы соңғы матчқа қана тоқталайын.
Әрі қарай

1001 матч

  • UNITED
86-минут. «Сэнт-Мэрис» стадионында «Саутгемптон» жанкүйерлерінің ысқырығы мен ән-айқайынан құлақ тұнады. Есеп 2-1. Сәлден соң қаһарлы «Манчестер Юнайтед» тізе бүгуі тиіс. Бірақ бұл — «Манчестер Юнайтед»! Соңғы бес минутты ең ширақ өткізетін команда. Сәл тосылсаң — оңдырмай жазалайды. Бұған дейін бірнеше рет орындалған сценарий бүгін де қайталанды. Бас-аяғы бес минутта «Саутгемптонның» бар үміті тас-талқан болды. Қорытынды есеп: 2-3. «Манчестер Юнайтедтің» кезекті жеңісі!
Әрі қарай

Мюнхен ешқашан ұмытылмайды

  • UNITED
UNITED
Бұл фильм Манчестер Юнайтедтің тарихындағы ең қайғылы әрі ең қастерлі сәт — Мюнхен трагедиясы туралы.
1958-жылдың 6-ақпаны. Мюнхен. Жаттықтырушы Мэтт Басбидің командасы ұшақ апатына ұшырады. «Басби бөбектері» атанған жас, жеңімпаз әрі жарқын команда бір мезетте ойран болды. Ұшақ бортында болған 43 жолаушының 23-і Мюнхенде көз жұмды… Команда Европа Чемпиондары Кубогінің аясында Белградттың «Қызыл жұлдыздар» командасымен ойнап қайтып келе жатқан еді…
Әрі қарай

Мен пенде емеспін... Мен Кантонамын!

  • UNITED
Эрик Кантона – бұл есім Манчестер Юнайтед клубының барлық жанкүйеріне таныс болуы керек. YouTube-ке рахмет! «Кунг-фу соққы», алты ай дискфалификациядан кейінгі оралу, үнемі көтерулі тұратын жаға… бәрін-бәрін тамашалауға мүмкіндік бар. Кантонаның Олд Траффордтан кеткеніне 15 жыл толса да, оның харизмасы ешқайда жоғалмағандай.
Әрі қарай