1001 матч

  • UNITED
86-минут. «Сэнт-Мэрис» стадионында «Саутгемптон» жанкүйерлерінің ысқырығы мен ән-айқайынан құлақ тұнады. Есеп 2-1. Сәлден соң қаһарлы «Манчестер Юнайтед» тізе бүгуі тиіс. Бірақ бұл — «Манчестер Юнайтед»! Соңғы бес минутты ең ширақ өткізетін команда. Сәл тосылсаң — оңдырмай жазалайды. Бұған дейін бірнеше рет орындалған сценарий бүгін де қайталанды. Бас-аяғы бес минутта «Саутгемптонның» бар үміті тас-талқан болды. Қорытынды есеп: 2-3. «Манчестер Юнайтедтің» кезекті жеңісі!
Бұл МЮ-дің сэр Алекс Фергюсонның бастауымен ағылшын премьер-лигасында өткізген 1000-матчы болатын.

Сэр Алекстің командасы 1000-матчтың 599-ында жеңіске жетті. 233 кездесуде тең түсіп, 168 ойында жеңіліп қалды. Доп айырмасы 1866-665. Юнайтед тізгін ұстаған 25 маусымда Фергюсон 12 рет Англия чемпионатын жеңіп алды. Бұл жылдар аралығында команда бірнеше рет қайта құруды бастан өткізді. Бірақ футбол тарихындағы ең ұлы жаттықтырушының арқасында команданың жеңіске деген ұмтылысы, жігері, чемпиондық амбициялары азайған емес. Тұрақтылық — бұл Манчестер Юнайтед пен Сэр Алекс Фергюсонның екінші аты.

САФ биыл 71(31.12.1941ж) жасқа толады. Бірақ ол футболды әлі де балаша сүйеді. Өзінің айтуынша, өткен жолына мақтана қарап, үйде жатып алып, футболды теледидардан қарауға осы бала махаббаты кедергі.

Сэр Алекс пен Манчестер Юнайтедтің АПЛ-дағы 1001-ші матчы 15-қыркүйекте өтеді. Қарсылас — Уиган. Бұл кездесу 600-ші жеңіс болуы әбден ықтимал. Жеңіліп қалса ше? Ештеңе етпейді. Сэр Алекс Фергюсон барда Манчестер Юнайтед бәрібір жеңімпаз болатынын нағыз жанкүйер анық түсінеді.
Glory, Man.United!!! Forever SAF!!!



суреттер sports.ru сайтынан
Бөлісу:

29 пікір

asaubota
МЮ — ГС матчын бірге қарауымыз керек!

кезінде ГС топтық кезеңге МЮды шығармай тастағаны Фергюссонның әлі есінде екен және Стамбулдағы жазу: ТОЗАҚҚА ҚОШ КЕЛДІҢДЕР!
Marco
САФ сол кездесуден кейін түріктің барлың клубтары туралы солай ойлайды-ау деймін.)))
asaubota
Олд Траффордтағы 3:3-тің реваншына келген кездерін қарап көр, мына видео сол кезді жақсы жеткізген.

Nurgisa
Мда, не деген жанкүйерлік мынау! МЮдің өзі тізерлеп қалды, қайтып келгіміз келмейді дейді… Осы ретінде де бұдан кем соқпауын күту орынды, әлбетте. Тіпті провокация үшін ағылшын фандары бармай қалса да, таң қалмау керек. Фергюсонға қарасты психологтар жігіттермен жақсы жұмыс істемей бітпейтін іс бұл.
Abilakim
шал ширақ.Бізге осындай бір шал керек-ақ, футболға
Nurgisa
Өткендегісі Ван Персидің жеңісі еді, негізі  
Айтқандай, аузынан сағызы түспейтін не әдет екен? Жүйке тозса, ЦСКАның бапкері сияқты олай да бұлай тыпыршып отыруға да болады ғой, мысалы.
Биыл МЮ чемпион бола алмайды, әрине. Ман.сити дәл осы қарқынынан таймаса, САФ ендігәрі чемпиондық тәжбен тағы бір мәрте қауыша алмай ма деп ойлаймын. Жалпы, арабтарға ризамын. Ақылмен жасалған инвестиция.
Abilakim
соны мен де ойлағанмын, сағызды. Қанша сағыз шайнайды екен бір ойын барысында деп…
Marco
Ван Персиді командаға әкелу туралы шешімді қабылдаған Фергюсон ғой бәрібір.
Биыл МЮ чемпион бола алмайды, әрине
Жиырма бес жылда осындай сөзді көп адамдар айтқан. ))) Әуелі Ливерпуль, сосын Арсен Венгердің «жеңілмейтін» Арсеналы, одан кейін Абрамовичтің Челсиі… Бастысы МЮ бар!!!
Nurgisa
Заңды ғой дәл бұлай МЮлетуің. Құқылысың. Ман.ситиден кейінгі екінші орынды Суонси емес, Арсенал емес, САФтықтардың өздері сақтап қалады деп сенейік. Алға, манчестер жігіттері!
Marco
 троль болған түріңді ))) Шейхситиің әлі-ақ іріп-шіріп кетеді. Ақшаға құрылған команда бәрібір қарық қыла алмас, бастысы командада жылдар бойы қалыптасқан рух болуы керек.
Менің жанкүйерлігім біреуге күлкілі көрінетін шығар. Маған трофей маңызды емес. Бастысы команданың бар екені, оның өз тарихына деген құрметі, жастарды тәрбиелеуге деген ұмтылысы. Сэр Басби, Сэр Чарльтон, Рой Кин, Пол Инс, Робсон, Кантона, Гиггз, Скоулз, Флетчер сияқты адамдардың болуы!
Nurgisa
Дұрыс қой, Марко. Бұдан кем соқпас сәттілікпен әлдебір басқа бәндә Барсаға, енді бірі Леччеге жақтасуы мүмкін. Басқалардың іруін-шіруін тілемей, юнайтедтік рухқа беріктігің тәнті етеді. Ернар деген досым бар, сен сияқты МЮ фанаты. Атыраудағы үйі кіреберістен шығаберіске дейін толықтай МЮге қатысы бар аттрибутикамен көмкерілген. Сенікі оныкінің қасында айналайын екен. Ол ренжіп қалатын МЮге қарата жағымсыз уәж айтсаң. Ман.ситидің дәл қазіргі уақытта АПЛде дес бермес дружина екенін мойындаудың өзі ерлік деп білемін. Қайтпас та қайсар МЮлік фанатқа жарасатын ерлік және де!!!
Marco
Былай ғой, былтырғы маусым, мен футбол қарай бастаған уақыттан бергі МЮ-дің ең сәтсіз маусымы болды. Трофей жоқ, командада осыған дейінгі жылдамдық, ең бастысы ой жоқ. Алайда, ең жаман маусымда МЮ чемпионатта екінші орын алды, ситидің барлық ақшасы мен «жұлдыздарына» қарамастан, бар болғаны доп айырмасының кесірінен екінші орын алды. Ең жаманы осы болса тәуекел! Келесісі одан жақсы болады!!!
kokbori
Дұрыс, САФтың сөзі бар ғой: «Кезінде Челсидің басына Абрамович келгенде де қарқынды болған, аптығын басқанбыз, енді сол Челсидің кебін МанСити де киері күмәнсіз». Меніңше жөн сөз. Ақша мен Сүйіспеншіліктің таразысы
Onlasyn
Ман.сити дәл осы қарқынынан таймаса
биыл өз басым MC-дан ешқандай қарқын көріп тұрғам жоқ. ЛПульді, Челсиді таза сәттілікпен ұтты ғой
FaraOn1
футболда сәтсіздік сәттілік деген жоқ, ол сылтау ғана, жеңіс пен жеңіліс бар)))
Janasil
2056 жылы біздің футболшылар бұларды жеңетініне сенімдімін және ойын «футбол» емес «аяқдоп» деп аталатын болады ол кезде.
qyzylordalyq_jigit
«Армандар театрына» бару бақыты бұйырды маған былтыр. Ең жоғарғы трибунаға шығып, алаңға қарап қалғанда көз алдыңа ашылатын көрініс үшін ғана барған жолың, билетіңе берген ақшаға өкінбейсің ше енді. Театр десе театр…
Glory Glory Man Uniiited! Glory Glory Man United!
Roo-ney! Roo-ney! Roo-ney!
тағы басқа ұрандардан құлақ тыншымайды. Гол соғылғындағы децибел дайындалмаған адамның құлағын жара жаздайды екен. Қызылордадағы Ғани Мұратбаев стадионындағы біздің айқай оның қасында сыбыр.
Фамилиямды жазып жейде алдым, тегін клубтық шалмалар әр орындыққа тегін қалдырылып таратылды.
Сол сапардан кейін Ман Юнайтедтің жанкүйеріне айналмауға шара қалмады
Marco
тегін клубтық шалмалар әр орындыққа тегін қалдырылып таратылды.
Мәссаған!!! Мен 2007-жылы болғам Олд Траффордта, бірақ ол кезде мұндай бақыт бұйырмады маған (((
qyzylordalyq_jigit
бұл маусымдағы алғашқы өз алаңындағы ойын болатын. сондықтан болар ерекше атмосфера болды сол күні.

Рамазан айы болатын. Қасымдағы араб достарым оразасын бірінші тайм біткесін ашты
asaubota
шалма деген шарф па?

рамазан демекші, бір рет 13-сектор құрамында жүргенімде оразамды ойын ортасында трибунада ашқам. қалтама сок пен сникерс алып кіргем
Marco
Cникерс кәпірлердің тамағы емес па?
Adiletshu
Биыл чемпион Челси болады. Азар келгелі бері Торрестің араны ашылды. Торрес үздік бомбардир болады
Marco
Көреміз. Челсидің автобусын қалай тас-талқан қылуға болатынын Фалькао көрсетті ғой)))
MickThatsMyNick
МЮ тек чемпиондар лигасында ойнауға лайық команда, еуропа лигасына түсіп қалу олар үшін ұяттау болар…
Marco
Былтыр Еуропа лигасын да көрдік қой)))
Abilakim
жүре берсең көре бересің))
Marco
Видео қосып қойдым