Кәсіпкерлікке алғашқы қадам !
 
            Кәсіпкерлік. Бизнес. Қолдау. Серіктес .
Ия, бұл сөздер баршамызға аян. Күні бүгінде елімізде шағын және ірі кәсіпкерлікті қолдайтын ұйымдар ашылып, жұмыс жасап отыр. Олардың басты мақсаты — кәсіпкерлікті қолдап, олардың басшылық қасиетін дамытып, елге тиер пайдасын алу.
Дегенмен, әр бір бизнестің басы жоспардан тұрады. Бізге экономика сабағынан беретін ұстазым ылғи солай дейтін.
Күн сайын, жаңа жобалар іске асырылып, бірнеше өзгертулер енгізіліп жатыр. Әрбір кәсіпкер өзінің жұмысына сенімді, әрі сақ адам болу керек. Сондай — ақ, қиын жағдайда тез шешім қабылдай алатын, шешім қабылдай алатын жан болу тиіс.
Дегенмен, әр кәсіпкер білу керек ережелер бар. Бұны, біреулер білгенмен, біреулері біле бермес. Сонымен, сатылап басталық.
1. Сенімділік. Өзіңізге өзіңіз сенбесеңіз, сізге ешкім сене қоймас. Егер, болашақта өзіңізді қожайын ретінде елестетсеңіз үйрене беруіңіз керек. Өйткені, басшы ретінде өзгелердің сеніміне кіре білу керек.
2. План Б. Міндетті түрде болу керек. Өйткені, бизнес бар жерде шығыс және дағдарыс болуы заңды құбылыс.
3. Сәтсіздіктерді жеңе білу. Бір мәселеден кейін, жеңіле салуға болмайды.
Қызықты мәлімметтерге сүйенетін болсақ, әйгілі ірі байлардың басынан талай қиындық болған. Бірақ, олар мойымай жеңе білді. Әлемдегі ең бай адамдардың тізімі:

1. Билл Гейтс
Дәулеті: $77.2 млрд
Кіріс көзі: Microsoft, инвестиция
Мемлекет: АҚШ

2. Карлос Слим Элу
Дәулеті: $ 70.9 млрд
Кіріс көзі: коммуникациялық индустрия
Мемлекет: Мексико

3. Уоррен Баффет
Дәулеті: $ 65.7 млрд
Кіріс көзі: Berkshire Hathaway
Мемлекет: АҚШ

4. Амансио Ортега
Дәулеті: $ 63.7 млрд
Кіріс көзі: бөлшек сауда
Мемлекет: Испания

5. Лоуренс Эллисон
Дәулеті: $ 50.2 млрд
Кіріс көзі: Oracle
Мемлекет: АҚШ

6. Алико Данготе
Дәулеті: $ 3,3 млрд
Кіріс көзі: цемент, қант, ұн өнәркәсіптері
Мемлекет: Нигерия
4. Тауар. Ұсыныс және сұраныс.
Белгілі бір жобаны қолға алғасын, міндетті түрде халықтың сұранысына мән беру керек. Және ол зат мейлінше, ешкімнің алуға қаржысы жетпейтіндей болу керек. (яғни, бәсекелестеріңіздің)

Енді біраз суреттерге назар аударсақ.

Бұл архивтен алынған құжаттар. Яғни, әр бір жеке кәсіпкерліктің осылай шығыны мен кірісін зерттеп, анализ жасап отырады.

Осы суретте шағын бизнесті қолдайтын банктер мен акционерлік компаниялардың тізімі. Бұнадығ атаулардың барлығы баршаңызға танымды.


Өзіміздің елімізде тамаша жобасы, жалынды жастарды қолдау үшін " ДАМУ", " ҰКП " секілді тамаша қорлар ашылған.
Ел басының өзінің кезекті сөзінде былай деген:
— Біріншіден, Қазақстандағы кәсіпкерлік ұлттық экономиканың ілгерілеуші күшіне айналуға тиіс. Шағын және орта бизнестің үлесін кемінде екі есеге арттыру қажет. Екіншіден, жекешелендірудің екінші кезеңін өткізу жөнінде ауқымды міндет қойылды. Іскерлік қабілеті бар және тиімділік көрсетіп жүрген қазақстандық кәсіпкерлер оның субъектілері болуға тиіс. Үшіншіден, ұсақ кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлердің орта топқа тезірек өтуін ынталандыратын шараларды жедел әзірлеп, жүзеге асыру керек. Төртіншіден, бизнес кооперациясы үшін, әсіресе, өңірлік деңгейде жағдай жасау маңызды. Сондай-ақ, кәсіпкерлердің Ұлттық кәсіпкерлер палатасына міндетті қатысуы үлгісінің жобасын талқылаған жөн. Бесіншіден, Жаңа саяси бағдарға экономикалық қызметті реттеу мәселелеріне мемлекеттің қатысуының жаңа қағидаттары сәйкес келуге тиіс. Соның ішінде, әңгіме кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдаудың сапалы деңгейі туралы болып отыр .Айта кететін жай, елімізде белгілі бір күндері Жас кәсіпкерлер форумы өтіп тұрады. Бұл кәспкерлерге өте пайдалы және маңызды дүние. Ақпарат көздеріне сүйенетін болсақ, жақында Ақтөбе қаласында алғаш рет Жас кәсіпкерлерді қолдау форумы өткен.
Толық ақпарат үшін :http://www.24.kz/kz/zha-aly-tar/ekonomika/item/29585-orumy-tude

Уоррен Баффеттің мына бір қағидасын қмытпаған жөн:
Өзің түсінбейтін бизнеске ешқашан қаржыңды салма.
Инвестициялау. Қаржы салу керек, бірақ оның көзін білу қажет. Барлық артықшылығы мен кемшілігін таразылаңыз, барынша көп ақпарат жинаңыз, проблеманы жете зерттеңіз, негізсіз тәуекелге жол бермеңіз. Тәуекел орынды болу керек, ал инвестициядан түскен кіріс шығысты жабу керек.
Қазақстан Президенті кәсіпкерлікті дамыту 2050 Стратегиясының негізгі міндетінің бірі екеніне тоқталып өтіп.
– Менің Жарлығымның жүзеге асуы Қазақстанда кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін қажетті жағдайды түбегейлі жақсартуды қамтамасыз етеді. Бұл – бизнес жүргізіп отырған әрбір қазақстандық үшін нақты көмек. Кәсіпкерлердің жұмыс жағдайын ұдайы жақсартып отыру жайы әрқашан мемлекеттің басты назарында болады. Бұл – Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуы жолындағы тағы бір маңызды қадам. Осы шара және кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттен қаражат бөлу экономикамыздың өсуіне, жұмыс орындарының көбеюіне, барша қазақстандықтардың әл-ауқатының артуына серпін береді деп сенемін, – деді Мемлекет басшысы.
Ия, бизнес бастау бұл оңай нәрсе емес. Ең тамаша әдіс, экономиканы меңгеру және түсіну. Жеке кәсіпкерлікті ашу ойыңызда болса, бүгіннен бастап экономикалық терминдерді меңгерген дұрыс. Биік шыңдарды бағындыруда сәттілік тілеймін!
P/S: Жалпы, бұдан басқа тамаша ой болып еді. Бірақ, ол жүзеге аспады. Сондай — ақ, осы турдың 2 тапсырмасын орындаған жоқпын. Кешірім өтінемін. Дегенмен, менің міндетім ескерту. Сіздің міндетіңіз баға қою! Турға қатыстырылмай қалсам да, ренішім жоқ !:)

 
     
            






















 
            
 Мен тұратын үйдің сиқы осы. Жалғыз біздің ғана ауламыз көлікке толып тұрмайды. Пошта жәшігі әкімшілікке шағымдануым арқылы пайда болды. Көшенің сәнін газ құбыры келтіріп тұр. Ал екі үйдің ортасы қазіргі күнде тегін автотұраққа айналған. Біздің мұрынбоқ кезімізде бұл футбол алаңы болатын. Жігіттер оқуға кеткен соң алаңымыз алаңсыз солай қалды. Бұл күнде санаға деградация жасайтын бір сұрақ бар: адам өзгерген бе, әлде заман өзгерген бе? Әлбетте, мен де жауапсыз қалуды жөн көремін. Дегенмен, сізге сұрақ: біздің алаңда ауланың жүгермектері доп теппейді, ал алаң «баяғы жартас сол жартас» әлі. Қандай өзгеріс бар екен? Иә, мүмкін олар жасыл алаңда бұт терлетіп жүрген шығар.
Мен тұратын үйдің сиқы осы. Жалғыз біздің ғана ауламыз көлікке толып тұрмайды. Пошта жәшігі әкімшілікке шағымдануым арқылы пайда болды. Көшенің сәнін газ құбыры келтіріп тұр. Ал екі үйдің ортасы қазіргі күнде тегін автотұраққа айналған. Біздің мұрынбоқ кезімізде бұл футбол алаңы болатын. Жігіттер оқуға кеткен соң алаңымыз алаңсыз солай қалды. Бұл күнде санаға деградация жасайтын бір сұрақ бар: адам өзгерген бе, әлде заман өзгерген бе? Әлбетте, мен де жауапсыз қалуды жөн көремін. Дегенмен, сізге сұрақ: біздің алаңда ауланың жүгермектері доп теппейді, ал алаң «баяғы жартас сол жартас» әлі. Қандай өзгеріс бар екен? Иә, мүмкін олар жасыл алаңда бұт терлетіп жүрген шығар. Өзен жағалауының көрінісі осы. Әкімшіліктің бұл жерді жиыстыруға құлқы жоқ. Әй, әкімшіліктің осы отырысы дұрыс-ей! Жағалауды қоқысқа толтырған әкімшілік емес қой! «Сатурн». Кезінде кинотеатр болса, қазір тек мәдени іс-шаралар өтеді. «Дом пионеров». Әлбетте, пионерлердің заманы өткен. Мектеп оқушыларын жетпіс түрлі өнерге баулитын үй. «Луна» осыдан екі-үш жыл бұрын жабылды. Кезінде талай оқушының мас күйінде, ал жігіттердің тасқа түйінделген қайран зар заманы болған еді. Ал шіркеуіміз сонау ІІІ ғасырда өмір сүрген, Рим императоры Гай Авреелий Валеерий Диоклетианның тұсында басы шабылған мегагиперсупер азап шегуші Әулие Георгийдің атында.
Өзен жағалауының көрінісі осы. Әкімшіліктің бұл жерді жиыстыруға құлқы жоқ. Әй, әкімшіліктің осы отырысы дұрыс-ей! Жағалауды қоқысқа толтырған әкімшілік емес қой! «Сатурн». Кезінде кинотеатр болса, қазір тек мәдени іс-шаралар өтеді. «Дом пионеров». Әлбетте, пионерлердің заманы өткен. Мектеп оқушыларын жетпіс түрлі өнерге баулитын үй. «Луна» осыдан екі-үш жыл бұрын жабылды. Кезінде талай оқушының мас күйінде, ал жігіттердің тасқа түйінделген қайран зар заманы болған еді. Ал шіркеуіміз сонау ІІІ ғасырда өмір сүрген, Рим императоры Гай Авреелий Валеерий Диоклетианның тұсында басы шабылған мегагиперсупер азап шегуші Әулие Георгийдің атында.  Бәрі жек көретін ЦОН (ХҚКО). Мына еркек болса жүгіріп бара жатыр. Көк туымыз желбіреген орын — сот. Құдай сақтасын! «Титаник» кафесі тек жаздыкүн шілде болғанда орыстарға толады. Біздегі жұрт тұзды суы үшін мына құбырдың астына жата кетеді. Жым-жырт жағалауда жалғыз жүріп сергіп алдым.
Бәрі жек көретін ЦОН (ХҚКО). Мына еркек болса жүгіріп бара жатыр. Көк туымыз желбіреген орын — сот. Құдай сақтасын! «Титаник» кафесі тек жаздыкүн шілде болғанда орыстарға толады. Біздегі жұрт тұзды суы үшін мына құбырдың астына жата кетеді. Жым-жырт жағалауда жалғыз жүріп сергіп алдым. «Орион». Бассейн. 2009 жылы 1 ақпанда ашылған мемлекеттік бюджеттік мекеме. Мекемеге «Олимпия» кафесі де тиесілі. Мұнда көбінесе балаларды жүзуге үйретеді. Сонымен қатар шейпинг те бар. Мекемеде 96 адамға арналған бассейн, дамбал кептіретін зал, он бес адамдық 2 жаттығу залы бар. Футбол алаңында еркектердің доп тебетінін көргем. Бірақ теннис алаңы «ескерткіш» үшін салынған-ау шамасы. «Десятилетие» стадионы «Маяк» спорт кешенімен қоса мемлекеттік бюджеттік мекемеге тиесілі «Байконур» спорт-сауықтыру кешеніне қарайды. Бұл кешен 2001 жылы 27 сәуірде құрылған. «Байқоңыр» кеден бекетінде тірі жанның бар-жоғы білінбейді. Байқоңыр әкімшілігінің бөлімшесінде тұрғындардың құжаттары рәсімделеді. Иә, сырттан келетін қаратабан «елім-айшыларға» да бір айлық уақытша құжат осы жерде дайындалады.
«Орион». Бассейн. 2009 жылы 1 ақпанда ашылған мемлекеттік бюджеттік мекеме. Мекемеге «Олимпия» кафесі де тиесілі. Мұнда көбінесе балаларды жүзуге үйретеді. Сонымен қатар шейпинг те бар. Мекемеде 96 адамға арналған бассейн, дамбал кептіретін зал, он бес адамдық 2 жаттығу залы бар. Футбол алаңында еркектердің доп тебетінін көргем. Бірақ теннис алаңы «ескерткіш» үшін салынған-ау шамасы. «Десятилетие» стадионы «Маяк» спорт кешенімен қоса мемлекеттік бюджеттік мекемеге тиесілі «Байконур» спорт-сауықтыру кешеніне қарайды. Бұл кешен 2001 жылы 27 сәуірде құрылған. «Байқоңыр» кеден бекетінде тірі жанның бар-жоғы білінбейді. Байқоңыр әкімшілігінің бөлімшесінде тұрғындардың құжаттары рәсімделеді. Иә, сырттан келетін қаратабан «елім-айшыларға» да бір айлық уақытша құжат осы жерде дайындалады. Орталық алаң. Ленин де әжем заманнан бері әлі тұр. Кейде «Центральная» қонақүйіне жол сілтеп тұрған шығар деген азғын ойлар сананы сан-саққа шапқылатады. Суретте шошқаның етін жейтін орыстың екі сары домалағы 24 сағат бойы сауда жасайтын «Космо» дүкеніне кіріп бара жатыр. Бұл дүкенге өзім кіріп көрмеппін. Бұл дүкеннің орны кезінде офицерлердің үйі болған деседі.
Орталық алаң. Ленин де әжем заманнан бері әлі тұр. Кейде «Центральная» қонақүйіне жол сілтеп тұрған шығар деген азғын ойлар сананы сан-саққа шапқылатады. Суретте шошқаның етін жейтін орыстың екі сары домалағы 24 сағат бойы сауда жасайтын «Космо» дүкеніне кіріп бара жатыр. Бұл дүкенге өзім кіріп көрмеппін. Бұл дүкеннің орны кезінде офицерлердің үйі болған деседі. Екінші дүниежүзілік соғыста о дүниеге аттанғандардың құрметі үшін саябақтың кіреберісінде ескерткіш қойылған. Қалалық мәдениет және демалыс саябағы Байқоңырдың бір шеті боп табылады. Ары қарай Жезқазғанға жол тартуға болады. Асықпаңыз, өкініштің үшінші дәрежесіне сәйкес әлі ондай жол салынбаған. Ал мұндағы атракционға бала-бақша көбінесе мереке күндері ғана келеді.
Екінші дүниежүзілік соғыста о дүниеге аттанғандардың құрметі үшін саябақтың кіреберісінде ескерткіш қойылған. Қалалық мәдениет және демалыс саябағы Байқоңырдың бір шеті боп табылады. Ары қарай Жезқазғанға жол тартуға болады. Асықпаңыз, өкініштің үшінші дәрежесіне сәйкес әлі ондай жол салынбаған. Ал мұндағы атракционға бала-бақша көбінесе мереке күндері ғана келеді. Циолковский атындағы мен оқыған №2 қазақ орта мектебі. Биыл шынымен де іші-сыртын жөнге келтірген. Директор әжейдің жасы жетпістен "қашып" бара жатса да, «тағынан» тұратын ниеті жоқ. Алжыды деген осы! Әй, не де болса, әбілхаят суын ішіп жүр-ау осы. Мектептің жанында қарттардың балабақшасы бар. Орыстар әке-шешелерін азанда әкеліп тастап, кешке әкетеді. Балаңа жасағаның алдыңнан шығады деген осы.
Циолковский атындағы мен оқыған №2 қазақ орта мектебі. Биыл шынымен де іші-сыртын жөнге келтірген. Директор әжейдің жасы жетпістен "қашып" бара жатса да, «тағынан» тұратын ниеті жоқ. Алжыды деген осы! Әй, не де болса, әбілхаят суын ішіп жүр-ау осы. Мектептің жанында қарттардың балабақшасы бар. Орыстар әке-шешелерін азанда әкеліп тастап, кешке әкетеді. Балаңа жасағаның алдыңнан шығады деген осы. Аурухана жаққа (госпиталь) жол тарттым. Госпиталь дегенім, кезінде бұл жер әскери аурухана болған. Тіпті, кереуеттері де сол тоқсаныншы жылдардан қалған дүние. Осыдан алты-жеті жыл бұрын соқырішекпен осы жерге түскен едім. Кереуетте жазылған «Мордовия» жазуы әлі есімде. Жолдың арғы бетінде жетімнің үйіндей қазақтардың әскери комиссариаты бар. Жеті насырым жерге кіріп, бетіңіздің суы бес төгілетіні сөзсіз. Мұнда әскерге бару үшін де, бармау үшін де тиын-тебен төлейсіз.  — Отан алдындағы борышыңды өтемейсің бе? — дейді өзі әскерге бармаған иығында «шені» бар еркек. Бұл жетім бұрышта дамбал киген жігіттердің күлкісінен микрофлорасымен қоса ағызып шайып кететін оқиғалар көбірек болады. Ауруханаға қарама-қарсы бетте перзентхана орналасқан. Иә, қандай керемет, үшқабатты ғимарат деп тамсануға болады. Тек асықпаңыз. Перзентхананың сырты бүтін болғанымен, іші түтін. Ішінде лифт жоқ екен. Сөйтіп, әкімшілік түрлі себептерді негізге ала отырып, перзентхананың ашылуына рұқсатын бермеді. Қазақтардың бюджетті қалай тонағандарын әңгімеге қоспайын. Себебі бұл ғимараттың кірпіштері сонау 2007 жылдары қаланған еді.
Аурухана жаққа (госпиталь) жол тарттым. Госпиталь дегенім, кезінде бұл жер әскери аурухана болған. Тіпті, кереуеттері де сол тоқсаныншы жылдардан қалған дүние. Осыдан алты-жеті жыл бұрын соқырішекпен осы жерге түскен едім. Кереуетте жазылған «Мордовия» жазуы әлі есімде. Жолдың арғы бетінде жетімнің үйіндей қазақтардың әскери комиссариаты бар. Жеті насырым жерге кіріп, бетіңіздің суы бес төгілетіні сөзсіз. Мұнда әскерге бару үшін де, бармау үшін де тиын-тебен төлейсіз.  — Отан алдындағы борышыңды өтемейсің бе? — дейді өзі әскерге бармаған иығында «шені» бар еркек. Бұл жетім бұрышта дамбал киген жігіттердің күлкісінен микрофлорасымен қоса ағызып шайып кететін оқиғалар көбірек болады. Ауруханаға қарама-қарсы бетте перзентхана орналасқан. Иә, қандай керемет, үшқабатты ғимарат деп тамсануға болады. Тек асықпаңыз. Перзентхананың сырты бүтін болғанымен, іші түтін. Ішінде лифт жоқ екен. Сөйтіп, әкімшілік түрлі себептерді негізге ала отырып, перзентхананың ашылуына рұқсатын бермеді. Қазақтардың бюджетті қалай тонағандарын әңгімеге қоспайын. Себебі бұл ғимараттың кірпіштері сонау 2007 жылдары қаланған еді. Мәдениет сарайы. Міне, Қайрат Нұртасың да, Музартың да,
Мәдениет сарайы. Міне, Қайрат Нұртасың да, Музартың да,  МАИ. Мәскеудегі авиациялық институттың филиалы. «Біз оқушы кезде бұның дәрежесі жоғары болатын. Қазақтан жылына бір-екі бала ғана оқуға түсетін. Ал қазір қазақтың ұл-қыздары өріп жүр. Шүкір, қазақтың білімі артқан екен», — деген ішкі монологым іштей тынды. Дегенмен, біздің колледждің мұғалімдері асханасы арзан деп осы МАИ-ға барады. Үшінші суреттегі ғимарат жұмыспен қамту орталығы ғой. Осы мекеме арқылы «Космос» колледжіне жұмысқа орналасқам. Мына қатынымыз Стелла емес, стела. "Ғылым және ғарыш" ескерткіші. №1 орыс мектебінің ғимараты ұнайды. Ғимаратта бөсіп жүр Таня, Катя, Машалар.
МАИ. Мәскеудегі авиациялық институттың филиалы. «Біз оқушы кезде бұның дәрежесі жоғары болатын. Қазақтан жылына бір-екі бала ғана оқуға түсетін. Ал қазір қазақтың ұл-қыздары өріп жүр. Шүкір, қазақтың білімі артқан екен», — деген ішкі монологым іштей тынды. Дегенмен, біздің колледждің мұғалімдері асханасы арзан деп осы МАИ-ға барады. Үшінші суреттегі ғимарат жұмыспен қамту орталығы ғой. Осы мекеме арқылы «Космос» колледжіне жұмысқа орналасқам. Мына қатынымыз Стелла емес, стела. "Ғылым және ғарыш" ескерткіші. №1 орыс мектебінің ғимараты ұнайды. Ғимаратта бөсіп жүр Таня, Катя, Машалар. 6 және 7-ықшам ауданды жалғап тұрған мына жолда «Ленинск» жазуы әлі күнге дейін тұр. Дұрыс, бұл — тарих! Қаланың бір бұрышы 7-ықшам ауданға тіреледі. Ары қарай: Ақай елді-мекені. Сәйкесінше, Ақайға осы ықшам аудан арқылы өтесіз. №14 мектептің кімнің атында екенін білмеймін. Бұл да қазақтардың жылап жүріп ашқан бір мектебі. Орыстар оңайлықпен рұқсатын бермеген еді. «Евразия» базары қазақтың қолында. Қаладағы мақтауға тұрарлық орта. Дәл қасында «Аяулым» мейрамханасы бар екен. 2009 жылы «Голливуд» клубы болып ашылған еді. Бастығы — қазақ. Сол жерде біздің түлектер бешірі болған. Есте қалғаны, темірді көрдім де, қызды көрмедім. «Гранд» маркеті бар деп бір молда қуанып келе жатса, дәл артында түнгі клубы тұрғанын көріп, мешітке №1 автобуспен тайып тұрыпты.
6 және 7-ықшам ауданды жалғап тұрған мына жолда «Ленинск» жазуы әлі күнге дейін тұр. Дұрыс, бұл — тарих! Қаланың бір бұрышы 7-ықшам ауданға тіреледі. Ары қарай: Ақай елді-мекені. Сәйкесінше, Ақайға осы ықшам аудан арқылы өтесіз. №14 мектептің кімнің атында екенін білмеймін. Бұл да қазақтардың жылап жүріп ашқан бір мектебі. Орыстар оңайлықпен рұқсатын бермеген еді. «Евразия» базары қазақтың қолында. Қаладағы мақтауға тұрарлық орта. Дәл қасында «Аяулым» мейрамханасы бар екен. 2009 жылы «Голливуд» клубы болып ашылған еді. Бастығы — қазақ. Сол жерде біздің түлектер бешірі болған. Есте қалғаны, темірді көрдім де, қызды көрмедім. «Гранд» маркеті бар деп бір молда қуанып келе жатса, дәл артында түнгі клубы тұрғанын көріп, мешітке №1 автобуспен тайып тұрыпты. Орталықты Абай көшесі алып жатыр. Көшенің мұрны ҚР ІІД мекемесіне тіреледі. Ар жағы — Ақай, мына жағы — Төретам. Жалғыз кітапханада бірде-бір қазақша кітап жоқ. Нәтижесінде жақсы білім алып шығасыз. Себебі қазақ тілінде мұндағы кітаптарды таппайсыз. Екіншіден, ақпаратқа қарныңыз әбден ашып жүрген болар. «Астана» кафесі қалай ғана дағдарысқа ұшырамай жүргеніне таң қаламын. Орталық үлкен базарды өзіміз «дәу базар» дейміз. Гагарин атындағы №8 қазақ орта мектебінің алды көлге айналды. Ал әскери бөлімшенің мына бір ғимараты солайымен тұр. Құлайтын түрі де жоқ. Біздің «Космос» колледжі сарбаздардан қалған осындай ғимарат қой.
Орталықты Абай көшесі алып жатыр. Көшенің мұрны ҚР ІІД мекемесіне тіреледі. Ар жағы — Ақай, мына жағы — Төретам. Жалғыз кітапханада бірде-бір қазақша кітап жоқ. Нәтижесінде жақсы білім алып шығасыз. Себебі қазақ тілінде мұндағы кітаптарды таппайсыз. Екіншіден, ақпаратқа қарныңыз әбден ашып жүрген болар. «Астана» кафесі қалай ғана дағдарысқа ұшырамай жүргеніне таң қаламын. Орталық үлкен базарды өзіміз «дәу базар» дейміз. Гагарин атындағы №8 қазақ орта мектебінің алды көлге айналды. Ал әскери бөлімшенің мына бір ғимараты солайымен тұр. Құлайтын түрі де жоқ. Біздің «Космос» колледжі сарбаздардан қалған осындай ғимарат қой. Континентаралық қос сатылы сұйықтық… іһқэх-һэх-іэх! Межконтинентальная двухступенчатая жидкостная ракета легкого класса 15А15 (SS-17) главного конструктора М.К. Янгеля. Оһ, міне, енді дәл келді. Даманский аралында орыстар мен қытайлар қақтығысқа қата қалса да, бұл Даманский шағын ауданы қазақ пен қазақтың талай төбелесіне куә болған жер. Сырттан келген қаратабан қазақтар осы ауданда көп. Сондықтан алқаш Жәкеңнің Бәке-Сәкелерге "әкең!" деп тәжікені таңға дейін созатынын жиі көретін боласыз. Әуезов атындағы №6 қазақ орта мектебінің артындағы ашық жер қоқыр-соқырға жиналған. Тіпті, мектептің айналасы қоқыс боп жатыр. Байқоңырдың бір бұрышы осындағы шеткі үйлермен бітеді. Ар жағы шекара. Байқоңыр мен Төретамды осы қоршау бөліп тұр.
Континентаралық қос сатылы сұйықтық… іһқэх-һэх-іэх! Межконтинентальная двухступенчатая жидкостная ракета легкого класса 15А15 (SS-17) главного конструктора М.К. Янгеля. Оһ, міне, енді дәл келді. Даманский аралында орыстар мен қытайлар қақтығысқа қата қалса да, бұл Даманский шағын ауданы қазақ пен қазақтың талай төбелесіне куә болған жер. Сырттан келген қаратабан қазақтар осы ауданда көп. Сондықтан алқаш Жәкеңнің Бәке-Сәкелерге "әкең!" деп тәжікені таңға дейін созатынын жиі көретін боласыз. Әуезов атындағы №6 қазақ орта мектебінің артындағы ашық жер қоқыр-соқырға жиналған. Тіпті, мектептің айналасы қоқыс боп жатыр. Байқоңырдың бір бұрышы осындағы шеткі үйлермен бітеді. Ар жағы шекара. Байқоңыр мен Төретамды осы қоршау бөліп тұр. Білесіз бе, Қазақстан темір жолы арқылы Оңтүстіктен Батысқа қарай сапарға шықсаңыз, Байқоңырдың вокзалын таппай өтесіз. Жолсерік қатынға немесе қарынға теңгесін берсеңіз де, ол сізге тек Төретамның вокзалын көрсете алады. Мінген сасық пойызыңыз Төретамға жақындағанда қаланың картинасын көруіңіз сондай ғажап! Менің де айтпағым сол, Байқоңырға келу үшін жалғыз дүңгіршегі бар Төретамның вокзалынан 8 минут ішінде түсіп үлгеруіңіз керек. Ал мына сызба сіз үшін құпия карта болмақ.
Білесіз бе, Қазақстан темір жолы арқылы Оңтүстіктен Батысқа қарай сапарға шықсаңыз, Байқоңырдың вокзалын таппай өтесіз. Жолсерік қатынға немесе қарынға теңгесін берсеңіз де, ол сізге тек Төретамның вокзалын көрсете алады. Мінген сасық пойызыңыз Төретамға жақындағанда қаланың картинасын көруіңіз сондай ғажап! Менің де айтпағым сол, Байқоңырға келу үшін жалғыз дүңгіршегі бар Төретамның вокзалынан 8 минут ішінде түсіп үлгеруіңіз керек. Ал мына сызба сіз үшін құпия карта болмақ. Бұл коллажда екі суретке рентгенге түскен алақанымның суретін жабыстырдым. Біріншісі мен айтқан қорқынышты ортадан қалаға өтетін жол. Байқасаңыз, дуалдың жартысы жоқ. Ал екіншісі Ақайға алақайлап тартатын жол. Айтар ақылым, бұл жақпен Ақайға барып жүрмеңіз. Себебі бұл орын сонау тоқсаныншы жылдардан қалған өнеркәсіп орындары, сысысырыңа көк тігілгір!
Бұл коллажда екі суретке рентгенге түскен алақанымның суретін жабыстырдым. Біріншісі мен айтқан қорқынышты ортадан қалаға өтетін жол. Байқасаңыз, дуалдың жартысы жоқ. Ал екіншісі Ақайға алақайлап тартатын жол. Айтар ақылым, бұл жақпен Ақайға барып жүрмеңіз. Себебі бұл орын сонау тоқсаныншы жылдардан қалған өнеркәсіп орындары, сысысырыңа көк тігілгір! Жалпы, қарашаның он төрті күні Төретамды толықтай бір айналып, суретке түсіріп шыққам. Сол үшін қолда бар алтынның қадірі болған Grand Duos-қа шектеулі алғысымды білдіремін. Сурет пен сөзге сүрінген болсаңыз, атамның әңгімесін тыңдап көріңіз:
Жалпы, қарашаның он төрті күні Төретамды толықтай бір айналып, суретке түсіріп шыққам. Сол үшін қолда бар алтынның қадірі болған Grand Duos-қа шектеулі алғысымды білдіремін. Сурет пен сөзге сүрінген болсаңыз, атамның әңгімесін тыңдап көріңіз: 
            



 
            








 
            

































 
                                    
             
            
 
             
            



