Бүгінгі бала ертеңгі кім?

Отбасы – қоғамның бір бөлшегі болса, отбасындағы әрбір бала – қоғамның бір мүшесі. Балаңыздың тұлға болып қалыптасып, өмірден өз орнын табуы үшін қандай әрекет жасап, қандай тәрбие беріп жатырсыз? Көптеген жұмысбасты ата-аналар бала тәрбиесін балабақша еншісіне қалдырады. Бұл қаншалықты дұрыс? ШҚО, Зайсан ауданы, Зайсан қаласындағы №1 «Еңлік» балабақшасына бару арқылы осы және басқа да сұрақтардың жауабын табуға тырыстым.

Керек тілші: Бүгінгі бала ертеңгі кім?

Зайсан қаласында осы күнге дейін 2 мемлекеттік, 2 жеке меншік, 1 әскери қызметкерлердің балаларына арналған балабақша болса, биыл қатарға тағы да 2 жеке меншік балабақша қосылған екен. 1970 жылы ашылған №1 «Бөбек» балабақшасының меңгерушісі Айнұр Мұратқызының айтуы бойынша, 140 балаға арналған балабақшада жас ерекшеліктеріне қарай алты топ және ата-аналарға арналған кеңес беру пункті бар.
— Бала тәрбиесіне ата-ананың ықпалы, әлде балабақшаның ықпалы басым ба?

Керек тілші: Бүгінгі бала ертеңгі кім?

— Бала таңғы сағат 08.00-ден, кешкі 18.00-ге дейін балабақшада болады. Кешке қарай үйіне барып тамақтанады, одан қалса сүйікті мультфильмдерінің бірін көріп, әрі қарай ұйқы құшағына кетеді. Енді осы сұрақты өзіңізге қойып көрейін. Бала тәрбиесінде кімнің ықпалы зор?
-…
— Екіұшты ойда отырғаныңызды түсінем. Бала таңнан кешке дейін балабақшада болғанына қарамастан, оның қандай адам болып шығуы отбасына байланысты. Көз алдыңызға пойызды елестетіңіз. Ата ана – пойыздың паровозы болса, балабақша – барлық жүкті арқалайтын вагондары. Сондықтан да бала тәрбиесі, болашағы ата-анаға байланысты. Егер баланың ата-анасы бір-бірін сыйламай, үнемі ұрыс-керіс болса, бала есейіп, отбасын құрған кезде де не анасының, не әкесінің іс-әрекетін қайталайтын болады. Әкесінің үйдегі айтатын бейәдеп сөздерін балабақшада айнытпай қайталап отыратын балалар болады.

— Тәрбиешілерді жұмысқа аларда қандай шарт қоясыз? Бұл сұрақты қойып отырған себебімді айтайын: бірде Өскемендегі балабақшалардың біріне бардым. Есіктердің бірін ашып едім, ары қарап отырған тәрбиеші жалғыз қалған балаға «Тәртіпті болмасаң өгей әкеңе айтам! Бірінші әкең сені қалай тастап кетті, екіншісі де солай сені тастап кететін болады!» деп ұрсып отыр. Мені көрген тәрбиеші қыздың шыр-пыры шықты. Ол да біреудің қызы ғой деп үндемедім, бірақ бұл әрекетім дұрыс емес екенін білемін...
— Менің қоятын басты талабым – тәрбиешінің баланы жақсы көре білуі. Себебі, бала бәрін сезеді. Осы орайда айтқым келетіні, бізде мамандық бойынша қатысы болмаса да ұзақ жылдар бойы тәрбиеші болып келе жатқандар бар. Олар тәжірибелі болғандықтан, тәрбиеші болуларына еш қарсылығым жоқ. Ал былтыр тәрбиешілерді жұмысқа аларда мамандықтарына да назар аудардым. Бір өкініштісі, газеттегі хабарландыру бойынша келген алты адамның төртеуі басқа мамандық иелері, ал қалған екеуі орта білімді болып шықты.

— Бұл көптеген балабақшалардың ортақ мәселесі. Не себепті маман жетіспеушілік болады?

— Көп себептердің бірі – жалақының аз болуы. Тәрбиеші болу жауапкершілігі мол жұмыс болғандығына қарамастан, жалақы мөлшері аз. 30-35 мыңға қазіргі уақытта күн көру мүмкін бе? Ата-аналар үйдегі бір-екі балаларын бағып-қағуда шаршап, жүйкелері тозып кетеді. Ал таңнан кешке дейін 20-25 балаға бас-көз болып қана қоймай, уақытылы тамақтандырып, киіндіріп, ұйықтатып, тәрбие берген оңай жұмыс па?

— Мен білетін көптеген, тіпті барлық дерлік балабақшалардағы балалар ұл, қыз деп бөлінбей, бір бөлмеде ұйықтап, бірге дәретке отырады. Бұл қаншалықты дұрыс деп ойлайсыз?
— Өткенде Сарытерек ауылында ашылған жеке меншік балабақшаға барып көрдім. Ол жерде ұлдар мен қыздар бөлек бөлмелерде ұйықтайды екен. Ол көріністі көріп өте қуандым. Негізі балабақшаларда баланы ұл, қыз деп жынысқа бөлмейді. Бірақ психологиялық тұрғыдан алып қарағанда, бала үш жастан бастап адам бойындағы айырмашылықтарды біліп, саралай алады. Сондықтан, әрине ұл мен қыздың бөлек бөлмелерде жатуы құба-құп. Бірақ бұл біздің ғана емес, көптеген балабақшада қарастырылмаған. Оны айтасыз, ауылдарда бір бөлмеде сабақ қарап, ұйықтап, ойнайтын балабақшалар да бар.

Бала тілі – бал


Керек тілші: Бүгінгі бала ертеңгі кім?

Керек тілші: Бүгінгі бала ертеңгі кім?

Қоғамның кішкентай мүшелерінің өзімен тілдесіп көруді жөн көрдім. Оларға «Өскенде кім болғың келеді?» деген сұрақ қойып едім, көбі мен көрмеген мультфильмдердегі мен білмейтін кейіпкерлердің атын атай бастады. Дегенмен арасында езуге күлкі үйірер жауаптар да болды. (Балалардың есімдерін ұмытып қалдым)

Керек тілші: Бүгінгі бала ертеңгі кім?
— Өскенде кім болғың келеді?
— Биші болам.
— Қандай би билейсің?
— Осындай би билеймін, былай-былааааай.

Керек тілші: Бүгінгі бала ертеңгі кім?
— Өскенде кім болғың келеді?
— Әлі белгмейммм… Ойланам.

Керек тілші: Бүгінгі бала ертеңгі кім?
— Өскенде кім болғың келеді?
-Сұулуууу!
— Ал апа болғанда ше?
— Сұулуууу апа болам.

Керек тілші: Бүгінгі бала ертеңгі кім?
— Өскенде кім боласың?
— Әрине футболист!

Керек тілші: Бүгінгі бала ертеңгі кім?
— Өскенде кім боласың?
-Суретші.
— Не саласың?
— Мамамды…
— Сосын?
— Сосын папамдыыыы…
— Сосын?
— Ағамды. (салатын адамдар тізімі ұзыыын)

Керек тілші: Бүгінгі бала ертеңгі кім?
— Өскенде кім боласың?
— Айқын!
— Айқын Төлепберген бе?
— Жоға! Айқын — менің атым. Айқын деген адам болам.
— ааа жақсы… Адам бол, аман бол!

Керек тілші: Бүгінгі бала ертеңгі кім?
— Өскенде кім болғың келеді?
— Апай.
— Апай?
— Иә, апай болғым келеді!

Керек тілші: Бүгінгі бала ертеңгі кім?
— Өскенде кім болғың келеді?
— Назарбаев.
— Ол кім?
— Пезидент қой!

Керек тілші: Бүгінгі бала ертеңгі кім?

Керек тілші: Бүгінгі бала ертеңгі кім?

Балабақшаның да бала өмірінде өз орны бар. Өйткені ол осы жерде әріп үйреніп, осы жерде дос табады. Осы жерде өзге де балалармен араласып, тұлға болып қалыптаса бастайды. Дегенмен, ешкім де, ешнәрсе де ата-ананың орнын алмастыра алмайды. Бала қашан да ата-ана мейіріміне, назарына мұқтаж! Оның балалық шағының бақытты өтуі болашағының жарқын болуына себепші бола алады. Ендеше, қолыңыз қалт еткенде балаңыздың қасынан табылыңыз. Мейлі бір сағат болсын, мейлі бір минут болсын… Ол үшін Сізбен өткен әрбір сәт маңызды!
Керек тілші: Бүгінгі бала ертеңгі кім?
Бөлісу:

64 пікір

qonyrbai
— Қандай би билейсің?
— Осындай би билеймін, былай-былааааай.
qonyrbai
— Ал апа болғанда ше?
— Сұулуууу апа болам.
qonyrbai
Соңғы сурет керемет екен. :) Мені екі жасқа жетер-жетпес қазақ балабақшасына берген. Кейін қалаға көшкен соң үйдің қасындағы орыс балабақшасына берді. Сол жақта әріптерді үйрендім, сурет салуды әдетке айналдырдым. Бүгінде дұрыс тәрбиешілер аз шығар.
ademi_alem
Сіздің осы аптадағы жазбаңыз қайда????
qonyrbai
Жексенбі күні түнгі он екіге тақап жариялаймын. :)
Daniar-Alan
— Өскенде кім болғың келеді?
— Назарбаев.
— Ол кім?
— Пезидент қой!
Күлдірді :)
Уақытың тығыз болды ау деймін Ә? :) Пост толық зерттелмегендей әсер қалдырды. Тәрбие әлбетте маңызды. Бірақ осылай деп жауап беретінін біліп тұрдың ғой? ;)
Проблеманы аяғына дейін көтере алмағансың. Мәселен, кадр мәселесі. Балабақшаға білуімше «Мектепке дейінгі оқыту» деген мамандықпен қабылдайды. Тура сол мамандықты… енД чығысты білмеймін, оңтүстікте 15-20 пайыз ЖОО бітірген қыздарда бар. Кейбіреулерінде екінші мамандық.
Сіздерде ол мамандықты неге оқығысы келмейді?
Айлық аз.
30-35 мыңға қазіргі уақытта күн көру мүмкін бе?
деп отыр ғой өзі де. Мұның екінші жағы бар. Балабақша қызметкерлеріне балаларын кезексіз қабылдайды. Көп тәрбиеші сол үшін ғана кіреді. Әлбетте мамандықты сүйіп емес :)
«Текучесть кадров» дейді ғой… бұл салада сұмдық енД…
очм — 6 балл.
ademi_alem
Баламның қасына қалдыратын адам таба алмай жүрдім. Жұма күні еріксіз баламмен өзім шықтым. Қай балабақшаға барсам да меңгерушілері жоқ, семинарға кетіпті. Сағат түскі екіден кетіп қалды. Сосын басқа тақырып іздеп, Зайсан қаласындағы мүгедектер қоғамына бардым. Ол жердегілер түске дейін ғана болады екен. Көңіл-күйім түсіп үйге келгенде меңгерушілердің бірі хабарласты (номерімді қалдырып кеткен едім). Ұйықтап қалған баламды оятпай, сыртынан құлыптап бардым балабақшаға. Балабақшада кешкі беске қарай балалардың көбі үйлеріне кетіп жатыр. Үлгергенім осы болды.

Пост толық зерттелмегендей әсер қалдырды. Тәрбие әлбетте маңызды. Бірақ осылай деп жауап беретінін біліп тұрдың ғой?
Тәрбиенің маңыздысы сөзсіз ғой. )) Бұл жазбадағы мақсат кімнің тәрбиесі маңыздырақ екенін түсіндіру еді. Балабақша бала өміріндегі ата-ана тәрбиесінің орнын алмастыра алмайтынын көрсеткім келді.

Мәселен, кадр мәселесі.
Бұл жеке тақырып болатын мәселе. Баланы балабақшаға баруға дайындау, балабақшада кездесетін мәселелер, оның шешу жолдары, ата-ана мен тәрбиешінің қарым-қатынасы, кадр мәселесі және басқа да толып жатқан мәселе жеке-жеке тақырып бола алады. Бір жерге сыйғызып жазу көп әріптің көп әрпі болып кетеді және бұл жерде тақырыпқа арқау болып отырған БАЛАЛАР. Ал балабақша тақырыпты ашу үшін қолданылды.

Жазған пікіріңізге және бағалауыңызға рахмет!
Daniar-Alan
Бұл жазбадағы мақсат кімнің тәрбиесі маңыздырақ екенін түсіндіру еді.
сен түсінбедің :) әңгіме тәрбиенің маңыздылығында емес.
осы стандартты сұраққа олардың посттағыдай стандартты жауап беретінін білдің ғой? :) жоқ білмедің бе? :) кез-келген балабақша/мектеп т.б. осылай жауап береді :)
ademi_alem
Білдім. Осыған ұқсас жауап алуға құлағым дайын болып барды.
ademi_alem
Жалпы бұл тақырыпта кімге барып сұхбат алсам да естір жауабымды білетін сияқтымын. Себебі қоғам туралы көп айтылды, көп жазылып та жүр ғой. Құрғақ сөз болып кетпес үшін де барып фотосуретке түсіріп қайттып, телефон арқылы сөйлесіп, сұхбат түрінде де беруге болар еді.
yerlanospan
— Жоға! Айқын — менің атым. Айқын деген адам болам.
Осы жігіт түбінде бір жерден шығады)))
10 ұпай
ademi_alem
Ойййй рахмет!!! Он ұпай алған қандай жақсы! ))))
Пікір өшірілді
ademi_alem
Өз ойым. Толстойдікі болса ой сәйкестігі болар. Тырнақ астынан кір іздемей, қай кітабы, қай бетінде жазулы тұрғанын көрсетіңіз. ))
Пікір өшірілді
ademi_alem
Жауап табу үшін бүкіл Қазақстандағы балабақшаларды аралау керек деген қағида бар ма?
Пікір өшірілді
Пікір өшірілді
Пікір өшірілді
Пікір өшірілді
Пікір өшірілді
Пікір өшірілді
Пікір өшірілді
ademi_alem
Бас десе, құлақ демеңіз.
Пікір өшірілді
ademi_alem
Көзбен көріп, қолмен ұстап алмаған дүниені неге жазуым керек?
Пікір өшірілді
ademi_alem
Ақша алған қатын неге өкінуі мүмкін?
Ақша алғанын көзбен көрдіңіз бе? Мына пікіріңіз жоғарыда фотосы тұрған аты-жөні, қызмет орны белгілі адамға қатысты айтылып тұр. Оны бұлай атауға қандай тұрғыдан алсаңыз да құқыңыз жоқ. Дәлелі жоқ нәрсе — жала, сәйкесінше заң алдында жауап беруіңіз мүмкін. Аңдамай сөйлеп, ауырмай өліп жүрмеңіз.
Пікір өшірілді
Пікір өшірілді
Пікір өшірілді
Пікір өшірілді
ademi_alem
Маңызды. Ата-ана үшін ондай ұсақ-түйек болып көрінетін нәрсенің бәрі маңызды болуы керек. Бұл сұрақтың жауабын өзіңіз балалы болғанда түсінесіз.
Пікір өшірілді
Пікір өшірілді
Пікір өшірілді
Пікір өшірілді
ademi_alem
Ата-ананың орнын ешкім де ештеңе де алмастыра алмайтыны жоғарыдағы ойды жоққа шығарып тұрған жоқ. Мысал келтіргендеде өзіңізге ұнамайтын не көргіңіз келмейтін сөзді алып тастамаңыз. тағы бір оқыңыз толық сөйлемді көзіңізді ашып.
Пікір өшірілді
ademi_alem
Ал әке-шешенің қолы қалт-қалт етіп қалшылдағанда баласы неге тастап кетеді нақ?
Көп себептің бірі: қолы қалт еткенде балаларының қасынан табыла білмегендіктері. Рухани байланыс болмаған. Баланы балабақша, одан қалса бала күтушісіне тапсырып, әйтеуір істейтін жұмысына кедергі болмауын ойлап жүрген күндердің бір күнінде бала есейіп, ата-анасын қарауға «уақыт таппай», ата-ананың «балабақшалары» — қарттар үйіне өткізеді.
zholantai
Мында не соғыс болған, көп пікірлер өшіріліп кетіпті ғо,
bake
үлгермей қалдық))
bake
Фотоаппарат керек маманның қолына түсіпті. Фотосуреттерің жақсы шығыпты. Жазбаны ашып тұр.
ademi_alem
Рахмет, Бақытжан аға!
MamaAya
)))Мен не дейм, домбырам не дейт?! деп қалсаңыздар да, бала бақша туралы ма, сондағы майда-шүйде көрінгенмен пәлендей мәні бар проблема туралы ма айтқым кеп кетті ғой. Мында қаншалықты қатысы барын білмейм де жалпы.
: ысқасы, былай, бүгін үлкен ұлымыздың тобында жақында келе жатқан Жаңа жылдық уртенник, онда баламызға якобы алыстан келетін 20 000-дық Аяз атамыздың якобы тегін (1500-3000) сыйлығы бойынша және сол бақшаның білдей меңгерушісі Ханым-апайға не үшін екені белгісіз жинайтын ақшамыздың сомасын шығару бойынша ата-аналар жиналысы болды. Бақшамыз кәдімгі мемлекеттік бақша, тіреп тұрған қымбат та емес, зәулім сарайдай ғимаратта да емес, қарабайыр, қарапайым бақша, Тек педагогтарының аттарына бола көп ата-ана біз ұқсап осында келуге барын салатын сияқты жалпы. Сонымен ата-аналар төрайымы болып не үшін қабылданғанымды 2 жылдан бері енді түсінгендей болып отырмын. Жиналыстың басында тәрбиешілеріміз звондап мән-жайды түсіндіргенде: Несі бар, айтамыз Аяз атаны сатып алу керек болса, бала үшін бәрі беруге тиіс, сыйлықтың арзанын тек кәмпиттен тұратынын алып қайтеміз, киндердікін, жейтінін, қымбатын алу керек баламыз үшін, Ана Меңгерушіге де жинасақ че там, жинаймыз деп барып жиналыста бір кісідей оратор сезініп өзімді жинайтын ақшамыздың жалпы сомасын қаржы маманы екенімді де пихать еттім бе есептеп әлгі жерде қарсы шыққысы келгендерге ехидно жауап бере отырып жеңіп шықтым, мен де мәз, біраз орыс, кәріс ата-аналар мен тәрбиешілер де мәз. Миссия выполнена, баламды алып қайтып келе жатсам, бір қыздың әжесі: -Қызым, ол қымбат сыйлықты үйлеріңде де алып бере берсеңдерші, мында бәрінікі бірдей қарапайым бола бергені дұрыс қой, алаламай, ол сыйлық пен аяз ата түгілі бақшаның ақысын әрең жеткізіп отырмыз өзіміз" деген сиқты біраз нәрселер айтты. Ұялдым, шын ұялдым. Бірге ауладан шықтық, қоштасып ол ары қарай 2 аялдамада тұратын үйіне жаяу қайтты, а мен шіреніп болмаса да машинама отырып тиіп тұрған үйіме көлігіммен қайттым.
Енді мындай сұрақ туындап отыр менде, осы мемлекеттік бала бақшалардың бәрінде біздегідей сабын, туалет қағазы, комет, ыдыс жуғыз сұйық сабындарға дейін ата-анаға алдыртады ма? Тек бізде ғана ма???
Түх, көп сөйлейсің десе ренжуші ем, ойым жеткізу неткен алыс боп кетті?(((
Adiletshu
Ата-аналар комитеті ғып бай қатындарды қоятынын көп жерден байқап жүрмін. Олар сонымен қатар елдің аузын жауып тастайтын бәдік, ұрысқақ болатынын да байқап жүрмін
MamaAya
Ата-аналар жиналысында сен няғып жүрсің?)))
ademi_alem
Енді мындай сұрақ туындап отыр менде, осы мемлекеттік бала бақшалардың бәрінде біздегідей сабын, туалет қағазы, комет, ыдыс жуғыз сұйық сабындарға дейін ата-анаға алдыртады ма? Тек бізде ғана ма???
Бұл жағын білмедім, бірақ сұхбат алған меңгеруші «Ата-ана тамақ ақшасын ғана төлейді» деп айтты. Соған қарағанда бұл заңсыз әрекет болып табылады. Сізге қояр сұрағым: балаңыз қазақша төпта ма? Ата-аналардың нешеуі жағдайы төмен екенін білесіз бе? Егер екі-үй қана ата-ана болса жағдайы бар ата-аналар оларға көмектесіп жібере алмай ма өзара келісіп? Қайырымдылық, жақсылық жасаған жақсы ғой аз-аздан болса да.
satibaldi
Бүгінгі бала ертеңгі кім?
Барлық айғақтар оның ертең үлкен кісі болатынына меңзейді
AknietTanirbergenkyzy
Тәп-тәтті тілдері, бүлдіршіндер аман болсын!)
satibaldi
Өкінішке қарай, мынау сұрқай ит-шошқа әлемге сіздің ақ ниетіңіз аздау боп тұр
asaubota
жартылай сұхбат, жартылай реп :)
балалармен видео да болғанда тамаша болар еді

9
ademi_alem
Сұхбат сипаттағы фоторепортаж деп қабылдауға бола ма? )))
asaubota
жоқ, болады ғой. мен берілу форматын айтам :)
Gastarbaiter
Плюстедім. Пікірімді бағалау біткен соң жазам.
ademi_alem
Үлкен рахмет! Данияр ағаның қойған бағасынан кейін демімді ішіме тартып, шошып жүрмін. Аршат ағаның бағалауынан кейін аз да болса «уф» деп, бір жеңілдеп қалдым. )))))))))))))