Саф таза діннен безінгендер

Замандасқа айтарым бар…
«Анау кісінің баласы сақалдылардың қатарына қосылып үй қарасын көрмей кетіпті», «өткенде ана қарияның қызын көрдім, үйінен безіп, жамылып, көзін де тормен тұмшалап алыпты», « басқа ағымға қосылған баласы әкесіне құран бағыштамай көміпті», — деп алғашында үрке қарайтын біз пиғылы жат топтарды көргенде үрейленбейтін халге жеттік, көз үйреніп кетті, көшеден топ — тобымен жүргендерін күнде көріп міз бақпай жандарынан өте береміз. Соңғы кезде кейбіреулердің «олар мәйітті жерлегенде үйінен иіс шығармақ түгілі жаназасын бағзы қазақтардыкіндей емес, мүлде өзгеше шығарады екен, тұратын үйлерінің терезесін жауып, үйге күн сәулесін түсірмейді екен» деген әңгімелерін естіп, жағамызды ұстаймыз. Құдды біз солардың арасында өмір сүріп отырған халық секілдіміз. Біз емес, олар біздің арамызда жүріп өзінің діни бағытын насихаттап жүр. Иісі қазақта талай ғасыр бойы болып көрмеген сұмдыққа тәуелсіздіктің ауасын жұтып, еркіндіктің тұлпарына енді міне бергенде кезіккенімізді айтсаңызшы?!
Керек тілші: Саф таза діннен безінгендер
Сонау аты шулы Шыңғыс ханның жойқын шапқыншылығы тұсында да халқымызға діни қысымшылық жасалған емес, мәдениетіміз бен тілімізге құрық ілінген жоқ. Бертін келе Ақтабан шұбырындыда да еліміз аузынан Алланы еш тастамай, «елім-ай» — лап жүріп аман өтті.
Керек тілші: Саф таза діннен безінгендер
Ал бұлар қайдан, қандай мақсатпен келді? Бізді ішімізден ірітіп, түбіттей түткілері келетіндей бізде не жеті атасының құны бар? Қазақ деген ежелден ешкімге соқтықпай, малын жайып, бейбіт көшіп — қонып жүрген, жерімізге көзін тіккендердің туын жығып, дос болайық дегеннің кеудесінен итермей, өзегінен теппеген халық едік қой?! Әлде тек қарумен ғана күшті едік пе? Жоқ, жоқ! Жерімізде ұлы Арыстанбаб, Йассауидің аруағына құрмет көрсетіліп, әсем кесенелер тұрғызылған емес пе? Осындай ғұламалардың өсиетін, уағызын тыңдап, рухани байлыққа қаныққан халқымыздың жан дүниесін әлсіз дей алмаймыз. Жетпіс жыл патшалы Ресейдің отары болып, атеистік іліммен жүрдік, олар барынша біздің ата дін, тіл, салтымызды тұншықтырып, отарлық езгінің астына салып, ұлттығымызды, бар құндылығымызды жаныштап бақты. Бірақ әрдайым бар нәрсеге төзіммен қарай білетін қайсар ұлтымыз қашып — пысып жүріп өз мұрасын сақтап қала білді. Дін, тіл деп шарқ ұрған арыстарымыз атылғанымен, олардың ұрпақтары, ұлтжанды азаматтарымыз соңына дейін күресе білді. Патшаның әскерінен тығылып жүріп намазын тастамай, оразасын тұтқан талай ата — әжелеріміз болған. Енді таңымыз арайлап атып, күніміз күлімдеп батар сәтке келгенде мынадай қасіретке душар боламыз деп кім ойлаған? Ата салтымызда болмаған нәрселерін, бабамызға таңсық дүниені бойымызға дарытуға неге сонша әуестендің, қазағым?! Дүниеден озған әке — шешесіне құран бағышатамайтын, табытты жерге тігінен салып жерлейтінді қай қазақтан көріп едің? Қазақ деген ертеден қонақ келгенде жалғыз атын мінгізіп, жалғыз шапанын жауып жіберген халық. Ал қазіргі өзін шын мұсылманға теңеп, басқаның жетегімен жат ағымның шартын орындап, жолынан адасып жүрген қандастарымыз үйіне қонақ кіргізбей, туған — туысымен араласпай, ата — анасымен бір дастарханнан ас ішпей жүр. Мұның қай жері дұрыс? Кімнің әмірімен жүргендері бір Аллаға ғана аян. Ислам дінінің бұрыс ағымдарына ата дінге бас ұрамын деп адасып от басқан, өз бағытын таба алмай қателесіп қосылғандар қаншама? Ал заты қазақ бола тұра басқа дінді жағалап, оның тура жолдан тайынғандарына ілескен қандастарымыз саф таза дінінен безініп, неге өзгенің дінін үйренуге құмарта қалды екен?
Керек тілші: Саф таза діннен безінгендер
Діни сауатымыз жоқтың қасы болып орыстанып бара жатқанымызда азаттықтың көк туы желбіреді. Енді бар құндылығымызды қайта оралтамыз, әлемге «қазақ» атын паш етеміз деп бөркімізді аспанға лақтырып, атой салып жүрген шақта тезірек рухани байлығымызды түгендеп, бойымызға сіңіруіміз керек пе еді? Өткенді де кінәлауға хақымыз жоқ.
Керек тілші: Саф таза діннен безінгендер
Сондықтан елімізде құдды өз жерінде жүргендей тайраңдап, алшаң басып жүрген, қай ұлтқа, қай дінге жататыны белгісіз, біреудің бұйрығымен келіп, өз миссиясын орындап, халқымызға іріткі салып жүргендермен бірлесе күресуіміз керек. Біреудің азғыруынан құрдымға кеткен ел болмайын десең бүгіннен бастап жаратқанға иман келтір, Пайғамбарымыздың(с.ғ.с.) өмірін оқып, әйелдерінің (Аллаһ оларға разы болсын) іс — әрекетінен, исламның дамуына қосқан үлесінен үлгі алып, бес уақыт намазыңды қаза қылмай, айлардың ең қасиеттісі Рамазанда отыз күн аузыңды бекіт, замандас! Бәріміз бірдей өз дінімізге берік болсақ қана арам ниетті келімсектер де ит сиақты иесіне оралар. Қанша экономикалық қуатты болсақ та, рухани әлсіздік бізді адуынды жаудың оңай жемтігіне айналдырады. Осыны жадыңда мәңгіге ұстағайсың, құрметті егемен елдің азат ұланы — Қазақ азаматы!
Бөлісу:

12 пікір

Daniar-Alan
Тауешкі екесің шынымен )))
— (минус) 0 балл!!!
Adiletshu
Енді оқып көр, жөндепті. Бірақ, өзім оқуға ерініп отырмын
qonyrbai
Мұны білеміз ғо. Еш өзгеріс жоқ.
danagul
Негізі жақсы мақала екен. Жарайсың қаламың ұшталай берсін)
yerlanospan
0 ұпай
Бұтақ түгілі, терекке де тимеді. Егер бұл жанайқайыңыз болса — сәйкесінше топтар мен ресурстарға баруыңызды өтінемін.
AknietTanirbergenkyzy
Бұл негізі ауқымды тақырып, сіз де өз шамаңызша аша білдіңіз. Ой саларлық жазба, қаламыңыз ұштала берсін, біз тек қолдаймыз!)
asaubota
бұл не еді? :)

реп қайда?

0
Gastarbaiter
Құрдымға кіріп кетіп (Интерстеллардың әсерімен жазып отырм, нақ) бермегейіп тоқсаныншы жылдардағы "Өшкен Өңір" газетінің артында арызқой беймаза шалдар жазған құсық шимай-насихаттарына арналған бұрышы бар еді. Соны оқығандай болдым.