Квартиранттың өмірі
gbbbgh
Әрі қарай
«Наринель» қалай «Нәрине-L» атанды
Фабриканың шығаратын сүт тағамдарының арасында «Нәринел» деп аталатын өнім бар. Бұл өнім кешегі кеңестер үкіметінің тұсында халықтың сүйіспеншілігіне бөленген «Наринель» йогурт өнімінің бір түрі. Фабрика аяққа тұрған шақта, тұрғындардың сұрауы бойынша аталмыш тағам түрі нарыққа шығарыла бастайды. Арада бірер ай шамасында уақыт өткен соң, Армениялық бір компанияның өкілдері хабарласып, «Наринель» брендін заң жүзінде еншілеп алғандықтарын, сондықтан «Нәтиже» компаниясы аталмыш өнім түрін нарыққа шығарғандары үшін өтем ақы төлеулері керек екендігін айтады. Бұл хабардан соң, фирма тарапынан өнім атауын өзгерту керек деген шешім қабылданып, йогурттың атын «Нәринел» деп қазақшалап жаза бастайды.
Торттың бағасы 2000 теңге. Ал кеткен шығын мың - мың екі жүз теңге шамасында болды
Айша Рахимбекова: Мен зейнеткерлікке шықсам да, бос отырмас үшін шағын кәсібімді аштым. Демалыс күндері тапсырыс көптеп түседі, ал жұмыс күндері кемінде 2-3 тапсырыстан болады. Маған керек азық-түліктерді жұбайым әкеліп береді.Қазір ғаламтор деген бар ғой, сол жерде де адамдар тапсырыс беріп жатады.
Жұмыс кестесі - дүйсенбі-жұма таңғы 9-дан 17:00-ге дейін жұмыс жасаса,сенбі,жексенбі күндері демалыс
.Комплекс басқармасының басты міндеттерінің бірі — теннисті барлығының қолы жетерліктей ету, сондықтан да осындағы балаларға жаттығу формасы мен ракеткалар тегін беріледі. Болашақта профессионалды теннисші болғысы келетіндер мұнда тегін жаттығып, үйренеді. Сондай-ақ, көп балалалы отбасыдан шыққан балалар мен әлеуметтік жағдайы нашар балалар ақысыз жаттығады екен. «Нұрсат» тобында жаттығатын қыздар мен ұлдар айына 7 мың теңге, ал үлкендер-15 мың теңге төлеп жаттығады. Тренерлердің айтуы бойынша бұл Қазақстан бойынша ең төмен баға. Жаттығулар аптасына 3 рет 1,5 сағаттан өтеді.
Менің репортажымның мақсаты — айтқан нәрсесін тірлігімен құптай отырып, тіршілік жағдайын денсаулығына сәйкес таңдаған, үлкен жетістікке жетіп, халық алдында беделді атанған нағыз ерлердің салауатты өмір салтын қалай жүргізіп жүргендері туралы жазу, әрі солардың өсиеттерін өсіп келе жатқан саналы ұрпаққа жеткізу. Сонымен қатар, мотивация алған жастарды жетістіктерге жетелейтін, таза, әрі мүмкіндіктерге толы өмір моделіне шақыру, үндеу!
2010 жылдың желтоқсан айында мен өзімнің ең жақсы көретін, жап-жаңа, бір жылдық «Ауди А5» көлігімді сатып, орнына велосипед алдым. Өзімнің денсаулығыма ұқыпты қарайын деген мақсат болды. Сол уақыттан бері мен жұмыс пен үйдің арасында 12 км арақашықтықты велосипедпен қатынап жүрмін. Оған қоса, офисте белтемір (турник) орнатып қойғанмын. Себебі, 33 жасымда алғаш рет омыртқа-арасы жарық ауруына (межпозвоночная грыжа) шалдықтым. Жүре алмадым, отыра алмадым. Аурудың асқынғанын тіпті құлайтын кездер де болған. Қазір, шүкір, арнайы жаттығуды үйреніп, соларды күнде жасап тұрамын. Денсаулықтың кепілі – салауатты өмір салтынан басталады.
Жаны саудың – тәні сау ма әлде керсінше ме?
Адамдар қадірін білмейтін 2 нәрсе бар. Денсаулық және бос уақыт. Бос уақытымды әрқашан пайдалы өткізуге тырысамын. Жастарға да тілерім мейілінше уақыттарын өзін дамытумен және салауатты өмір салтын ұстанумен өткізсін. Адам баласы бағындырмаған талай белестер бар.
«Біз, мысалы, жігіттермен жиналып футбол ойнап тұрамыз» — деп, салауатты өмірінен тәжірбие келтірді.
Жүзу, жүгіру, секіру сияқты жеңіл атлетика түрлері. Нұрланмен бірге бір марафонда қатысып көрсем бе екен деген ойда жүрмін.
Темекіден аулақ болсын! Ең жаман әдет — темекі… Өмірімде темекіге қызықпаппын, шеккен де емеспін. Яғни, менің санамда темекі шегуді "қызық, әдемі көрінеді" деген түсінікті шығарып тастағанмын. Оның орнына велосипед алу, конькиде әдемі сырғанауды мотивация ретінде алса жақсы.
Қай орта болмасын, жетістіктің шыңына (шеберлікке) жету үшін, адамға салауатты өмір салтын белсенді түрде жүргізу керек. Денсаулықтан асқан байлық жоқ. Ал, оны сақтауда алғышартты ойнайтын маңызды рөл — осы салауатты өмірде жатыр. Кез-келген адам — композитор, блогер, бизнесмен, жазушы, пианист, спортсмен, ғалым, — кім болса да, өмір жолы бойы салауатты өмір салтын ұстанып отқанын аңғарамыз. Серік Бисекеев ағамыз айтқандай, өзіне керек өмірді әркім өзіне қарай жоспарлайды. Сол себепті, өмірімізге бет алды қарамастан, болашақта жетістікке жеткен, әрі соның жемісін тамсана отырып тата алатындай дәрежеде болу үшін, салауатты өмір салтын дұрыс ұстанып, оның іргетасын бүгін қалау керекпіз.