Үлкен теннис - ойын және спорт

Миниблогиада арқасында салауатсыз өмір салтын ұстанып жүрген менің өмірімде 1 күндік өзгеріс пайда болды. Ашылғанына біраз болса да жарнамасы ақсап тұрған, қызметін тұтынушылары аз осы бір орталыққа достарыммен бет түзедік.
Керек тілші: Үлкен теннис - ойын және спорт
Комплекс басқармасының басты міндеттерінің бірі — теннисті барлығының қолы жетерліктей ету, сондықтан да осындағы балаларға жаттығу формасы мен ракеткалар тегін беріледі. Болашақта профессионалды теннисші болғысы келетіндер мұнда тегін жаттығып, үйренеді. Сондай-ақ, көп балалалы отбасыдан шыққан балалар мен әлеуметтік жағдайы нашар балалар ақысыз жаттығады екен. «Нұрсат» тобында жаттығатын қыздар мен ұлдар айына 7 мың теңге, ал үлкендер-15 мың теңге төлеп жаттығады. Тренерлердің айтуы бойынша бұл Қазақстан бойынша ең төмен баға. Жаттығулар аптасына 3 рет 1,5 сағаттан өтеді.
Керек тілші: Үлкен теннис - ойын және спорт
Орталықтың ішінде емін еркін 200 адам сиятын трибунасы, екі корты және сыртта ашық аспан астында төрт теннис корты бар екен.
Керек тілші: Үлкен теннис - ойын және спорт
Теннисті — интеллектуалды спорт түріне жатқызуға болады, әр ойынның өз стратегиясы мен тактикасы, қарсыласыңның білгірлігі мен оның артық тұстары мен кемшіліктері үлкен роль атқарады.

Керек тілші: Үлкен теннис - ойын және спорт

Жаңадан теннисті аса қызығушылықпен ойнап бастаған адамдардың денсаулықтары айтарлықтай жақсарады. Бұл ойында қимылдардың көбісі аэробикаға жақын, яғни адамды дұрыс тыныс алуға үйретеді, жаттығу кезінде калориялар жақсы жұмсалады. Сондықтан, теннис арықтауға және өз фигурасын қалыпқа келтіруді қалайтын жандарға жақсы ұсыныс деп ойлаймын.

Керек тілші: Үлкен теннис - ойын және спорт

Теннис — ол белгілі бір топқа арналмаған, ол барлығының қолы жетерлік спорт түрі болып саналады.

Керек тілші: Үлкен теннис - ойын және спорт
Денсаулыққа айтарлықтай пайдасы бар екен бұл ойынның, тізіп айтқанда:
Теннис ойнау денсаулыққа да, адамның көңіл күйіне де жаксы әсер етеді. Үзбей, барлық ережелерді сақтай отырып ұзақ уақыт жаттығу ағзада эндорфиндердің бөлінуіне алып келеді.

Керек тілші: Үлкен теннис - ойын және спорт

Сонымен қатар, теннис ойынында: аяқ, арка, қол, мойын бұлшық еттерінің барлығы жумыс жасайды.

Теннис физикалык жане психикалык қысымнан арылуға көмектеседі. Жаттығу кезінде ойынға әбден дейін қойып, доптың қимылын бақылау, алдын ала болжау көптеп көмегін тигізеді. Осы кезде мида нейрондык байланыстар қалпына келіп, жаңа жүйке клеткалары пайда болады. Ойын координацияны, реакцияны, стратегиялык ойлау, болжау кабілеттерін дамытатынын білдік.

Керек тілші: Үлкен теннис - ойын және спорт

PS: Осы бір хобби ушин бираз шығындануға тура келеді. Жаңадан бастаған ойыншыға ракетка, ойынға арналган форма мен аяқ киім, жане тағы да баска аксессуарлар қажет. Жақсы көңіл күй мен денсаулық үшін бұл шығындарға баруға болады деп ойлаймын.
Бөлісу:

18 пікір

MuratBaituganov
Шағын блогиада арқасында қаламыздағы теннистік кортты тамашалап, бір бой сергітіп қайттық… Денсаулық кепілі — спорт екенін ұмытпайық. Ерболға және осы шағын блогиадаға рахмет. Ендігіде салауатты өмір салтын ұстанып, тенистік кортқа жиі барып тұрамыз… Барлығыңызды салауатты өмір салтын ұстануға шақырамын…
Ispek92
Кіру қанша тұрады, Ербол?
ErbolAliaskaruly
1.5 сағатқа 2000тг. (4 адамға)
Ракетка өзіңде бар болса жақсы, жоқ болса 650 теңге төлейсің жалға алуға
qonyrbai
Қызылордаға барып жатсаң барасың ба, әлде бару үшін Қызылордаға анайы түрде барасың ба?
Ispek92
Мен жұмыс бабымен Ордаға айына кемінде екі рет іс — сапармен(қазақшасы командировка) барып тұрамын, тенниске онша қызықпаймын, бір жақты спорт түрі дер едім
Daniar-Alan
Пост толық емес секілді әсер қалдырды :)
Теннистің өзі туралы көбірек ақпарат болғанда…
8.
ErbolAliaskaruly
жариялар кезде сайт ашылмай қалғаны бар, асып-сасып, үлгермей қалам ба деп)))
qonyrbai
Әлде де уақыт бар. Түзетіп жіберуге кеш емес.
yerlanospan
теннис — ол белгілі бір топқа арналмаған, ол барлығының қолы жетерлік спорт түрі болып саналады
«Байлардың ойыны» дегенді жұмсартам деп қиналып тапқан сөзің болды ма деймін)))
Арнайы барып тұрғасын, терминологиялық қыр-сырлары ашығаны жақсы болар еді.
7 ұпай
VKM
Ербол тілші болып кетіпті.Өзіңнің суреттерің қайда?
ErbolAliaskaruly
Тілші болып көрейін дедім осы жолы.
Gastarbaiter
Революция жасадың типі))))
FaraOn1
осы суретпен аяқтамадың ба рпеіңді амиго. СӨС The End деп))))
Adiletshu
Трико киіп келіңдер деп кіргізбей қояр едім :)
asaubota
7

кешен туралы рептан гөрі теннистің анықтамалығы болып кетіпті :)
zholantai
үлкен теннисті құп көрем, күллі спорт түрлерінен,