"НӘТИЖЕ" ОҢ НӘТИЖЕ КӨРСЕТЕДІ

Ерлан Әшім мырзаның аты Қарағанды қаласының жұртшылығына жақсы мәлім. Бұл азамат, Қарағанды мен оның айналасындағы серіктес қалаларды, алыс аудандарын және Повладар облысының кейбір аймақтары мен Астана қаласының бір бөлігін сапалы сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған «Нәтиже» сүт фабрикасының басшысы және Қаладағы мәдениет пен өнер салаларына үнемі қаржылай қолдау көрсетіп отыратын ірі демеушілердің бірі. Осы күз айында Ерлан Әшім мырзаның қарамағындағы «Нәтиже» мен «220 вольт» фирмаларының ұйымдастыруымен өткен Асық патиден кейінгі, сүт фабрикасына жасаған саяхатымыз барысында естіп-білген мәліметтермен таныса отырыңыздар...

Керек тілші: НӘТИЖЕ ОҢ НӘТИЖЕ КӨРСЕТЕДІ
Компания тарихы

Ерлан мырза бизнеспен 1999- жылдан бастап айналыса бастаған. Әуелде бөлшек саудамен айналысатын шағын фирмасына кейіннен кондиттерлік цех пен шағын наубайхана қосылады. Бірақ, бұл жетістікпен ғана шектеліп қалмай, әрі қарай өсуді ойлаған кәсіпкер, қаланы сүт өнімдерімен қамтамасыз етуді қолға алуды ойластыра бастайды. Себеп, сол кезде Қарағанды сүт заводы дағдарысқа ұшырап, халыққа сапалы өнім ұсына алмайтын дәрежеде болған еді. Нарықтағы жағдайды бағамдай келе, фирма басшылығы үлкен тәуекелге бас тігіп, бұрынғы айналысып отырған бизнесін түгел сатып, қаржыға айналдырады. Ол ақшаға бірнеше көлік пен сүт сақтауға арналған тоңазытқыштар сатып алып, Қостанайдан Қарағандыға сүт тағамдарын тасымалдай бастайды. Аз уақытта бұл кәсібі күткен нәтиже беріп, бір аптадағы сатылым көлемі 15-20 тоннаға дейін өседі. Қарағанды нарығын жаулап алған соң, алдағы таңда сүт тасымалдаушы емес, өндіруші болуымыз керек деген шешім қабылданып, бұл жобаны бірге жүзеге асыру туралы «Балқаш сүт» ААҚ ұсыныс тасталады. Олардың қолдауына ие болған соң, қала сыртында қараусыз тұрған ғимараттарды сатып алып, сүт өңдеу қондырғыларын орнатады. 2003 жылдан бастап, өз сүт өнімдерін шығара бастайды. Компания өз айналасына жұмыс істеуге құлшынысы бар, алғыр жігіттерді топтастырып, өздерінің «Нәтиже» брендін шығарып, нарықта бәсекеге қабілетті ірі фирмалардың қатарына қосылады. Бірақ, компания басшылығы бұл жетістікті де місе тұтпай, кәсіпорынның өнімділік қуатын арттыра түсу мақсатында іздене бастайды. Соның арқасында Дания мен Голандия тәрізді шет мемлекеттерге іс-сапарларға шығып, сол елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, завот құрылғыларын бірте-бірте Европалық технологиялармен жабдықтай бастайды. Қарағандылық «Нәтиже» сүт фабрикасында қазір — «Tetra Pak» швед компаниясының жабдықтары жұмыс істеп тұр. Фабриканың өнім шығару қуаттылығы алғашқы кездері 12 тонна болса бүгінгі таңда 120 тоннаға жеткен.

Керек тілші: НӘТИЖЕ ОҢ НӘТИЖЕ КӨРСЕТЕДІ

Компанияның серіктестерімен жұмысы

Компания бір стильде безендірілген 12 фирмалық бөлімшеден тұрады. Бұл фирманың жұмысын жандандыру мақсатында қолға алынған жоба, әр фирманың өзінің айналысатын кәсібі бар. Мысалы, бір фирма тек сүт тасымалымен айналысатын болса, келесі фирма дайын өнімді саудаға шығарады т.с.с. Әр фирманың өз басшысы, өзіне тән қаржылық есебі бар. Олар бір-біріне кедергі келтірмей, қайта тиімті байланыс орната отырып жұмыс істейді, бұл компанияның дамуына оң ықпалын тигізуде.

Керек тілші: НӘТИЖЕ ОҢ НӘТИЖЕ КӨРСЕТЕДІ

Фабриканы үнемі шикізатпен қамтамасыз етіп отыру мақсатында Шет ауданында 200 ірі қарадан тұратын екі шаруа қожалығы ашылған. Фабрика өзіне қажетті шикізатты сол фермаларда бағылатын сиырлардың сүті арқылы және Қарағандыға жақын орналасқан елді-мекендерден сүт жинау арқылы қамтамасыз етеді

Керек тілші: НӘТИЖЕ ОҢ НӘТИЖЕ КӨРСЕТЕДІ

Сүт тапсырушылар компанияның серіктесі деп танылады, сондықтан оларға компания тарапынан қолдаулар көрсетілу үстінде. Мәселен, сиыр саууға адам күші жете бермейді. Бір адам әрі кетсе 5-6 сиыр саууға ғана үлгереді.
Бұл кемшілікті жою мақсатында «Нәтиже» сүт фабрикасы жеңілдетілген несие түрінде фермерлерге Түрік мемлекетінде жасалған 220 волттық сиыр сауу апараттарын ұсынады. Бұл аспаптар сынақтан сәтті өтіп, сиырлар екі-үш күннің ішінде сауудың осындай түріне үйреніп кетуіне жағдай жасаған екен. Ал Ресей мен Қытайда жасалған сауу аппараттары, сиырларды қаны шыққанша сауатын болғандықтан, олар сауғызудан қашып, сүтін тартып алатын болған.

Нағыз өнім 7 күн ғана сақталады

Компания ұстанымы бойынша өнімге ешқандай консерванттар мен тұрақтандырушы заттар пайдаланылмайды. Тек таза табиғи сүт өнімі ғана нарыққа ұсынылады. Рас бұл ұзақ сақтауға келмейді және завоттың дамуына айтарлықтай кері әсерін тигізеді, бірақ, бұл кемшіліктің орнын халықтың көңілінен шығатын өнім ұсына отырып, толтыра алады.
«Нәтиже» сүт фабрикасының өнімін тек 7 күн ғана сақтауға болады. Себебі пайдалы бактериялар тек осы уақыт аралығында ғана өз белсенділігін сақтайды, ал 8 күні ол бактериялар өле бастайды және өзінің пайдалы әсерін жояды.
Фабрикада арнайы зертхана орналасқан, ол жерде мамандар өнімнің сапасын қадағалап отырады және айран өндіруде қолданылатын ашытқылар құрамында кездесетін бактерияларды өсіреді.

Керек тілші: НӘТИЖЕ ОҢ НӘТИЖЕ КӨРСЕТЕДІ

«Нәтиже» сұйық сүттен басқа айран мен ірімшіктің бірнеше түрін және сықпа құрт өнімін нарыққа шығарады. «Нәтиже» өнімдерінің ішіндегі ең танымалдары: Ішетін сүт, Қарлы сусын, Нәринел, құрт, Био-айран, т/б…

Керек тілші: НӘТИЖЕ ОҢ НӘТИЖЕ КӨРСЕТЕДІ

«Наринель» қалай «Нәрине-L» атанды
Фабриканың шығаратын сүт тағамдарының арасында «Нәринел» деп аталатын өнім бар. Бұл өнім кешегі кеңестер үкіметінің тұсында халықтың сүйіспеншілігіне бөленген «Наринель» йогурт өнімінің бір түрі. Фабрика аяққа тұрған шақта, тұрғындардың сұрауы бойынша аталмыш тағам түрі нарыққа шығарыла бастайды. Арада бірер ай шамасында уақыт өткен соң, Армениялық бір компанияның өкілдері хабарласып, «Наринель» брендін заң жүзінде еншілеп алғандықтарын, сондықтан «Нәтиже» компаниясы аталмыш өнім түрін нарыққа шығарғандары үшін өтем ақы төлеулері керек екендігін айтады. Бұл хабардан соң, фирма тарапынан өнім атауын өзгерту керек деген шешім қабылданып, йогурттың атын «Нәринел» деп қазақшалап жаза бастайды.

Ұлттық ерегшеліктері

«Нәтиже» сүт фабрикасының басқалардан бір ерекшелігі, компания басшылығы ұлттық құндылықтарды насихаттауды жолға қойған. Компанияның бас кеңсесіндегі қабырғаларда ұлттың ұлты тұлғаларының портреттері мен қанатты сөздері орын тепкен. Кеңсеге кірген кезде құдды мектеп қабырғасына қайтып келгендей әсер алған болатынмын. Себебі тұлғалардың сөздері мен суреттерін тек мектептен ғана көрген екенмін. Ал басқа жерден әсіресе кәсіпкер азаматтың кеңсесінен көремін деп еш ойламаған болатынмын.
Керек тілші: НӘТИЖЕ ОҢ НӘТИЖЕ КӨРСЕТЕДІ
Ерлан Әшім мырзаның айтуынша ол кісіге қарайтын фирмаларда жаңа жыл тойланбайды. Ескерусіз қалдырылады. Рас тойлама деп ешкімді қинамайды, жұмысшылары тойлаймын десе ерік өздерінде, бірақ компания көлемінде атап өту, мерекелік безендіру, сыйлық беру тәрізді шаралар өткізілмейді. Есесіне наурыз мерекесі үлкен көлемде атап өтіледі. Фабриканың ауласында қазан асылып, алты бақан тебіліп, ұлттық ойындар ойнатылып, қызметкерге сый-сыйапат жасалып, мерекелік банкет өткізіледі. Жалпы ірі мерекелік іс-шара жылына бірнеше мәрте қайталанады екен. Мәселен, Наурыз мейрамында көктемнің келуін, жаңа жылдың басталуын тойласа, онан соң, ораза айт, құрбан айт мерекелері де компания көлемінде тойланып тұрады екен.

Қолдау көрсетулері

Фирма басшылығы тек ақша тауып қана қоюды мақсат тұтпайды. Бизнесті алғаш бастаған күннен бастап, әлеуметтік істерге назар аударып, қолдау көрсетіп тұру бұл фирманың әдетіне айналған. Сол әдет, фирма дамыған сайын, ұлғайып, қайырымдылық шаралары мен түрлі жұмыстарға демеушілік көрсетуге бөлінетін қаражат көлемі күн өткен сайын барынша ұлғайып отыр.
«Нәтиже» фабрикасы балалар үйіне, мектептерге демеушілік көрсетіп, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына жағдай жасау үстінде. Сонымен қатар спорт саласына, мәдениет пен өнерге де хал-қадірінше қолдау көрсетуге тырысып келе жатыр екен. Ерлан Әшім мырзаның айтуынша фирманың қайырымдылық шараларына белсене қатысуы, жарнамалық мақсаттан не болмаса о дүниеде сауап аламыз деген ойдан туындамаған екен. Бұл адамди құндылықтан туындаған. Қолда мүмкіндік барда, айналадағы жандарға жәрдем көрсетіп қалу қажет екендігін айтады. Себебі ертең қандай күн күтіп тұрғанын ешкім білмейді.

Қолға алынған жобалар

Бизнестен бөлек фабрика басшылығы ұлттық құндылықтарды насихаттайтын бірнеше жобаны қолға алған екен. Олардың ішінде екі жобаны ерекше бөліп алып қарастыруымызға болады.
Керек тілші: НӘТИЖЕ ОҢ НӘТИЖЕ КӨРСЕТЕДІАлғашқысы «Текті қазақ» жобасы. В контакте, Фейзбук, Майл.ru тәрізді әлеуметтік желілерде пабликтер ашып, ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған. Бұл пабликтерде ұлттың келешгі үшін еңбек еткен тұлғалар туралы, олардың қанатты сөздерін және адамға ой саларлық қысқа да нұсқа мәтел сөздерді таба аласыздар.

Керек тілші: НӘТИЖЕ ОҢ НӘТИЖЕ КӨРСЕТЕДІКелесі жоба «Лұғат.kz» қазақ тілінің сөздіктер кешені. Айбек Өжкен деген жігіттің бастамасымен ашылған, сайт. Бұл жерде ағылышын-қазақ, орыс-қазақ, түсіндірме сөздік, орфаграфиялық сөздік, аймақтық сөздік тәрізді бірнеше сөздіктер жүйесі ашылған. Өзіңізге қажетті сөздің аудармасын не болмаса түсіндірмесін осы сайттан таба аласыздар.
Аталмыш жобалардың екеуі де бейкомерциялық жобалар болып табылады және пайда табуды көздемейді. Тіпті, осы жобалардың бас демеушісі болып отырған, «Нәтиже» фабрикасы туралы да көп айта бермейді.

«Нәтиже» сүт фабрикасы туралы мен жинаған мәліметтер легі осындай болды. «Нәтижес» фабрикасы денсаулыққа пайдалы сүт өнімдерін өндіру арқылы тұрғындардың саулығын қамтамасыз етумен қатар, жақын ауылдардан сүт жинап, ауыл тұрғындарына жұмыс көзін ұсынып отырса, басшылары мәдениет пен өнер саласынан қаражатын аямай, тұрғындардың рухани жан дүниесінің сау болуына да назардан тыс қалдырмауда.
Бөлісу:

23 пікір

qonyrbai
Мәссаған! Жақсы жазба. Жюридің сын-пікірі әсер еткен екен. :)
tomarlik
рахмет Қоңыбырбай көке :)
qonyrbai
:) Айдостан қорық. Күтпеген жерден жырқ еткізеді. Әдемі Әлемнің суреттері де мазаңды алады. )))
ademi_alem
Жақсы жазылыпты, мынадан кейін өз жазбамды орналастыруға жүрексініп отырмын. ))))))))) Сәттілік!
qonyrbai
Осы жолы Нұрлыханның айыратын реті кеп тұр. Дайындығы жақсы екен. :)
ademi_alem
Иә, бұл миниблогияда жақсы, жүйелі жазуды үйренуге жақсы мүмкіндік. Қазылар алқасынан ғана емес, кез келген оқыған адамның ойын, пікірін, сынын естіп, кейін сонымен жұмыс жасайды. Ең бастысы — сынды дұрыс қабылдай білу.
tomarlik
Иа дұрыс айтасыз
asaubota
журфакта мұғалімдер тақырыпты үлкен әріптермен жазыңдар деп үйрететін шығар? интернетте олай емес, кэпслок кері әсер береді
Gastarbaiter
Кеше мен бір кісіге сондай рекомендация жасадым. Тек бір шартпен. Капспен тақырып жазылса, қасында капссыз түсіндірме болғаны жақсы деген сияқты. Мысалы:
«ЖАҒАЖАЙ. Әдептілік негіздері»
qonyrbai
Сонымен қатар кіріспесінде де тақырыптағы сөз кездессе жақсы. :)))
Daniar-Alan
іздеу жүйелері тез табады осылай жасасаң деп жатыр еді ғой біреу :)
Gastarbaiter
Мен тіпті жазба ішіндегі кіші тақырыптарды да капспен жазам кейде.)
Daniar-Alan
ол әрлеу ғой енД :) прост капспен жазса сео-ға әсер етеді деген… білмим енД… күлкілі сияқТ :) мүмкін мен бірнәрсені білмейтін шығармын :)
qonyrbai
Кодеоның жігіттері не дейді екен? :)))
asaubota
оны кім шығарып жүр?
qonyrbai
Сол «біреуге» мұғалимасы айтқан бе еді? :)))
Daniar-Alan
да че там. Бәрі көрініп тұр ғой :)
10 балл
AsylhanUysinbaev
Керемет жазба. Ауқымды мағлұмат беріпсін. Жарадың Нұреке!!!
Daniar-Alan
и отчетті тапсырып алдым дисің ғо :)
qonyrbai
Дәл солай! Нұрлыхан қазір зауытта сүт толған джакузиде рахаттанып жатқан болар. :))))
asaubota
сәтті репортаж. кішігірім қателеріңді байқағым келмей тұр.

10
yerlanospan
Аты аталған азаматтар керемет. Қызықты ақпарат та баршылық. Бірақ кей тұстарың — ресми баспасөз релизінен сыдырылған сияқты.
… бұл компанияның дамуына оң ықпалын тигізуде...
… компания басшылығы бұл жетістікті де місе тұтпай...
т.с.с. — кім айтпаған сөздер бұлар!
9 ұпай.