Мал бағу да кәсіп...
Ескерту: Осы жазбамды жазарда Шу қаласында болғандықтан, 2-3 күн кәсіпкер іздеп уақыт өкізіп алдым. Шуда бұрын байқамаппын, ешқандай өнеркәсіп шығаратын зауыттар, шаруашылық қожалықтары жоқ екен. Барлық кәсіпкерлер тек тойханалар, дүкендер мен бутиктер ашып қойған. Содан не керек, Шу қаласынан 20 км жерде Қорағаты өзенінің жанында бір кәсіпкердің жеке мал шаруашылығы кешені бар дегенді естіп сол кісімен келістім.
Сенбі Телефонмен:
-Ассалаумағалейкум, аға! Мен студент едім, маған сіздің мал шаруашылығы кешеніңіз туралы фоторепортаж жасау керек еді. Сізден рұқсат алмақ едім.
-Түсінбедім, ол сонда қайда жарияланбақ?
-Миниблогиядаға қатысып жатырмын, кәсіпкерлікті кеңінен насихаттайтын жазба жазу керек еді, «КерекИнфо» деген сайт бар соған жариялаймын.
-Білмеімін.
Осы уақытта байланыс үзіліп кетті.
Қайта қоңырау шалдым
-Аға, не болды келісесіз бе?
-Жамандап жазбасаң болды.
-Оныңыз не аға, сізді керісінше жақсы қырынан көрсетуге тырысамын.
-Е, онда бопты.
-Айтпақшы, қай кезде келуге болады сізге?
-Ертең жексенбі мен өзім сонда боламын. Мекен-жайды білесің ғой?
-Иә
Жексенбі.
Досымды жаныма алып, фотоаппаратымды иығыма асып келісілген жерге беттедім. Шыны керек, бұл «ферманы» өзім бұрын көрмегенмін.
Анадайдан үйлер көріне бастады. Мәшиненің ішінен түсіргендіктен, дірілден фото сәтті шықпады.
Сағат 17-00. Сәскеден бесін ауғалы біраз уақыт.
Фотоаппараттың «Вспышкасы» істемей біраз қиындықтар туды. «Мал өрістен 1-2 сағаттан соң келеді»,- дейді өзін Думан деп таныстырған бір кісі (Суретке түсуге көндіре алмай-ақ қойдым. Өзі көнбегесін қатты қысатамадым). Айтпақшы осы жерде мал бағады екен. Айлығы айына 45000 теңге. Шағын аудан тұрғыны үшін жаман сома емес.
Бұл қожалықтың иесімен осы жерде сағат 17-30 да кездесеміз деп келіскенбіз. Мен біраз ерте барып алдым. Бірақ, сағат 18-00 болғанда өзім телефон соғуға оқталдым. Сөйтсем бұл жерде «свзяь» деген тек шатырдың төбесінде ғана ұстайды екен. Оған да көндігіп шатырдың төбесінен телефон соқтым. Көтермейді. «Вот қырсық». Енді қайтпекпін. Таға 5-6 рет «звондадым». Бір кезде әлгі кісіден смс келді.
Күн ұясына кіріп кеткен, вспышкамен бірдеңе ғып түсіру керек енді. Неден бастарымды білмеймін, Атқа мініп алдымда үйден шамамаен 500 метрдей жерде өрістен келе жатқан қойларды түсіруге беттедім..
Қой саны 250 екен.
Кеш қарайып бара жатыр. Өрістен сиыр мен жалқы келер емес. Атқа мініп алып өзеннің арғы бетінен сиырды іздеп жүрмін.
Осы өзеннің арғы бетінде сиырлар жайылып жүр екен. Барып іздеп түсірмекке бел будым.
Мынау суреттен сиырды байқау қиынның қиыны. Десе де әнебір жерде талдың жанында ақбас сиырды байқауға болады. Мұнадғылардың айтуынша Қайрат ағай(«Ферма» иесі) өткен жылы қазақтың «ақбас сиыры» тұқымын көбейту үшін мемлекеттен 5млн. теңге субсидия алып, оған ақбастың әрқайсысы 450000 теңге 11 бұзауын сатып алыпты.
Мен сиырларды түсіріп келемін дегенше жылқылар өрістен айдалып келіп, қораға қамалып үлгеріпті. Қораның ішінен жалқыны түсірудің ырымын жасап бақтым.
Қойларды қораға кіргізу сәті.
Қорытынды. Бұл жолы «пост» аса сәтті шықпаса да, мен үшін өте қызық болды. Бұрын атқа мініп көрмеген мені, «сиырларды түсіремін десең, мына жылқыға отыр да өзеннің арғы жағынан түсіріп кел», — деген Думан ағайға бұрын атқа мінбегенімді білдіртпей аспай-саспай өзеннен өтіп, жұмысты сәтті-сәтсіз аяқтадым. "Өлімнен ұят күшті". Аударыспақ тауралы пост жазып, ондағы чемпиондардың атқа мінбеген жігіттерден қорқамын деген сөздері, өзімді қамшылап еш саспай, атты меңгеуге себеп болды. Тіпті үйге кетер уақыт таяғанда досым мені аттан түсіре алмай әуре болғаны бар. Себебі атпен шапқан, атқа отырған өзіме қатты ұнады. Тақарып — Мал бағу да кәсіп. Мұндағылардың бар өмірі малмен байланысты. Онсыз өмірлерін елестете алмайды. Қайрат ағаның 250 қойы, 50 жылқысы, 80 сиыры(оның 11 асыл тұқымды «ақбас» сыйыры) бар екен. 80 сиырдың, саууға болатын 50 сиырынан күніне 400 литр сүт сауылып мемлекетке өткізіледі. Аптаның әр жесенбісі 40 литр қымыз базарға жеткізіледі. Құрт, май, ірімшік те дүкендерге жеткезіледі екен. 2 отбасын жұмыспен қамтып отыр.
Табыс.
Сиыр сүті 400 литр х 90 теңге= 36000 теңге күніне
36000х30= 1080000теңге
1080000х12960000 теңге жылына
Жылқы сүті 40литрх350теңге=14000 теңге аптасына
5250 теңге x 4= 56000 теңге айына
56000х12=672000жылына
12960000+672000= 13млн 632мың теңге
Шығын:
Арпа 1 тонна= 67000
Ұрпақ 1 тонна= 55000
Жоңышқа 1 жылға 350 теңгеден 500 тюк = 175000
Шөп 1 жылға 175 теңгеден 500 тюк =87500
Жұмысшылардың айлығы — 45000 теңге х 2 отбасы= 90000айына
90000х12= 1млн 80 мың теңге жылына
Азық-түлік 10000х12=120000жылына
Жалпы: 1 млн 584 500 теңге
Кіріс — Шығыс = 13632000-1584500= 12 миллион 47 мың 500 теңге
Мал бағып, істің көзін таба білген адамдардың бірі осы Қайрат аға. Халықты сүтпен, қымызбен, қамтамасыз етеді.
2 отбасын үймен, жұмыспен қамтып отыр.
Сенбі Телефонмен:
-Ассалаумағалейкум, аға! Мен студент едім, маған сіздің мал шаруашылығы кешеніңіз туралы фоторепортаж жасау керек еді. Сізден рұқсат алмақ едім.
-Түсінбедім, ол сонда қайда жарияланбақ?
-Миниблогиядаға қатысып жатырмын, кәсіпкерлікті кеңінен насихаттайтын жазба жазу керек еді, «КерекИнфо» деген сайт бар соған жариялаймын.
-Білмеімін.
Осы уақытта байланыс үзіліп кетті.
Қайта қоңырау шалдым
-Аға, не болды келісесіз бе?
-Жамандап жазбасаң болды.
-Оныңыз не аға, сізді керісінше жақсы қырынан көрсетуге тырысамын.
-Е, онда бопты.
-Айтпақшы, қай кезде келуге болады сізге?
-Ертең жексенбі мен өзім сонда боламын. Мекен-жайды білесің ғой?
-Иә
Жексенбі.
Досымды жаныма алып, фотоаппаратымды иығыма асып келісілген жерге беттедім. Шыны керек, бұл «ферманы» өзім бұрын көрмегенмін.
Анадайдан үйлер көріне бастады. Мәшиненің ішінен түсіргендіктен, дірілден фото сәтті шықпады.
Сағат 17-00. Сәскеден бесін ауғалы біраз уақыт.
Фотоаппараттың «Вспышкасы» істемей біраз қиындықтар туды. «Мал өрістен 1-2 сағаттан соң келеді»,- дейді өзін Думан деп таныстырған бір кісі (Суретке түсуге көндіре алмай-ақ қойдым. Өзі көнбегесін қатты қысатамадым). Айтпақшы осы жерде мал бағады екен. Айлығы айына 45000 теңге. Шағын аудан тұрғыны үшін жаман сома емес.
Бұл қожалықтың иесімен осы жерде сағат 17-30 да кездесеміз деп келіскенбіз. Мен біраз ерте барып алдым. Бірақ, сағат 18-00 болғанда өзім телефон соғуға оқталдым. Сөйтсем бұл жерде «свзяь» деген тек шатырдың төбесінде ғана ұстайды екен. Оған да көндігіп шатырдың төбесінен телефон соқтым. Көтермейді. «Вот қырсық». Енді қайтпекпін. Таға 5-6 рет «звондадым». Бір кезде әлгі кісіден смс келді.
«Балам, мен жиналыста отырмын. Аудан әкімі Қазақ хандығының 550 жылдығына орай бір маңызды шаруамен кәсіпкерлерге жиналыс ашыпты. Тоғыз-онсыз шықпаймын. Өзің бірдеңе ғып жаза бер»
Айта кетейін, Қазақ хандығының 550 жылдығы келесі жала тойланатынын естідік. Интернет шулап жатыр. Шу мен Талас өзені, Қозыбасы тауына Керей мен Жәнібек ту тіккен. Соны ескере отырып, 550 жылдық тойланатын қала — Шу болып бекітіліпті. Шудағы «дөкейлердің» дереу іс-әрекетке кіріскеніне қарағанда бұл сөздің растығына шүбәм жоқ.Күн ұясына кіріп кеткен, вспышкамен бірдеңе ғып түсіру керек енді. Неден бастарымды білмеймін, Атқа мініп алдымда үйден шамамаен 500 метрдей жерде өрістен келе жатқан қойларды түсіруге беттедім..
Қой саны 250 екен.
Кеш қарайып бара жатыр. Өрістен сиыр мен жалқы келер емес. Атқа мініп алып өзеннің арғы бетінен сиырды іздеп жүрмін.
Осы өзеннің арғы бетінде сиырлар жайылып жүр екен. Барып іздеп түсірмекке бел будым.
Мынау суреттен сиырды байқау қиынның қиыны. Десе де әнебір жерде талдың жанында ақбас сиырды байқауға болады. Мұнадғылардың айтуынша Қайрат ағай(«Ферма» иесі) өткен жылы қазақтың «ақбас сиыры» тұқымын көбейту үшін мемлекеттен 5млн. теңге субсидия алып, оған ақбастың әрқайсысы 450000 теңге 11 бұзауын сатып алыпты.
Мен сиырларды түсіріп келемін дегенше жылқылар өрістен айдалып келіп, қораға қамалып үлгеріпті. Қораның ішінен жалқыны түсірудің ырымын жасап бақтым.
Қойларды қораға кіргізу сәті.
Қорытынды. Бұл жолы «пост» аса сәтті шықпаса да, мен үшін өте қызық болды. Бұрын атқа мініп көрмеген мені, «сиырларды түсіремін десең, мына жылқыға отыр да өзеннің арғы жағынан түсіріп кел», — деген Думан ағайға бұрын атқа мінбегенімді білдіртпей аспай-саспай өзеннен өтіп, жұмысты сәтті-сәтсіз аяқтадым. "Өлімнен ұят күшті". Аударыспақ тауралы пост жазып, ондағы чемпиондардың атқа мінбеген жігіттерден қорқамын деген сөздері, өзімді қамшылап еш саспай, атты меңгеуге себеп болды. Тіпті үйге кетер уақыт таяғанда досым мені аттан түсіре алмай әуре болғаны бар. Себебі атпен шапқан, атқа отырған өзіме қатты ұнады. Тақарып — Мал бағу да кәсіп. Мұндағылардың бар өмірі малмен байланысты. Онсыз өмірлерін елестете алмайды. Қайрат ағаның 250 қойы, 50 жылқысы, 80 сиыры(оның 11 асыл тұқымды «ақбас» сыйыры) бар екен. 80 сиырдың, саууға болатын 50 сиырынан күніне 400 литр сүт сауылып мемлекетке өткізіледі. Аптаның әр жесенбісі 40 литр қымыз базарға жеткізіледі. Құрт, май, ірімшік те дүкендерге жеткезіледі екен. 2 отбасын жұмыспен қамтып отыр.
Табыс.
Сиыр сүті 400 литр х 90 теңге= 36000 теңге күніне
36000х30= 1080000теңге
1080000х12960000 теңге жылына
Жылқы сүті 40литрх350теңге=14000 теңге аптасына
5250 теңге x 4= 56000 теңге айына
56000х12=672000жылына
12960000+672000= 13млн 632мың теңге
Шығын:
Арпа 1 тонна= 67000
Ұрпақ 1 тонна= 55000
Жоңышқа 1 жылға 350 теңгеден 500 тюк = 175000
Шөп 1 жылға 175 теңгеден 500 тюк =87500
Жұмысшылардың айлығы — 45000 теңге х 2 отбасы= 90000айына
90000х12= 1млн 80 мың теңге жылына
Азық-түлік 10000х12=120000жылына
Жалпы: 1 млн 584 500 теңге
Кіріс — Шығыс = 13632000-1584500= 12 миллион 47 мың 500 теңге
Мәлімметерді Қайрат аға смс арқылы жіберді
.Мал бағып, істің көзін таба білген адамдардың бірі осы Қайрат аға. Халықты сүтпен, қымызбен, қамтамасыз етеді.
2 отбасын үймен, жұмыспен қамтып отыр.
Көке-еу, қатырыпсың ғой. Аты-жөніңді айтып өзіңді таныстырмай, бірден бұйымтайыңды айтыпсың. Қарапайым малшы «миниблогиада», «керекинфо» дегенді қайдан білсін.
Жылдам келісіпті.
негізі фоторепқа мықТ тақырып екен. Кәсіпкердің бір күнін жазсаң ғо…
мынауың енД…
очм 8
5
0 ұпай
Мына арифметикаң тіпті енді…
Қай қазақ саған сиырды жыл бойы сүт береді деп айтты?
Егер сиыр жыл сайын бұзауласа, кем дегенде үш айға суалуы керек, қыстың басы қылтиғанда суылатын сүттің көлемі аптаматты түрде қысқарады, оны білуші ме едің, сүттің ең мол уақыты -мамыр-маусым айлары.
Сонда қалай жыл бойы сауады ма?
«Маған осындай тапсырма берілді» дегеннен бөлек бір логикалық қисын керек сияқты жазбаға. Бәріне берілгені бір тақырып ғой, бірақ неге осыны таңдадың? — дегенге «ыңғайлысы осы болды» емес, басқа бір қисын тауып, тапсырмадан хабары жоқ оқырманды алдарқатуға болар еді. Кіріспеңнің өзі негативке дайындайды.
Қызға қырындауды қайта-қайта кешірім сұраудан бастасаң, наққа кететінің бар ғой. Сол сияқты. Кіріспесінен-ақ, міңгірлеп сөйлеп тұрған сияқты мәтінің.
Тақырыбы бетіңді сипатады.
Репті «блә, зайыбал» деп отырып жазғандай әсер. Көңіл-күйің маған жетті. Қабылдадым месседжді. Шынымен де, білә, зайыбал.