Әлқисса, алданып қалудан басталды. «Қазақфильміміздің» күттірген дүниесін қазақшасының үстінен жазылған орысша нұсқасында көру жазылыпты маңдайға. Осыдан-ақ түсіне беріңіз – рухтану, күш алу мен серпілу импульсі түсінілетіндей бәсеңсиді. Едәуір жаншылады.
«Көшпенділермен» еріксіз салыстырасың. Жанры, месседжі мен тағылымы сабақтас болғасын. Бұнысында осал тұстар ескерілгенсігенімен, ә дегеннен кейбір кемшін тұстарын елемейін десең
Айдың бетінде салынған құпия түрмеге тоғытылған Борис (Джемейн Клемент) есімді өзгепланеталық келімсек агент Кейден (Томми Ли Джонс) есе қайтаруды ұзақ күткен еді. Міне, сол күн де келіп жетеді. Түрмеден қашып шыққан Борис, Жерге келіп өткен шаққа оралады дағы, тарихты түбегейлі өзгертіп жібереді. Ол агент Кейді өткен шақта өлтіріп тастап, адамзатқа қауіп төндіреді. Серігін құтқармақ болған агент Джей (Уилл Смит) де өткен шаққа оралып, бәрін орнына қоюға тырысады.
Бұл картинаны бір жапон қызы өз өзіне қол жұмсаудың алдында салып кеткен деседі. Суретке 5 минуттан артық тесіліп қарау мүмкін емес деседі ел артындағы аңызда. Тіпті кейбір адамдар осы суретті көргеннен кейін өздеріне қол жұмсапты. Өзім көрмес бұрын бұл ақпардың растығын сендер арқылы тексеріп алғым келді. Көріп болған соң пікір айтыңдар :)
Кішкентай кейіпкерлер жоқ, кішкентай актерлар бар.
Оноре де Бальзак
Бұдан тура бір жыл бұрын, дәл осы 11 маусымға азды-көпті елді шақырып, kinostan.kz жобасының азын-аулақ таныстырылымын өткізген болатынбыз.
— Қалай қарайсың?
— Болады.
— Бастайық онда, — деп апыр-топыры шығып, бір түннің ішінде Интернетке шығып кеткен kinostan.kz туралы сол кезде ыстық-ыстық тілектер айтылып еді.
Бір жылдың ішінде біздің жоба біраз дамып қалды. Әрине, жоқ жерде сайт құру, стартаптың ең төменінен бастау өз кемшіліктері мен кедергілерін көрсетіп-ақ жатыр, әйткенмен, энтузиазм, үміт әлі таусылған жоқ, еңбек қайтар деген ой бар.
«Рывок» спорттық драмасын түсірген қазақстандық режиссер Қанағат Мұстафин «Қажымұқан» атты уақытша атауы бар фильмді түсіруге бел шешіп кіріспек.
Режиссер жаңа фильмін атақты балуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың өмірбаяны бойынша түсіреді. Бұл туралы Мұстафин Afisha.Today.Kz ресурсына берген сұхбатында әңгімеледі.
Тұрмысқа шықпаймын, одан да бойдақ болып жүре беремін арғымақтың үстінде құстай самғап, жебем көкке жетсін деймін... Мериданың әкесі король Фергюс*
Стив Джобс кезінде бас болған Pixar студиясы еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін бірдей қызықты болатын кезекті туындысын елге ұсынып отыр. Бұл жолғы фильм біз үшін алабөтен ыстық, себебі «Батыл жүрек» (Храбрая сердцем/Brave) прокатқа қазақ тілінде шықты.
Сонымен… сайт ашылды. Киностан дейтін. Оу баста бірімізде әуесқой сайт, бірімізде блог ретінде күн кешкен идея енші алып, жеке шықты. Болашақта, Құдайым жазса, кем дегенде жиырма қабат болар ғимараттың қазықтары қағылды, іргетасы қаланды, алғашқы кесектері құйылды (стройбригаданың бастығы — @blackbeard).
25 қазанда премьерасы басталатын Ларс фон Триердің «Нимфоманка» фильмінің жарнамалық постерлері шықты. Постерлерде фильмге түскен 14 актер оргазмды бейнелеген.