Көз алдыңда жасалған ғажайып сиқыр

Бүгін тағы бос уақытымды кино көруге арнадым. Күнде қайталанатын үй шаруасынан кейін арасында көңіл көтеріп, демалып көретін «Иллюзия обмана» фильмі сан түрлі фокус, трюктарымен иллюзионизм өнерін тамашалатты.
Фильм – шоу, фейерверк, ғажайып көріністер. Мен үшін бұл фильм үлкен әлемдік сахналарға қоятын көріністі көргендей қуаныш сезімін берді.
Бүкіл уақыт «мұның бәрінің үстінде кім тұр?» деген сұрақпен жұмбақ күйінде өтеді.
Сиқыр — құпияға толы өнер. Жақсы фокустың табыс кепілі төрт қарапайым құрамнан тұрады: алаңдату маневрлері, қолдың ептілігі, әсер ететін көрініс және гипноз. Фильмнің басынан-ақ бізге магияның жоқтығын көрсетеді. Төрт басты рөлдегі кейіпкер — фокуспен айналысып нандарын тауып жүрген жай адамдар. Белгісіз капюшон киген жан бір пәтерде төртеуін түсініксіз мақсатпен кездестіреді. Бір жылдан соң біздің кейіпкерлер «Четыре всадника» тобын құрып, Лас-Вегастың жүрегін жаулауға аттанады.
Сиқыршылардың ізіне ФБР, Интерпол түседі. Қызығы, әртістер фокус арқылы ұрлаған ақшаның бір тиынын да өздеріне алмайды. Әрі қарай қаншама жылдар бойы жоспарланып жасалған қылмыс кек қайтарудың амалы екені анықталады.
Актерлік құрамға келетін болсақ, меніңше, тамаша жинақталған.
Джесси Айзенберг. Мен оны бірінші рет «Социальная сеть» фильміндегі Цукерберг рөлінде көргенмін. Шашы ұзындау болғандықтан ба, бұл жолы көкіректеу, тәуекелшіл кейіпкерді ойнағандықтан ба танымай да қалдым.
Айла Фишер де таң қалдырды. Алғаш рет «Шопоголик» фильмінде көріп, ұнатқан едім. Оған осындай жеңіл, ашық, жарқын мінезді жандарды ойнаған жарасады.
Вуди Харрельсон әдеттегідей харизмалы.
Дэйв Франко – қолының ептілігімен көзге көрінген, түр әлпеті сүйкімді жігіт.
Марк Руффало, Морган Фриман және Майкл Кейн. Мынандай актерлерден құралған фильм өте жақсы болмағанда қалай.
Киностан: Көз алдыңда жасалған ғажайып сиқыр
Әрі қарай

Құқық қорғаудың ыстық қызметкерлері

Киностан: Құқық қорғаудың ыстық қызметкерлері
Тәртіпке бас иген, түзу жолдан таймайтын, өзгеге үлгі болар полиция қызметкері мен қырсық, қыңыр, алдынан келсең тістеп, артынан барсаң теуіп, итіңді шығаратын «нағыз» коптың үзеңгілес болуы — арғы-бергі кино тарихында талқыға түсіп, тізесі шыққан тақырыптардың бірі. «Социалистік Қазақстанға» салсақ, сондайдың жарқын үлгісі ретінде Джеки Чан мен Крис Такер түскен "Сын сағатын" ("Час пик", "Rush Hour") айтсақ болады. Әйтсе де, әйелдер түскен фильмді еске түсіру қиындау. Содан болар, "Ыстық" әлдебір жаңашылдық әкелгендей болды.
Әрі қарай

Жаужүрек Мың бала

Осыдан екі апта бұрын 2012 жылдың 3 мамарынан бастап еліміздің барлық кинотеатрларынан көрсетіліп, алғашқы көрсетілімнен екі апта ішінде — 2 миллион долларға жуық қаржы жинаған Ақан Сатаевтың тарихи-шытырман оқиғалы «Жаужүре Мың бала» фильмімінің DVD нұсқасының тұсаукесері өтті.
Киностан: Жаужүрек Мың бала
Әрі қарай

Кассадагалық қуыршақ театры: быламық



Бұл фильмге жеке пікірімді жазу-жазбау туралы күмән-күдік келіп-ақ қалған еді. Мойын бұрып мән беруге тұрмайтын дүние, бірақ, «Прометеймен» таласып-тармаспай, жүйке талшықтарымды тоққа соқтыртып алайын деген көрерменге арнап сөз сүйкей кетуді жөн көрдік.
Әрі қарай

Эванджелин Лилли: Ұлы актерлердің жанында кішкентай рөлдерде ойнағанды ұнатамын


"Тірі темір" фильмінің Blue-ray және DVD нұсқаларының шығуына орай ұйымдастырылған сұхбатта Эванджелин Лилли аталған жобаға қатысуға не түрткі болғанын айтып, Питер Джексонның "Хоббит: Күтпеген сапар" фильміндегі оның жауынгер эльф рөліне қатысты кейбір жайттарға тоқталды (сұхбаттан үзінді).
Әрі қарай

Көңілсіз аяқтар



Желтоқсанның басты мульт туындыларының бірі — "Көңілді аяқтар 2" болғаны даусыз. Бірінші бөлімі өзгеден ерекше болып туған Мамбл есімді пингвинімен көрермендердің есінде қалып еді. Мамблмен бірге күлдіріп, бірге қайғыртып қойған авторлар екіншісін дәл сол деңгейде ұстай алмаған секілді.
Әрі қарай

Юлий Цезарға жасалған сәтсіз пародия

Сонымен, бүгінгі анонстаған рецензияларымызды ұсынамыз.




«Маймылдар көтерілісін» көргеннен кейін келген ой осындай болды (Тақырып атауын қараңыз).

Ресми суреттемесі естеріңізде ме? Еске салайын: Фильмдегі оқиға қазіргі Сан-Францискода өтеді және маймылдарға генетикалық эксперименттер жүргізген ғалымның төңірегінде өрбиді. Оның тәжірибелерінің нәтижесі маймылдардың интеллект дамуының жоғарғы сатысына көтерілуіне әкеліп соғады. Өздерінің бағыныштылық ахуалдарын түсініп, көтеріліске шығады және адамдарды табиғат иелері атағынан айырады.
Әрі қарай

Балалық шағымның аспаны. Тұсау кесер.



Бүгін Астанадағы «Қазақстан» кино-концерт залында «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген дарынды режиссер Рүстем Әбдірашевтың «Балалық шағымның аспаны» атты көркем фильмінің тұсаукесері болды.

Әрі қарай

Narcos - Пабло Эскобар, кокаин, саясат...

Киностан: Narcos - Пабло Эскобар, кокаин, саясат...

Narcos — Netflix студиясы шығарған сериал. Атақты колумбиялық наркобарон Пабло Эскобардың өмірін, Медельин картелінің құрылуын және жалпы кокаин бизнесінің басталуын суреттейді. 28 тамызда көрсетілімге шыққан сериалдың қазіргі IMDB рейтингі — 9,1 (38 мың адам дауыс берген). Алғашқы маусымы 10 бөлімнен тұрады. Сериал жасаушылар 2-маусымы түсірілетінін де хабарлап үлгерді. Биылғы жылдың үздік сериалдарының бірі болуы мүмкін. Танымал Lostfilm студиясының сапалы дыбыстауымен онлайн қараңыз.
Әрі қарай

Илья Бисеров: «Ел киноға демалу үшін баруы керек»

Киностан: Илья Бисеров: «Ел киноға демалу үшін баруы керек»
Отандық прокатқа келесі айдың ортасында «РОМКОМ. Холостякам тут не место» («РОМКОМ. Бойдақтарға мұнда орын жоқ») атты түркиялық комедия шығады. Қатардағы көп фильмнің бірі деуге келмейді, себебі фильмді орыс тіліне қазақстандық компания аударды. Осы жоба және жалпы ел дубляжы туралы маман ойын білу үшін «КС» туындының аударма режиссері Илья Бисеровтен сұхбат алды. Назарларыңызға ұсынамыз.
Әрі қарай