Эванджелин Лилли: Ұлы актерлердің жанында кішкентай рөлдерде ойнағанды ұнатамын
"Тірі темір" фильмінің Blue-ray және DVD нұсқаларының шығуына орай ұйымдастырылған сұхбатта Эванджелин Лилли аталған жобаға қатысуға не түрткі болғанын айтып, Питер Джексонның "Хоббит: Күтпеген сапар" фильміндегі оның жауынгер эльф рөліне қатысты кейбір жайттарға тоқталды (сұхбаттан үзінді).
«Тірі темір» жобасы несімен сізді қызықтырды?
«Мен Даррен Аронофскийдің „Фонтан“ атты тамаша фильмін көргеннен кейін Хью Джекманмен бірге түскім келіп жүрген еді. Оның сол фильмдегі ойыны мінсіз еді. Сценарийді қолға алуыма да осы себеп түрткі болды. Сөйтіп, мен „Тірі темірдің“ сценариін алдым. Оны қарай бастағаннан-ақ, фильм роботтардың төбелесі туралы екенін білгеннен кейін оқығым келмей қалды — бұл маған тән рөл емес. Бірақ аяғына дейін оқиын деп шешіп, соңына таман денем түршігіп, жылауға дейін бардым. „Құдайым-ау, бұндай фильмдер енді ешқашан түсірілмейді“, — деп ойладым. Бұл бейкүнә, соны және сенім ұялататын оқиға еді. Бұл кішкентай кезімде қараған „Өзге планеталық“, „Рокки“ фильмдерін еске түсірді.
»Жоғалғандар" (Lost) сериалында алты жыл бойына жұмыс істегеннен мен елеулі жобалар іздемедім. «Тірі темір» қуанышыма орай қалыпты, мейірімді жоба болып шықты. Мен оған түскенде аса қиналмай, Хью Джекманмен бірге үш апта бойына кофе ішіп, әңгімелестім. Бұл шынымен де тамаша сәттер".
Атом мен Зевс арасындағы соңғы шайқас қай жерде өтті?
«Детройтта, бір стадионда. Мен тіпті ол жерде спорттың қандай түрлері өтетінін де білмеймін. Есімде қалғаны, сол кезде өзімнің екіқабат екенімді жаңа ғана естіген едім, бұл хабар аталған көріністі түсіру кезінде ойымнан шықпай қойды. Соңында Хьюды құшақтау үшін оған қарай жүгірген сәтте тұла-бойым шымырлап кетті — бойымда сәбиім өсіп келе жатыр еді, ал мен оны ешкімге айтқым келмеді!»
Хью құшақтағанда қатты қысып жіберген жоқ па?
«Ол биік бойлы жігіт, сондықтан оның құшағына ену үшін барынша биікке секіру керек. Өзіңді жоғарыға лақтыруға тура келеді (күледі)».
«Тірі темір 2» шығады деп жатыр. Сіз ол туралы не білесіз?
«Мен де тек сыбысты естідім. Оны растайтындай немесе теріске шығаратындай менде ешбір айғақ жоқ. Бар білетінім — егер ол сөз рас болса, бүгін-ертең іске аса қоймас. Хью мен Шон Левидің басқа да шаруалары бар. Шон маған сиквел түсірілсе, менің кейіпкерім Бэйлиде бірінші фильмге қарағанда рөлі анағұрлым көбірек болады деп айтты. Жалпы мен бүкіл фильмді өзі алып шығатын ұлы актерлердің жанында кішкентай рөлдерде ойнағанды ұнатамын».
«Хоббит» туралы сізден сұрамау кешірілмес күнәдай болар еді. Сіз онда Тауриэль атты Мирквудтан шыққан эльфті сомдайсыз. Ол жауынгер болады деп жатыр. Сол үшін сізге садақ пен қылыш ұстап үйренуге тура келді ма?
«Иә, Тауриэль — жауынгер қыз. Сонымен қатар күзетшілердің басшысы. Әскерде ол тамаша мерген, кез-келген қару түрімен шайқаса алады, бірақ көбінесе садақ пен жебені және екі қанжарды пайдаланады. Ол қауіпті әрі қайтпас қайсар. Қараңғы аллеялардың бірінде оның қолына түсіп қалғаныңызды қаламайтыныңыз анық».
Яғни, Тауриэльдің гномдар тайпасымен байланысы бар ғой...
«Шамасы сіз бірінші бөлімде оның қатысуымен болатын көріністер қаншалықты көп деп сұрағыңыз келген шығар. Оның қатысуы көп емес. Ол соңына таман пайда болады, оның рөлі үлкен емес. Бірақ екінші бөлімде Тауриэль көбірек көзге түседі. Бастапқыда екі сценарийді де оқығанда, менің кейіпкеріме екінші бөлімде де экрандық уақыт аз бөлінген еді. Бірақ кейін рөл кеңейтіліп, үлкейе түсті. Енді маған да жұмыс қосылды, бір жағынан қуанышты болғанымен, екінші жағынан жауапкершілік те көбейді».
Жаңа Зеландиядағы «Хоббит» түсірілімдері мен Гавай аралдарындағы «Жоғалғандар» түсірілімдерін қалай салыстырар едіңіз?
«Алған әсерлерден ұқсастық байқалады. Дегенмен Оңтүстік аралдың сұлулығына тәнті болдым. Табиғаттағы түсірілімдер шынымен де ғажайып жерлерде жүріп жатыр. Әрі қарай да солай болады деп үміттенемін».
Дерек көзі: EW
Актерлік қасиетін сол кезде байқауға болады. Бір сарынды рөлдер ойнай білу шеберлік емес.
болады ма? Әлде «Тірі болат» болады ма?
Ал, «Тірі болат» дегенде көзге жай ғана Әщөктің ағасы Болат елестегендей болат даЧ