Тіл ащы да болар, тәтті де болар, жұмсақ та болар, қатты да болар

Мынау не Америка ашып отыр деп айып етпессіздер, бірақ сізбен бөлісуді жөн көрдім. Бәріміз де қазақ тілін жетік білгенімен кейбір сөздер тап болғанда мағынасын тіпті болжай алмайтын жағдайлар болады. Әңгіме, повесть оқығанда сөздік қорымыз біртіндеп баи беретіні рас. Бірақ бәрінің де оқып, оны сүзіп отыратын уақыты жоқ қой. Сондықтан қысқаша…
Қалиқан Ысқақовтың «Бөде» атты әңгімесі бар. Бөде деген не екен деп ойланып қалған боларсыз. Ойланып қалдыңыз ба?
Әрі қарай

Қазақ астрономиясы

Көшпелі өмір салтын ұстанған ата-бабаларымыз ауа райын өздерінше болжап отырған. Ұшқан құстың, жүгірген аңның белгілерімен қатар, аспан денелерін де өздерінше зерттеген. Қазіргі уақытта (тамыз айының 22сінен қыркүйектің 21іне дейін-ау деймін, шатаспасам) түнгі аспандағы жұлдыздарға тағы бір жұлдыздың қосылатын шағы. Бұған дейін де ол жұлдыз болды, орнында тұрды тек осыншалықты анық көрінбейтін. Бұл сүмбіле жұлдызы. Осы Сүмбіле жұлдызы туған шақтан бастап өзен-көлдердің суы ептеп салқындай бастайды. Қазақта «Сүмбіле туа су суыр» деген сөз бар.
Бұдан кейін Таразы жұлдызы көрінеді. Бұл жұлдыз жайлы да «Таразы туа таң суыр» деген қағида тастап кеткен екен бабаларымыз.Кейбіреулер «Тау суыр» деп те айтады.Расында да осы уақытта жайлауда, тау арасында болсаңыз түннің де таңның да салқындағанын байқауға болады.

Сүмбіле жұлдызының суретінің алынған жері
Әрі қарай

Ара қашықтық өлшемдері

Қазақ халқының сөздік қоры расында да Нұрғиса ағам «Пай-пай!» деп таңдайын қаққандай ғой…
Қазақ халқының ара қашықтыққа қатысты өлшем атаулары туралы да осылай деуге болады. Халқымыздың таным-түйсігіне, тұрмыс салтына, кәсіп еткен шаруашылығына
Әрі қарай

Пай, пай, шіркін, қазақтың сөздерін-ай...

(40.12 Kb, 300x300)

Әбіләкім "мойындапты". Ерлікке татитын, соған баланатын тұс ол. Асабалыққа мән һәм шырай кіргізудегі басты алғышарттарды түйіндей білді деп білемін.

«Мойындаудан» шығады. Қарап отырсаңыз, қазақ сөзінің шығу тегінде де заңдылық бар. «Мойындай»
Әрі қарай