Мойын шынықтыру
Кезінде блогымда жарияланған дүние еді. @dauren85'тің бүгінгі «Омартасынан» кейін іле-шала ілген сиқым.

bk
Қайталайық тағы.
… мойын жаттығады
Сағындыңдар ма әлде?!
Созылайық, керіліп,
Оңға — солға бұрайық.
Кімдер тұрса ерініп,
Тоқпақтайық, ұрайық!
«Жүрдім-бардым істей сал»
Қашқақтардың ойы ма?
Ширақтау бол, тағы сәл-сәл
Қан жүгірсін бойыңа.
Буыныңды жіпсіткен,
Блог — терапевт, блог — емші!
Өзіңе-өзің істет те
Еңсеңді бір көтерші!
www.nurgisa.kz
Керемет екен!
Болып еді бір мәрте,
Қайталайық тағы.
Сағындыңдар ма әлде?!
… мойын жаттығады
Аккуратный екенсіз ғой!!!
Дұрысы көркем жазу еді.
Біздің жазу..
Шыны керек, соңғы кездерде комп алдында көп отыратындықтан, мойныма үлкен зақым келуде. Ал мынандай жаттығулар керек-ақ.