Пай, пай, шіркін, қазақтың сөздерін-ай...
Әбіләкім "мойындапты". Ерлікке татитын, соған баланатын тұс ол. Асабалыққа мән һәм шырай кіргізудегі басты алғышарттарды түйіндей білді деп білемін.
«Мойындаудан» шығады. Қарап отырсаңыз, қазақ сөзінің шығу тегінде де заңдылық бар. «Мойындай» — мойыннан, басты изегенде мойын да ширақ қимылдайды.
Дәл осы сияқты «бастау» бар. Әр ненің қайнаркөзі, бастау бұлағы — басы. «Бастап жібер!», «Тамақты бізсіз бастай беріңдер», керекинфода «Тақырып баста» дейміз.
"Қолдау" да бар. Әл кеткен әлдекімге, қолынан қауқар кеткен әлдебіреуге қолдау көрсету игі іс. Тәрбиекөргендіктің белгісі.
«Аяқтау» болмай тағы болмайды. Кино бас-аяғы бір жарым сағатқа созылды дейміз рецензия беріп жатып. «Осы тәтті мезеттер аяқталмаса екен!» деп қиялдайды қос ғашық.
«Көздеу» бар. Құралайды көзге ататын мергендер дәл көздейді. Сосын, келісімшарттар да белгілі бір мақсаттарды көздейді.
Қарап отырсаң, ауызекі тілде күнделікті қолданыс аясындағы сөздердің шығу этимологиясын зерделей түскенге ұғынар қарапайым заңдылықтар шаш-етектен.
Осы жазбамен бастау алып отырған аттас қауымдастыққа жанашырлар қолдау көрсетуді көздесе, жақсы бастама жақын арада аяқтала қоймасын мойындап көрейік. Қазақшаға тіл ұстарту бір бөлек, сөзжасам алгоритміне зейін қою бір бөлек. Отыз тістен шыққан әрбір сөзімізді таразылап, мән-мағынасын салмақтай отыруға машықтанайық.
Герольд Бельгер «айналайын» сөзін аудару оңай емес екенін түртіп өтіп еді. Иә, колориті қанық сөз. Беріп көр! Өзге тілде… Дәл сол сияқты, меніңше, "әйтеуір" сөзі де оңайға соқпайды. "Қарызымды қашан қайтарайын?" "Әйтеуір, берсең болды" (When should I pay the debt? — Never mind (I don't care), any time you would be able to afford).
Одан соң кейбір шығармалардағы жылқының сипаттамасын, табиғат көріністерінің бет-бедерін берудегі жазбагерлердің шеберлігі ересен. Оны аударуды айтсайшы… Дәл сол тектес әдемі анықтауыш пен әсерлеуіштер, балауыштар жоқ қой.
Айналайын – чудесное слово,
Жаль, что русский его не поймет.
Объяснить я готов ему снова,
Только бедно звучит перевод.
Айналайын, твоими губами,
Пусть нелепо оно звучит,
Но другими иными словами,
Ты не сможешь его заменить.
Ты Сережу Есенина помнишь?
«Шаганэ, ты моя Шаганэ»
Айналайын – захочешь, запомнишь!
Повтори айналайын при мне.
Пусть оно будет нашим паролем,
Именами твоим и моим…
Мы казахи с любовью и болью,
О любимых своих говорим.
Айналайын, тебя называю…
Если хочешь понравиться мне
Называй ты меня айналайын,
Как Есенин свою Шаганэ.
жақсы сөз, жаныма жақын.
Өлеңді оқып, қатты ұнап қалған еді… авторын іздеп әлекпін…
не диміз енді, да завидно
Тілдің қызметі ақпарат тасымалшысы болғандықтан, мазмұнға көп көңіл бөлмесе де жарамайды.
Кей жазбаларды қарасаң, ойың үнемі автордың жазбасынан озып отырады. Балғамен екі ұрып кіргізетін шегені қысқашпен мәнерлеп бұрап кіргізгендей әсер аласың.