Ауа ылғалдандырғыштары дегеніміз не және ауаны ылғалдандыру қажеттігі неде

Адам ағзасы 90% судан тұрады, егер ауа ылғалдығы жеткіліксіз деңгейде болса, онда бұл жағдай адам ағзасының шөлдеуіне тікелей байланысты болады. Көбінесе біз оның жағымсыз әсерін тек жекеленген түрінде ғана көреміз, ол көздегі және тамақтағы құрғақтық сезімі, тамақтың ауруы, шашта қайызғақтың пайда болуы және тұрақты түрде терінің құрғауы мен ұсақ жарықшақтардың болуын көрсетеді. Сыртқы әсерлерден басқа ылғалдың жетіспеуі одан да елеулі жағымсыз әсерлерден көрінуі мүмкін: тұрақты шаршау, әлсіздік, ересектердің жұмыс қабілеттілігінің және балалардың үлгерімінің төмендеуі, жиі суық тиіп ауыру, нашар ұйқы, терінің ерте қартаюы, аллергия, жөтел, мұрын қуысының құрғақтығы немесе тұрақты мұрын бітуі, шырышты қабық осындай жағымсыз әсерлер арқылы құрғақтықты жеңуге тырысады.
Біз мұның себепшісі ретінде дәруменсіздікті, экологияны және басқа да факторларды кінәләуға болады, бірақ біз дәрумендер қабылдап, көбірек су ішіп, қымбат кремдер мен сусабындар пайдаланып уақытша әсер алуымызға болады. Мұның себебін анықтап, онымен күресуіміз керек, содан кейін ғана салдарын жоямыз.
Бәрінен де көбірек құрғақ ауаның салдарынан балалар зардап шегеді, әсіресе жаңа туған сәбилер: сәби дүниеге көз ашқан кезіне дейін оны қорғайтын сұйықтықта болды, ал енді нәзік тері мен шырышты қабық агрессивті қоршаған ортаның әсерінен құрғайды, сондықтан ауаның ылғалдылық деңгейі ересектер үшін 40 – 50% болса, ал балалар үшін бұл көрсеткіш 50 – 60% және одан да жоғары болуы тиіс.
Құрғақ ауадан тек қана адамдар мен жануарлар ғана зардап шекпейді, сонымен қатар гүлдер (кактустардан басқа), ағаштан жасалған бұйымдар, бұл әсіресе паркет, жиһаз және музыкалық аспаптардан көрінеді, еден мен жиһаз құрғап, сықырлай бастайды, ал пианино мен гитараның дыбысталуы нашарлайды.

Ауа ылғалдандырғыштардың түрлері
Ауаны сергітетін ылғалмен толтыру үшін – фонтандар орнату, жиірек ылғалды тазалау жүргізіп тұру, гүлдер немесе аквариум қоюға болады, бірақ ең дұрыс шешім ол ауа ылғалдандырғыш алу. Бұл құрал үй-жайдың микроклиматын қысқа мерзімде қолайлы жасауға қабілетті. Жағымды бонусы – шаң ауада ұшпай тезірек еденге қонады, оған бөлмеде тазалық пен балғындықты ұстап тұру үшін кәдімгі кесте бойынша ылғалды тазалау жүргізу жеткілікті болады.
Ауа ылғалдандырғыштардың құрылымы мен функциялары әр түрлі келеді: ең қарапайымдары тек қана ылғалды буландырады, ал неғұрлым күрделі түрлері қосымша ауаны тазартып, көп функциялармен жабдықталуы мүмкін. Іс жүзінде құрал дизайнын кез келген интерьерге таңдауға болады, ол бөлме безендіруінде винтаждан хай-текке дейін назар тартатын жарқын әрі көрікті немесе бейтарап дизайнды құрал таңдау.
Булану технологиясы
Ауа ылғалдандырғыштардың буландырғышының тек қана дизайны арқылы ғана емес, құрылымы бойынша да таңдауға болады.
Ең қарапайым, сенімді және тиімді ауа ылғалдандырғыш – табиғи булануы бар дәстүрлі ауа ылғалдандырғыштары. Шағын желдеткіш корпусына ауа сорып, айналмалы пластиналардың арасынан өткізіп, барабанның төменгі бөлігінде суланады. Ауадағы шаң-тозаң барабан дискілеріне тұнып суда қалады, ал тазартылған және ылғалдандырылған ауа қайтадан бөлмеге жіберіледі.

Сондай-ақ, айналатын пластиналардың орнына, шаң-тозаңды және ауаны ылғалдандыратын суланған сүзгі-губка орнатылған модельдері де бар.
Ал ең көп таралғандары – ультрадыбыстық ауа ылғалдандырғыштары. Су ең жұқа мембранаға түсіп, ультрадыбыстың әсерінен тербелетін суық буға айналады. Оларға тек тазартылған суды құюға ұсынылады, әйтпесе су буымен бірге заттардың үстіне ақ өңез түсетін болады.
Тағы бір кең таралған технология – ол бу ылғалдандырғыштары. Құралдың ішіндегі қыздырғыш элемент суды буға айналдырады. Бу ылғалдандырғыштары мен ультрадыбыстық ылғалдандырғыштар қауіпсіз және ыңғайлы, бірақ ылғалдың көп бөлінуіне себепші болады, сондықтан ауа ылғалдандырғыштарына қоса ылғалдылық деңгейін өлшеу үшін гигрометр алу керек.
Ауа ылғалдандырғышты қалай дұрыс таңдау керек
Әрбір ылғалдандырғыш технология жеткілікті дәрежеде тиімді келеді, оны таңдау тек қана сатып алушыға байланысты. Бірақ бірнеше ерекше тұстарына көңіл бөлу қажет.
1. Ауа ылғалдандырғыштың су резервуары неғұрлым үлкен болса, онда ол соғұрлым ұзағырақ су толтыруды талап етпейді.
2. Егер резервуарды негізінен шешпей толтыратын мүмкіндігі болса, онда ол анағұлым ыңғайлы келеді. Тасымалдау ыңғайлылығы үшін тұтқасы бар модельдерді таңдау қажет.
3. Ауа ылғалдандырғыштың келесідей индикаторлары болуы тиіс: суды толықтыру, тазалау қажеттігі (егер сүзгілер алмалы-салмалы немесе ауыстырылмалы болатын болса).
4. Аударылып кету және су болмаған кездегі қауіпті жағдайлардан сақтайтын автоматты өшіру.
5. Түнгі немесе тынық режімдері көмескі жарықтандыруды өшіреді, шу деңгейін азайтады — ауа ылғалдандырғыш тіпті ең сергек ұйқыны бұзбайды.
Қосымша функциялары пайдалы, әрі қолайлы келеді.
1. Білте шам функциясын орындай алатын әдемі жарықтандыру.
2. Стильді дизайн кез келген бөлме интерьеріне сәйкес келеді, балаларға арналған модельдері бүлдіршіндерді қуантатын ойыншықтар түрінде жиі орындалады.
3. Кірістірілген дисплей баптау параметрлерін көрсетеді: жұмыс режімін, уақытты, кейде ауаның бөлмедегі жай-күйін көрсетеді, ылғалдылықты өлшейтін құралы – гигрометрмен де жабдықталуы мүмкін.
4. Таймер құралды белгіленген уақытта, ұйқыдан оянған кезде, үйге немесе кеңсеге келген кезде үй-жайда қолайлы жағдай жасау үшін қосады.
5. Ауаны хош иістендіру демалуға және көңіл күйді көтеруге көмектеседі.
6. Ауаны иондандыру ауаны теріс зарядты бөлшектермен толтырып, жағымсыз иістерді және статикалық электр зарядты жояды.
Ауа ылғалдандырғышты бірінші рет қосқан кезде немесе ұзақ үзілістен кейін пайдалана бастағанда, оның бөлмедегі ылғалдылығы өте баяу артатын болады, себебі су бөлшектері айналадағы жиһазға, еденге, қоршаған заттарға сіңіріп алады, тек содан соң ауа ылғалға толатын болады.
Су мен ауа – Жер бетіндегі барлық тірі организмдердің маңызды элементтерінің бірі. Біз тек жанама түрде ғана ауаға әсер ете аламыз, ол біз көп уақыт өткізетін үй мен кеңседе қолайлы және денсаулыққа жайлы жағдай жасауға мүмкіндік туғызу біздің қолымызда.

OnePlus One. Ол не және қалай сатып аламыз?

OnePlus One смартфоны туралы Фейсбуктегі бір досымның постынан оқып едім. Кейін видеошолулар арқылы толық білгеннен кейін кәдімгідей қызығып кеттім. Әйеліме дұрыс телефон керек болып жүр еді, туған күніне сыйлық жасайын деп шештім.
Hi-tech: жаңалықтар, аналитика, шолу, hardware, software, гаджеттер және т.б.: OnePlus One. Ол не және қалай сатып аламыз?
Телефонның сипаттамасы:
Фотокамера — 13 мп
Алдыңғы камера — 5 мп
Видео кеңейтілімі — 3840x2160
Процессор — Qualcomm Snapdragon 801, 2500 МГц
Процессор ядросы — 4
Ішкі жады — 64 Гб
Жедел жады — 3 Гб
Батарея сыйымдылығы — 3100 мАч

Бұл кереметтердің барлығы $349 долларға (шамамен 64 мың теңге)! Жазда жүргізілген тестілеу кезінде, смартфондардың өнімділігін тексеретін AnTuTu бағдарламасы OnePlus One-ға бірінші орын беріпті. Бұдан бөлек, телефонның 16 Гб-тық түрі бар, ол 299 доллар.

OnePlus One брендінің лозунгы: «Смартфондарды өлтіруші». Интернетте оқыған шолуларымның барлығы дерлік бұл лозунгтың растығын алға тартады. Бұндай артықшылықтар соңғы шыққан ірі брендтердің телефондарында да бола бермейді.

Бір ғана минусы бар: OnePlus One смартфоны еркін сатылымда жоқ. Ресми сайтына тіркелген қолданушылар инвайт арқылы сатып ала алады. Оның өзінде инвайтты қанша күтетінің белгісіз.

Инвайт алу жолдары
Hi-tech: жаңалықтар, аналитика, шолу, hardware, software, гаджеттер және т.б.: OnePlus One. Ол не және қалай сатып аламыз?Неге тек қана инвайтпен сатады? Бұған жас компанияның өндірістік қуатының әлі дұрыс жолға қойылмауы себеп болып отыр. Бір жағынан олар жаппай сатылым өзін ақтамай қала ма деп қорқатын көрінеді. Сондықтан, тек шақырулар арқылы сатылып жатыр.

Бірақ жақында жақсы жаңалық естідім: Смартфон енді еркін сатылымға шыға бастамақ. Алғашқыда 20 қаңтарда деген, бірақ уақыт тағы кейінге шегерілген секілді.

Енді инвайтты қалай аламыз? Егер сайтына тіркелген болсаңыз, олар кейде сауалнама жүргізеді. Сервистерін жақсарту мақсатында. Сондай шараларына белсене қатыссаңыз — көп кешікпей сілтеме түрінде инвайт келеді. Сілтемеге өтіп, инвайтты іске қосасыз. Сосын сайттың бастапқы бетінен телефонға тапсырыс бересіз.

Екінші тәсілі — ресми сайттағы форумнан сұрау, соның ішінде Ресейге арналған форумынан. Біреулерге инвайт келіп тұрса және ол өзіне керек болмаса сол жерде бөліседі (біреулер тегін, біреулер ақысына). Мен осы тәсілмен алдым. Сұраншақтар сізсіз де ол жерде көп, сол себепті тегін алу үшін барынша аяушылық сезімдерін тудыратындай себептер келтіріп сұраңыз :)
Hi-tech: жаңалықтар, аналитика, шолу, hardware, software, гаджеттер және т.б.: OnePlus One. Ол не және қалай сатып аламыз?
Кейін өзіңізге инвайттар келіп тұрса, бөлісуден қашпаңыз. Онсыз да инвайт 24 сағатқа жарамды.
Hi-tech: жаңалықтар, аналитика, шолу, hardware, software, гаджеттер және т.б.: OnePlus One. Ол не және қалай сатып аламыз?
Ал үшінші тәсілді қолдануды ұсынбас едім: қазір eBay интернет-аукционында инвайт саудасы өршіп тұр. Алғашқыда осы жерден алмақ болып едім, аукционға қатысушылар бағаны өсіріп-өсіріп, бір инвайттың бағасы телефонның жарты құнына дейін жақындады. Оны тастап кеттім де, форумнан сұрастырып тегін алдым.

Қалай тапсырыс береміз
OnePlus One әкімшілігі тапсырысты тікелей Қазақстанға жеткізе алмайды. Сол себепті курьерлік қызметтер көрсететін фирмаларға жүгінеміз. Маған біреулер usa-kaz.com сайтын ұсынған еді. Соның мысалында көрсетейін.
Сайтқа тіркелеміз, тіркелгеннен кейін сізге Америкадағы мекен-жайларын береді:
Hi-tech: жаңалықтар, аналитика, шолу, hardware, software, гаджеттер және т.б.: OnePlus One. Ол не және қалай сатып аламыз?
Осы мекен-жайды OnePlus One сайтында смартфонға тапсырыс бергенде көрсетеміз. Телефон алдымен соларға жеткізіледі. Ал әлгі фирма тауарды қабылдағаннан кейін Қазақстанға жібереді. Қызмет құны — 1 кг үшін 20 доллар (шамамен 3600 теңге). 0,60 кг болатын смартфонды жеткізу құны маған 13 долларға шықты.

Қызметін қалай төлеймін
Usa-kaz.com сайтында «Мой баланс» бөлімінде жеке профиліңізге ақша енгізу тәсілдері көрсетілген. Мен жалақы картамды PayPal сервисіне жалғадым да, сол сервис арқылы өз профиліме аудардым. Ал профилдегі ақшаны төлем кезінде өздері шешіп алады.
«Мои посылки» бөліміне тапсырысты салғаннан кейін, оның жүру жолын, қай статуста екенін бақылап отырамыз:
Hi-tech: жаңалықтар, аналитика, шолу, hardware, software, гаджеттер және т.б.: OnePlus One. Ол не және қалай сатып аламыз?
Өздеріңіз көріп тұрғандай, посылканы 10.01.2015 ж. енгіздім, араға 12 күн салып 22-сі күні тауар Алматыға жеткізілді. Алматыдағы кеңсесіне хабарласып, 23-і күні смартфонды алып кеттім.

Жоғарыда айтқанымның бәрі OnePlus One смартфонының америкалық (немесе халықаралық) нұсқасына қатысты. Егер бұл процедураларды ұзақ, қолайсыз деп шешсеңіз — Алматыдан қытайлық нұсқасын тауып қалуыңыз әбден мүмкін. Бірақ бағасы әжептәуір қымбат болады, кем дегенде 80-90 мың теңгеге шығады. Ал Америкадан тапсырыс берген телефоным — жеткізу құны, комиссия, қырт-сырттарымен қосып бәрін есептегенде 73 мың теңгеге шықты.

Сосын Қытайда өндірілген OnePlus One-да «глюктер» бар деп жатыр. Әсіресе, аудармасы ақсап жатса керек, жүйенің кейбір жерлерінен иероглифтер көріп қалуыңыз әбден мүмкін.

Алданып қалмаңыз
Егер Қазақстаннан алуға шешім қабылдасаңыз, сізге телефонның Америкадан әкелінгенін айтып, сатушы құлақтан тебуі мүмкін. Ондайда Қытай мен Америкада өндірілген смартфондардың арасында бір сыртқы айырмашылықты естен шығармау керек:
Hi-tech: жаңалықтар, аналитика, шолу, hardware, software, гаджеттер және т.б.: OnePlus One. Ол не және қалай сатып аламыз?Халықаралық нұсқада корпустың артқы жағында Cyanogen деген белгі болады, ал қытайлықта — жоқ.

Қысқаша осы, қосымша сұрақтар болса білгенімше жауап беруге әзірмін :)

P.S. Әйелімді танитындар, оған айтпай тұра тұрыңдар. Туған күні ақпанда :)
Әрі қарай

Журналистің ұялы байланыс қызметі

Hi-tech: жаңалықтар, аналитика, шолу, hardware, software, гаджеттер және т.б.: Журналистің ұялы байланыс қызметі

Байқамай телефоныңды үйде тастап кетсең, жаныңды бірге тастап кеткендей болатын заманда ұялы байланыстың сіз бен біздің өмірімізде қандай үлкен рөл атқаратынын ашып жаза бастасам, сәлден кейін сізді есінетіп-құшынатып, ұйықтатып аламын ба деп қорқамын. Сондықтан, жай ғана жазбаның журналистер өміріндегі ұялы байланыстың қандай маңызға ие екені, олардың қай оператор қызметін пайдаланатыны туралы екенін айта салайын.
Әрі қарай

Ой мен қырды аралап, S4 кетіп барады...


Бір ай. Адам өмірі үшін аз уақыт емес. Жұмысқа тұрсаң да, универ бітірсең де, отбасын құрсаң да, бала тапсаң да, басқа бір жаққа көшіп кетсең де, артығымен жететін мерзім. Бір ай ішінде, сосын, қазақтың үш қаласын аралап шығуға болады. Аралап деген сөзге баса көңіл бөліңіз. Осыдан отыз күн бұрын SamsungRoadShow промо-турының аясында Samsung бес қаланы бетке алып, тұтынушылар техникасының жаңа өнімдерін сықырлата тиеп, салдырлатып жолға шыққан-ды. Оңтүстік Корея алыптарының бірі міне айға жуық уақыт бойы алаша-даланы кезіп жүр. Артта әсем Астана, сулы-нулы Өскемен және роуд-шоуға аузын-мұрнынан шығып, ағылып адамы келген Павлодар қалды.
Әрі қарай

Мен күтіп жүрген форум

Алматы қаласында 23-24 мамырда Достық қонақ үйінде төртінші рет өткізілейін деп отырған InternetCA-2013 форумы жайлы естіген боларсыңдар (әрине, менің әлеуметтік желіге қоймай жазуымнан).

Шыны керек, бұдан алдыңғы форумдарға қатысып көрмедім. Бірақ, керекті ақпараттармен таныстыратындығы анық. Осы форумды ерекше күтіп жүрмін. Мұның бірнеше себептері бар.

Интернеттің жұмысы жайлы толық білмейтін мен үшін бұл ең алдымен қызық. Қазақстандағы интернеттің техникалық тұрғыдан жүзеге асуы, ғаламтордың құрылымы, сайттардың дүниеге келуі, бұл торда өзіңе қатысты ақпараттардың конфедициалдығы, құқықбұзушылықтардың заңдық тұрғыда жазалануы, жалпы Казнеттегі барлық-барлық өзгерістер туралы ақпараттанғым келеді. Болашақта осы салаға қатысты жобаларымды жүзеге асыруға көмектеседі деп ойлаймын.

Көкейдегі сұрақтар;

Бір жағынан шет елден келетін сарапшылардың қорғайтын тақырыбы да қызығушылығымды оятпай қоймады. Халықаралық ұйымның өкілі ретінде арнайы шақырылған ЕҚЫҰ Өкілдігінің БАҚ-тағы сөз бостандығы мәселелері жөніндегі бюросының директоры Андрей Рихтердің «Международные стандарты правового регулирования Интернет» және Литвадағы Журналистер Одағының басшысының "Әлеуметтік мәселелерді шешудегі креативті интернет-шешімдер" тақырыптары қызықтыра түсті. Біз білетін құқық реттеушіліктен басқа не айта алар екен, не қоса алар екен? Аталған сауалдарға форумда көңілге қонымды, пайдалы, тың жауап аламын деп үміттеніп жүрген жайымыз бар. Бізге дейін түрлі интернет саласына қатысты форумдар, конференциялар өткізіліп жатқандығын ескере отыра, өз басым осы күнге дейін тыңдамаған мына бір тақырып назарымды аударды. «Проблемы доступа к правовой информации на интернет-ресурсах государственных органов Казахстана» атты баяндаманы ЖШС «Компания «ЮрИнфо» бас директоры Игорь Лоскутов оқиды. Сонымен қатар, форумға Қазнеттің біз білетін белгілі тұлғалары да баяндама оқып, презентация қорғайды. Қазақ интернетінің дамуы жайлы баяндамалар форумға баланс береді. Садық Шерімбек, Жалғас Ертай, Нұрлан Құлымбетов сынды бізге белгілі тұлғалар презентация қорғайды.(Садық пен Нұрланның презентация қорғағанын көрмеппін) Тақырыптар мен интернетке қызығушылықты бірінші себепке жатқызып келесі себепке көшейік.

Көптен көрмеген достарды көріп, улап-шулап қалу;

Блог саласында, жалпы интернетте араласатын достарыңның көп болғандығына не жетсін?! Күнде кездесуге кейде мүмкіндік, кейде уақыт, кейде,әлің жетпейді. Монитордың артынан хал-жағдай сұрау әдеттегі дүние. Офлайндағы кездесу достардың жаңалықтарымен бөлісуіне, жаңа идеялардың туындауына, Тимур айтпақшы, аралас-құрмалас сөйлемдер айтуға мүмкіндік береді. Облыстардан жиналатын, форумға әдейілеп келген достармен тағы бір рет кездесіп, фотоаппаратқа шырт-шырт етіп суретке түсіп, «былай түсір, менімен түс, мында түсір» деген әңгімелер, бітпейтін тақырыптарда бөсуге күшті мүмкіндік. Кездесулер адамдарды жақындататыны сөзсіз.

Менің жыр болған бір жылдық дипломым;

Неменеге дипломын «пихать» етіп отыр деп сөкпеңіздер. Бұл мен үшін жыры ең көп, жатсам-тұрсам, жұмыс істеп отырсам да, жазып отырсам да ойлайтын ең ауыр, психозды ой. Жылдың басында тақырыбымды бекітіп алып бір жапырақ жоспармен, әлі шегіртке болып жүрмін. Неге жазбайсың енді? Е ее е еее-йй, жоқ оған материал, жоқ! Қазақстандағы алғашқы БАҚ сайттарының пайда болуы жайлы энциклопедия жазған адамды он рет аспанға лақтырар едім. Орысша материалдар болғанымен фотожурналистикаға қатысты кітап жоқ. Сонша шаршайтындай, қандай тақырып? «Отандық сайттардағы фототуындылардың ақпараттық мазмұны мен ерекшеліктері» деген фотожурналистикаға қатысты бір түйір ғана қазақша кітап бар тақырып. Бір түйір кітаптың өзі де фотожурналистикаға емес, фотографияға арналған.
Форумға келген қатысушылар мен қонақтардан, диктофонымды арқалап сұхбат алып, дипломдық жұмысыма материал жинаймын. Егер келейін деп жатсаңыздар маған көмегі тиетіндей материалдарыңызды арқалай келсеңіздер жақсы болар еді… Елдің зығырданын қайнатып, қисық-мисық сұрақтарымды қойып аламын деп жүрмін. Көрерміз қалай боларын…

Мен үшін осындай маңызды себептер бар. Сондықтан достар, сіздердің жарқын жүздеріңізді көріп, бас ауыртатын проблемалардан алыстағыңыз келсе, форумға келіңіз. Сіз сөйлемесіңіз мен сөйлеймін.

Жолда келе жатып адресті ұмытып қалып жатсаңыздар: Алматы қаласы, «Достық» қонақ үйінде (Құрманғазы к-сі 36, Қонаев к-сі қиылысы. Мамырдың 22-23 күні таңертеңгі сағат 09:30-да тіркеуде көріскенше.

Не да, не ғой, материал, ақпарат ұмытпаңдаршы… болып жатса…
Әрі қарай

Samsung компаниясының Қазақстандағы алғашқы ресми бренд-шопы ашылды


Samsung компаниясының Алматыда, Арбатта Орталық Азия мен Кавказдағы алғашқы бренд-шопы, фирмалық дүкені ашылды. Бағана басымды қатырып сонда барғам. Не болар екен деп.
Әрі қарай

Көшіріп алыңыз: Құран сөздерінің мазмұндық анықтамалығы 1.0

Құран сөздерінің мазмұндық анықтамалығы көшіріп алу

Программаның жабық тестіне қатысқан барлық КерекИнфолықтарға алғысымды білдіремін!

2011 жылы молда құрдасым Жомарт Батырбеков (aka kariim) сириялық дінтанушы ғалым Әлу Бәссамның "Құран сөздерінің мазмұндық анықтамалығы"(المعجم المفهرس لألفاظ القرآن العزيز) атты кітабын қазақ тіліне аударып, кітап басып шығарған болатын. Сіздердің назарларыңызға сол анықтаманың электронды нұсқасын ұсынып отырмыз.
Әрі қарай

Facebook-тағы ауру бала туралы скамдарды қолдамаңдар



Фейсбукта жиі көретін шығарсыңдар ауру балаға көмектесу үшін лайк бас деген сурет-жарнамаларды. Әр лайкқа Фейсбук 1 цент төлейді деп жазылады. Бұлар ешқандай да шын ниетпен жасалып отырған көмек емес. Фейсбук соншама жауыз емес қой, ауру баланың суретін ұнаттың деп ақша төлейтіндей.
Әрі қарай

Incredibox-пен әуен жаса!

Инетті шарлап отырып қызық сайтқа тап болдым.Сайтта әр түрлі дыбыстардан музыка жасауға болады.
Маған қатты ұнады.

Бұл ойынның екі нұсқасы бар екен.
1- www.incredibox.com/version1/
2- www.incredibox.com/en/#/application



Видео



Сайт

www.incredibox.com
Әрі қарай

Mini IT жаңалықтар I

ASUS Padfone бағасы белгiлі болды: тек қана телефоны=681 доллар, телефон+планшет+стилус қалам+блутуз құлақшың=850 доллар, бұлардың барлығы+пернетақта Док =980 доллар.
HTC соңғы күндері бірнеше жаңа телефондарын таныстырды: HTC Evo 4G,HTC One X.казіргі кездегі ең сапалы екран қолдануда бұл екі телефон Super LCD II.
Apple жаңадан телевизор шығарады деген өсектер бар.
Fileserve, Wupload тек қана бұлыт жүйесіне өткендерін хабарлады.Пираттық жүйелерді бітіргісі келетіндерің саны көбейіп барады.
LG Mobile ойлау қабілетіне ие телефон жоспарлары бар екенін хабарлады.
Nissan 2013 жылынан бастап Infiniti моделлерінде Intel Atom процессорларын қолданбақшы.
Pinterest қазіргі кезде әлемнің үшінші ең танымал әлеуметтік желі атағына ие болды.
Әрі қарай