Көшіріп алыңыз: Құран сөздерінің мазмұндық анықтамалығы 1.0

Құран сөздерінің мазмұндық анықтамалығы көшіріп алу

Программаның жабық тестіне қатысқан барлық КерекИнфолықтарға алғысымды білдіремін!

2011 жылы молда құрдасым Жомарт Батырбеков (aka kariim) сириялық дінтанушы ғалым Әлу Бәссамның "Құран сөздерінің мазмұндық анықтамалығы"(المعجم المفهرس لألفاظ القرآن العزيز) атты кітабын қазақ тіліне аударып, кітап басып шығарған болатын. Сіздердің назарларыңызға сол анықтаманың электронды нұсқасын ұсынып отырмыз.

Анықтама құрылымы қарапайым әрі оңай. Бірінші сұрақ туындауы мүмкін нысандар тізімі көрсетіледі. Мысалы сізде: «ағаш туралы Құран Кәрім не дейді?» деген сұрақ туса, тізімнен АҒАШ сөзін тауып алып, үстінен екі рет шертесіз. Ашылған терезеде АҒАШ түсінігіне байланысты туындауы мүмкін сұрақтар тізімі шығады. Сол тізімдегі қажетті пунктті түрту арқылы, сіз нысан туралы сөз қозғалған Құран Кәрімнің сүрелері мен ондағы аяттарға сілтемені табасыз.

Кімдерге арналған: теологтарға, мешіт қызметкерлеріне, ізденушілер мен жалпы оқырманға.
Жүйелік талаптар: Windows XP және одан жоғары нұсқалардыің барлығы, 32/64bit. Дискіден бос орын: 10 МБ. RAM: 32 мегабайт және одан жоғары.

Бұған қоса Android/Windows Phone/iOS/Linux (Debian)/MacOS жүйелері мен JVM-ді кез келген қалтафонға арналған нұсқалары тест кезеңіне жіберіліп, осы нұсқаны функционалдық байыту жұмыстары жүргізілуде.

Алыңыз! Пайдаланыңыз! Сынаңыз!
Бөлісу:

17 пікір

asaubota
түсінгенім бұл тек анықтамалық қой? тақырыпты тауып, Құранның қай сүресінде екенін ғана көре аламыз?

темекі, тендер деген сөздерді іздеп көрдім. Құранда айтылмаған екен

техникалық тұрғыда көзге көрінердей қате шығып тұрған жоқ. тек программа аты ғана менде (Win-ХР) квадрат болып тұр қазақша әріптер.
technosyndrom
Екінші версиясы кешен түрінде, сілтеме берілген сүрелердің толық мәтінімен, курсордың астындағы кез келген сөзге баламасын көрсететін, т.б. қосымша мүмкіндіктермен жасалып жатыр. Оның үстіне, антивирустардың жаңарғаны сияқты — толықтырулар мен түзетулерді программа өз бетінше автоматты түрде алып отыратын болады.
Бұл программада негізінен болжалды контингенттің компьютер біліктілігі ескеріліп жасалған. Сондықтан кітап структурасын айна-қатесіз қайталау мақсаты болды.
AKY
Кейбір сөздер екі-екіден шығып тұр, және кей сөздерден туындайтын сұрақтары жоқ та, бірақ ол туралы ақндай сүреде жазылғаны көрініп тұр.
technosyndrom
Дұрыс байқағансыз. Бірақ ол сөздер синонимдер деп түсіндірді молдекең, Құрани анықтамалары тіпті түрлі екен.
Туындайтын сұрақтары жоқтарда — тікелей нысанға байланысты сүрелер ғана көрсетілген.

Назарыңызға рахмет!
asaubota
бұл әлі тест режимінде ме әлде жұртқа көрсете берейік пе?
technosyndrom
Жоқ, бұл кітап бойынша — толық дайын түрі. Әрине көрсете беруге болады.
Armanjan
«Ат айналып қазығын табад» деуші ед, сол рас болғаны ма сонда
Adiletshu
не туралы айтып жатсың?
Armanjan
Әлгі анау қырстиан ағамыз мұсылманшылыққа бет бұрып жатыр ма деген таңданысым ғой
AKA
Рахмет, жүктеп алдым. Өте ыңғайлы, АРБ!  Соңындағы "қараңыз" деген не үшін?
Соңғы түзету:
technosyndrom
Назарыңызға рахмет.

Соңында тұратын "Қараңыз: " деген — егер туындаған сұрақ бойынша басқа нысандарда да тікелей немесе жанама жауаптар болған жағдайда шығады:
"Қараңыз" туралы
Соңғы түзету:
rakisheva
Жақсы анықтамалық екен. Android нұсқасын қайдан жүктеп алуға болады?
technosyndrom
Қызығушылық танытқаныңызға рахмет.
Қазір сіз сұрап отырған Android пен бірқатар басқа да жүйелерге арналған нұсқалар тереңдетілген тесттен өту кезеңінде. Басқасы — басқа, бірақ діни тақырыптағы программаны толыққанды, аса үлкен жүктемемен тексеріп барып жіберейік деген ой болып еді. Жақын арада жарық көріп қалар. Қазіргі жұмыс кестесімен — 2-3 аптада дайын болады деген дәме бар.
patick
«машаллаһ» дегенді ешкім айтпапты
konvict
Керемет! Қолыңыз дерт көрмесін!
beka95
Дін басқармасынан тексеруден өтілгенба?